Қазақстанның ұлттық валютасы, пайда болуы және дамуы туралы ақпарат



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақстанның ұлттық валютасы, пайда болуы және дамуы.
Орындаған: Манасова А. Т.
Тексерген: Қуантқан Б.
Семей, 2015

Ұлттық валюта тарихы. . .
Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. Себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады. Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар. 1992 - 1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де инфляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы және де оның тарихы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртқы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990 - 1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.

Ұлттық валютаның енгізілуі
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев

Суретшілер, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері республиканың халық депутаты Темір Сүлейменовтың маңына топтасты. Өз міндеттерін олар тамаша орындады. Біздің еліміз өз валютамыздың енгізілуіне ұзақ уақыт қарсы болған Халықаралық валюта қорымен бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Ең ақыры олар тек 1993 жылдағы жаздың аяқ шенінде ғана өздерінің көзқарастарын өзгертті. Қазақстандағы ХВҚ өкілдерімен келіссөздердің жай-күіне қарамастан, теңгемен жұмыс толыққанды жалғаса берді. Алайда, оны Англия басып шығаратынын білгеннен соң олар кенеттен жасырын қысым жасай бастады, бірақ еш нәтиже бермеді.
Қағаз тиындарды жасау - төл валютамызды енгізу жөніндегі үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана оларды әрдайым Англияда басып, ақшаны ұшақпен әкелетін. Бұл мәселені түбегейлі шешу керек болған. Солай, 1994 жылдың 22- сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі мен ағылшындық «Томас Делару» компаниясы арасында банкноттық фабрика үшін техника мен технологияны жеткізілмдеу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Осы компания банкнот өндіріс жөнінде әлемдегі ең ірі жекеменшік кәсіпорын екендігін бәрі біле бермейді және де ол ақша басу үшін 95 пайызға дейін шығарды.
1995 жылдың 29-сәуірінде бүкіл технологиялық желіні сынамалық іске қосу жүргізілді. Келісім - шартқа қол қою тұсынан 12 ай құрылыс жұмысы басталғаннан 9 ай өтті. Нысан 2 есе жылдам салынды. 1995 жылы 19 мамырда лентасын ҚР Президентң Н. Ә. Назарбаев республиканың жоғарғы басшылары мен «Томас Делару» компаниясының президенті Джерими Маршалдың көзінше қиды. Содан бері теңге Қазақстанда басылып шығарылатын
.

Хронологиясы
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған) .
Кейіннен айналысқа:
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны) ;
1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

Хронологиясы. .
2001 жылы:
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген) ;
2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) ;
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) .
2002 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
2003 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
2006 жылы:
200, 500, 1000, 2000, 5000 және 1 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн) .

Айтулы іс-шараларға байланысты туындаған банкноттар. . .

Үздіктер. . . .
17 мамыр. BAQ. KZ - Халықаралық банкнота қоғамдастығы (IBNS) Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстанның ескерткіш банкнотасын «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп таныды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz