Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті мен психикалық дамуы: мотивация, дағдылар және таяудағы даму аймағы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №12 №13

Орындаған : Фазымова А. Ж.

Тексерген :Кулмышева Н. А.

Семей 2015

Slide 2

Жоспар:

1. Мектеп жасына дейінгі баланың мінез - құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.

2. Іс-әркеттердің бала психикасының дамуына тигізетін әсері.

Slide 3

«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.

Slide 4

Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д. Б. Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:

Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;

Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;

Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;

Slide 5

Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері ( сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу) .

Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.

Slide 6

Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.

Slide 7

Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды суреттеулеріне олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне күштері жетіңкіремейді.

Slide 8

Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады. Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу, еңбек ету қабілетін иемденеді.

Slide 9

Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық нәрсені өз бетімен жасайтын болады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балада ең бастысы тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді. Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.

Slide 10

Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:

Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

Slide 11

Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан - ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.

Slide 12

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. В. С. Мухина мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 1986 ж


Ұқсас жұмыстар
1-3 жас аралығындағы баланың психикалық дамуы: үйретудің жетекші рөлі мен таяудағы даму аймағы
Мектепке дейінгі жастағы баланың даму талаптары мен тәрбиелік әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық дамуы: теориялық негіздері мен қазіргі кездегі мәселелері
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісі, ес және қиял қабілеттерінің дамуы
Психикалық даму мен оқытудың өзара байланысы: Выготский теориясы және жақын даму аймағы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: тарихи-теориялық негіздер және психологиялық дайындық
Туғаннан мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму кезеңдері мен дағдарыстары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік және сенсорлық дамуы
Мәдени-гигиеналық дағдылар мен өзін-өзі қызмет етуді қалыптастыру: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу
Тілді меңгерудегі сөйлеу іс-әрекеті мен жас ерекшеліктер психологиясы: даму сатылары мен теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz