Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз,
сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм.
Орындаған: Балғанбай Ж.
Тексерген: Омарбеков.Е.О.
Топ: БЛ-309
Семей 2015ж.
Жоспар
I.Кіріспе
1.Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы.
II.Негізгі бөлім
2.1 Симбиоз.
2.2 Комменсализм
2.3 Метабиоз.
2.4 Сателлизм
2.5 Синергизм.
2.6 Антогонизм.
2.7 Вирогения.
2.8 Мутуализм.
2.9 Паразитизм.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Микроорганизмдердің өзара қарым-
қатынасы.
Табиғатта ешқандай шекара жоқ, онда бәрі де бір-
бірімен байланысты және өзара тәуелді болып келеді.
Тіршілік иелері тұрақты экологиялық жүйеге-
биоценоздарға біріктірілген. Олардың әрқайсысы үшін
популяцияның түрлік және сандық қатынасы,
құрылым, өзара қатынас және басқа да белгілер тән.
Әр түрлі ценоздардың ішінде табиғатта
микробиоценоздар – микроорганизмдердің
қауымдастығы үлкен орын алады. Олардың және басқа
тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара
қатынастар бар. Бұл қатынастар симбиоз,
комменсализм, метабиоз, сателлизм, синергизм,
антогонизм және тағы басқа түрлерде байқалынады.
Симбиоз.
Симбиоз (грекше symbіosіs
— бірігіп тіршілік ету) — екі
түрге жататын
организмдердің ұзақ уақыт
немесе тұрақты түрде өзара
пайдалы тіршілік етуі.
Симбиоз терминін 1879 ж.
неміс ботанигі А. Де Бари
(1831 — 88) ұсынды.
Симбиоз жануарлар мен
өсімдіктер арасында жиі
байқалады. Организмдер
үшін бірігіп тіршілік ету
жеке-жеке тіршілік етуге
қарағанда анағұрлым
пайдалы. Олардың
қоршаған ортамен қарым-
қатынасы және одан
келетін пайдасы осы
симбиоз арқылы
қалыптасады.
Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі —
организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен,
әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы
қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді.
Облигатты түрі — симбиоз құрған екі организмнің бір-
бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі
тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы
— қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез
процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп,
өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас
өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп
тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп,
өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім
береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге
қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз
жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян
актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен
симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін
организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере
отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі.
Комменсализм.
Комменсализм.
Микробтардың басқа организмдермен бірігіп
өмір сүруінің түрі. Бұл жағдайда бір организм
өзіне қоректік зат ретінде басқа организмді
немесе оның бөлетін заттарын пайдаланады.
Комменсалдарға асқорыту және тыныс алу
жолдарында, теріде тіршілік ететін
жануарлардың қалыпты микрофлорасы,
сондай-ақ өсімдіктердің эпифиттік микробтары
жатады.
Комменсализм– екi түр арасындағы қарым-қатынас,
мұнда бiр түр өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек
немесе мекен-жай тауып бередi. Комменсализмде бiр түрдi
екiншiсi оған зиян келтiрмей бiржақты пайдаланады.
Мысалы, арыстанның немесе жолбарыстың жеген
қорегiнiң қалдығымен соңынан басқа аңдар (гиендер)
қоректенедi. lрi акулалардың комменсалы ұсақ балықтар
болып есептеледi. Сол сияқты құстардың ұясында,
кемiрушiлердiң iндерiнде буынаяқтылар өмiр сүріп, сол
жерден өзіне тағам, қолайлы микроклимат табады.
Комменсализм табиғатқа өте пайдалы, себебi түрлер
тығыз өмiр сүрiп үйренедi және ортаны, қоректi толық
пайдаланыды.
Метабиоз.
Метабиоз.
Микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүру
барысында түзілетін өнімдерді пайдаланып,
олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады
(аммонификаторлар мен нитрификаторлардың,
целлюлоза ыдыратушы және азот бекітуші
бактериялардың бірігіп тіршілік етуі.)
Нитрификаторлар шіру микробтарының
тіршілік теу барысында бөлетін өнімдерін
аммиакка дейін тотықтырады, ал азотобактер
клетчатка ыдырағанда түзілетін органикалық
қышқылдарды қоректік зат ретінде
пайдаланады.
Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін
пайдаланатын микроорганизмдердің өзара
қатынасы. Метабиоз – микроағза түрлері
арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік
өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен
сипатталатын, олардың өзара қатынастық
қалыптары.Метабиозға нитрифицирлеуші
бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-
аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның
тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.
Сателлизм.
Бір микроорганизмдерінің тіршілік әрекетінің
нәтижесінде түзілген өнімдері екінші
микроорганизмнің өсуін ынталандырып, оған
серіктес болуы. Азотобактериялар бөлетін
витаминдер және басқа биологиялық белсенді
заттар органикалық фосфорды бейорганикалық
түрлендіретін микробтардың өсуіне қолайлы
жағдай тудырады. Ал бұл өз кезегінде жоғары
сатыдағы өсімдіктердің дамуын қамтамасыз
етеді. Дәл осындай әсерді В тобының
витаминдерін өндіретін ашытқылар басқа
микробтарға тигізе алады.
Синергизм.
Әртүрлі микробтық ассоциацияларға жататын
түрлерде байқалатын, нәтижесінде соңғы
өнімнің мөлшері көбейетін(Вас мусоіdes пен
азотобактерияларды бірге өсіргенде
өсімдіктердің өсуін қолдайтын – гетероауксин
көбейеді.) бірдей физиологиялық процесс.
Синергизм – қауымдастықтағы
физиологиялық функциясының күшеюі.
(сүтқышқылды микроорганизмдер мен
ұйытқыларда қышқыл түзуші және аромат
түзушілердің бірлесіп тіршілік етуі).Синергизм –
химиялық заттектердің өзара қарым –
қатынасының нәтижесінде бірлесіп жасаған
әрекеті. Мысалы, екі заттектің бірлесіп жасаған
әсері олардың жеке – жеке жасаған әсерінен
анағұрлым әсерлі болады. Демек, синергизм
жүйе элементтерінің байланысын
күшейтеді.Кейбір орман ауруларымен
ластағыштарды осы синергизм нәтиесінде
туындаған деуге болады.
Антогонизм.
Антогонизм – бір микробтың өнімі екінші
микробтың тіршілік етуіне кері әсерін тигізетін
қарама-қайшы қарым-қатынас. Шіру
микробтары бір ортада сүт қышқылды
бактериялармен өмір сүре алмайды, өйткені
сүт қышқылы рН-ты төмендетіп алкофильдік
микроорганизмдердің өсун тежейді. Сүрлем
дайындау, ашыту, сүт қышқылды өнімдерд
дайындау мен сақтау процестері осыған
негізделген. Микробтардың арасындағы
антогонизм табиғатта кеңінен таралған. Адам
микроорганизмдердің осы қасиетін әртүрлі
аурулардың қоздырғыштарымен күресте
пайдаланады.
Антогонизм (rp. antagonisma—күрес) — қауымдастықтың бір
өкілі екіншісінің өсуін жартылай немесе толықтай тежеуі.
Антогонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб
басқасына қолайсыз әсер етіп, оның зақымдалуына, тіпті жойылуына
әкеледі. Антогонист –микроорганизмдер топырақта͵ суда және адам
организмі мен жануарларда кең таралған. Адамның тоқ ішегінің
қалыпты микрофлорасының өкілдері-бифидобактериялар,
лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және
шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік белсенділігі жо ғары.
Антогонистік өзара қатынастың механизмі әртүрлі. Антогонизмнің
кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-
антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді.
Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею,
бактериоциндер, соның ішінде колициндер өндіру, органикалық
қышқылдар өндіру және ортаның рН-ын өзгертетін өнімдерді түзу
т.б.Антагонизм негізінде қорек көзіне бәсекелестік түрінде дамуы
мүмкін антагонист микроорганизм үдемелі дамып, қоректік заттарды
азайту арқылы басқа микробтардың өсуін тежейді.
Вирогения.
Қожайын – жасушаны лизогендейтін фаг
ұтсамды фаг деп аталады. Лизогения кезінде
бактерия профаг жағдайында болып,
бактериялдық жасуша өлмейді. Профаг –
бактерия хромосомасымен біріккен вирус
геномы. Профагтың вирулентті фагтың
геномынан айырмашылығы – оның
бактерияның ДНК бөлшегі ретінде өндіріліп,
онымен бір уақытта репликациялануында.
Мутуали
зм.
Мутуализм.
Мутуализм (латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті
жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-
бірінсіз атқара алмауы. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-
бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз
тіршілік ете алмайды. Бір организмнің екінші организмнің
ішінде тіршілік етуі – мутуализмнің ең тығыз формасы болып
табылады. Осының таңғаларлық мысалы ретінде сиырдың және
басқа да күйісті жануарлардың ас қорыту жүйесін келтіруге
болады. Сиырлар да адам сияқты көп мөлшерде өсімдіктерде
болатын целлюлозаны қорытуға мүмкіндігі жоқ. Бірақ күйісті
айрықша орган – рубец болады. Ол өзімен көп микробтар
тұратын қуысты айқындайды. Өсімдіктің асы, оны жануар
шайнағаннан кейін, рубецке түседі және онда барлық микробтар
целлюлозаны бұзады. Жануар оны құсып тастауына болады
және қайтадан жартылай жарықшақты асты шайнай алады –
сиырлар да өзінің күйісін шайнаған кезде тура осылай жасайды.
Сиырдың рубеці – көптеген әртүрлі шағын организмдерден
құралатын, шағын жабық экожүйе. Оның басты мақсаты өзінің
иесіне целлюлозаны қайта жаңарту болып табылады. Мутализм
онымен қоса «қатты» және «жұмсақ» бола алады. Бірінші
жағдайда ынтымақтастық екі серіктестіктерге де өте маңызды,
ал екінші қатынаста екі жаққа да факультативті болып
Мутуализм
Ішек симбионттары шайнау малдарының
асқазанындағы ірі азықтардың қортылуына
қатысады.
Паразитизм.
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) —
белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір
организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде
пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе
эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін,
ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп
аталады. Паразитизм вирустар мен
бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында
да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-
ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын
«кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы,
қарапайымдардан споровиктер, жалпақ
құрттардан трематодалар, моногенеялар,
цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен
биттер, т.б.
Әртүрлі өлшемді және әртүрлә құрылысты
Қорытынды
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір
қарым-катынастар қалыптасады. Оның негізі
қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі.
Десе де, организмдер арасындағы кеңістік
қарым-катынастар да негізгі рөл атқарады.
Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен
жануарлар арасында болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев, Р.Ж.Мықтыбаева
«Ветеринарлық санитарлық микробиология»
Алматы, 2008 ж.
2. Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиология
және иммунология» оқу құралы. Алматы, 2008ж.
3. Н.Шоқанов «Микробиология» Алматы, 1997 ж.
4. А.Бұлашев, Ө.Таубаев,Ж.Сұраншиев,
К.Мырзабаев «Микробиология» Астана,2014ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz