М.Әуезов қазақ театрының негізін қалаушы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тақырыбы: М. Әуезов қазақ театрының негізін қалаушы Дайындаған:Тілепбергенова Г. Д. Тексерген:Ақтанова А. С

Мұхтар Әуезов көрнекті совет жазушысы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазак ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым кайраткері. Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрьде Семей уезі Шынғыс болысында көшпенді орта шаруа семьясында туған. Жас баланың алғаш арабша сауатын ашқан атасы Әуез еді. 1906 жылы ағасы Қасымбек Семейге алып келеді де, әуелі өзі орысша үйретіп, бес кластық қалалық училищеге орналастырады. Оны бітіргеннен кейін М. О. Әуезов Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқуға туседі. Жазушының творчествалық жолы 1917 жылдан басталған. Сол жылы жазылған тұңғыш пьесасы «Еңлік-Қебек» ауыл жастарының күшімен Абай елі жайлауында киіз үйде қойылып, ғұмырында сахна өнерін қызықтап көрмеген кыр қазақтарын куанышқа кенелткен еді. М. Әуезов 1918 жылдан бастап, семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ негізінен жалпы мәдениет, педагогика, ағартушылық тақырыптарында өзінік тырнақалды мақалаларымен мерзімді баспасөзге белсене қатысады. 1918-1919 жылдары жазылған «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесалары ел арасына колжазба күйінде тарап, Қазақстанда революцияның алғашқы жылдарында жастар драма үйірмелерінің репертуарларынан кең орын алған.

Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.
Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде.

Мұнымен қатар, елдің болымсыз ойынынан, болымсыз күлдіргі әңгімелерінен, ертегі жырларынан шыққан кішкене театрларды алсақ, олар заман озған сайын буын-буын болып тұрған ірі жазушылардың тартуына ілініп, бәйгіге қосылған аттай ілгерілеп, алды ашыла берген, ел тіршілігінің дәл өз топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі заманның ірі жазушыларына бет-бағыт белгілеп бергендей болды. Қай елдің жазушысы болса да, драмаларында алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін, мінез жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен болымсыз ойын-сауықтан шыққан кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған уақытына шейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы, қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол ұстасып қатар отырды. Барлық салт театрының бетімен жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел.

Енді осы жайды еске алып, қазақ қалпына келсек, бізде жасалып, қалыптанып тұрған театр жоқ. Театрдың орнында әзірше бірнеше сұрау тұр. Қазақтың өз театры бола ма? Өз театры боларлық мүмкіндігі бар ма? Келешегі қандай? Болса қандай театр болмақ? Онан соңғы ақырғы сұрау: қазақ театрының бүгінгі күйін қандай деп білеміз? Бұл сұрау қазіргі театр мен қазірде көзге көрініп жүрген пьесалар, онан соң артистер жайына тиісті сұрау болады. Мәселенің шешуін: «Қазақтың өз театры бола ма?» - деген сұрақтан бастайық. Бұған ұзақ жауап қажет емес; болуына керек, болады дейміз. Себебі барлық ел мен қауым тіршілігінің үлкен шарты - өнер. Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауым, қандай тапты алсақ та қаны мен жанының суретін өнер айнасына түсірмей отыра алмайды. Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді. Күн шуақты, жылы күнді көрмей қуарып солған гүлдей болып семіп, суалады. Сондықтан театр өнер есебінде: «Керек-керек!» - дейміз.

Бұл сұрақтың екінші буыны: «Өз театры бола ма?» - деген мәселе. Мұның жауабын да ойланбай-ақ беруге болады. Өз театры болуға керек. Себебі өнер атаулының барлығында қай елде, қай түрде туса да сол өз ортасының шартынан, өз топырағының қалпынан туады. Сол ортасының түйінін киіп, соның іші-бауырынан шыққан суреті сияқты болып туады. Өнердің ғылымнан айырылатын жері де - осы. Ғылым анайы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған қарағанда, өнер қаны, жаны бар денелі зат сияқты. Бұл анасының ұрпағы болып қана туа алады. Солай болып туа алса ғана өсіп-өніп дәурен сүреді. Елінің тонын киіп, елінің өз исімен шықпаса, өнер ерте күннен өрістен айрылып, тығырыққа қамалып, өлімге қарай бас иді деу керек. Сондықтан қай ел болса да, өз өнері әлсіз, көріксіз болса да, өзгенікінен артық көреді; өзгенің алтынына өзінің қара темірін айырбастамайды. Расында ойланып көрсек, Бетховеннің сонаталарына қазақ «Саймақтың сары өзенін» сатар ма еді? Рафаэльдің Мадоннасы, Репиннің суреттері қазақ топырағына келсе, өз жеріндей ұғылып, өз еліндегідей көрген жұртты еліктірер ме еді? Не болмаса, Шекспирдің «Гамлетіне», Гетенің «Фаустына» қазақ өз елінде болған, заман шерін айтқан Асанқайғыны, толғау айтқан Бұқар жырауды айырбастар ма екен.

Рас, бір заманда осының бәрін қазақ та өзгелердей ұғатын болар. Бірақ елді сол заманға жеткізетін, сол санаға шейін жетектеп апаратын өз өнері болады. Әзірше әлгінің бәріне қазақ өзінің қолындағысын айырбастамайды дейміз. Себебі оның бәрі - өнер. Өнер - елдің бел баласы. Қарға баласын аппағым десе, қазақ та өз өнерін аппағым, асылым, үміт, қуанышым дейді. Олай болса театр өнеріне келгенде біз өзге елден алсақ, сыртқы үлгіні ғана аламыз. Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке бірдей заңын, өлшеуін ғана аламыз. Солардан басқа өнердің жаны мен денесі боларлық бұйымның барлығын өз елімізден, өз етімізден өз пішініміз сияқты қылып шығарамыз. Сол себепті қазақ театры қазақ елінің өз театры болуға керек дейміз. Театр жайында бүгінгі күнде біздің алдымызда тұрған екінші сұрақ: «Қазақтың өз театры боларлық мүмкіндігі бар ма?» - деген мәселе. Қазірде, театр әңгімесін жаңа қолға алып, отырған жерде біздің ең көп қадалып қарайтын мәселеміз осы. Театрдың кіндік мәселесі осы болғандықтан біз енді бұл күнге шейін көп айтып келген «ел», «ел» деген еліміздің қандай жай-күйі барын тексеріп, сынап шығуымыз керек. (Мұхтар Әуезов)

Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік- Кебек» трагедиясын жасай білді. Драма заңдылықтарын жете меңгергенін танытты, оның ірге тасын қалады.

«Еңлік-Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алды.

1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді. Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік-Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz