Диатомды балдырлар: құрылымы, классификациясы, көбеюі және таралуы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Шәкәрім атындағы университет

Тақырыбы: Диатомды балдырлар

Орындаған: Маташова Назерке

Группа: БТ-407

Семей 2015ж

Slide 2

Жоспар:

Диатомды балдырлар туралы жалпы мәлімет

Диатомды балдыр класстары

Диатомды балдыр сипаттамасы

Диатомды балдырдың көбеюі

Slide 3

Диатомды балдырлар (Dіatomeae) бір клеткалы организмдердің айрықша тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі.

Slide 4

Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар.

Slide 5

Диатомды балдырлар өте майда келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы бар қорапқа ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді

Slide 6

Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай-ақ жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды

Slide 7

Қорытынды:

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында және т. б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кез Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен - каротиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады деседі.

Slide 8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

2. Интернет көздері


Ұқсас жұмыстар
Диатомды балдырлар (Diatomeae): сипаттамасы, мекен ортасы, көбеюі және классификациясы
Диатомды балдырлар: морфологиясы, көбеюі және қолданылуы
Қызыл балдырлар (Rhodophyta): құрылысы, көбеюі, классификациясы және экологиялық және экономикалық маңызы
Диатомды және эвгленалы балдырлардың жалпы сипаттамасы, көбеюі және экологиялық-экономикалық маңызы
Эвгленалар, диатомды және пирафитті балдырлардың морфологиясы, көбеюі және экологиялық-қолданбалы маңызы
Көк-жасыл балдырлар: клетка құрылысы, пигменттері, қоректенуі және көбеюі
Қоңыр балдырлар (Ламинария): классификациясы, морфологиясы, өмір циклі және қолданылуы
Балдырлар: жасушалық құрылымы, жүйесі және экологиялық-экономикалық маңызы
Лалагүлдер (Liliaceae) тұқымдасының сипаттамасы, таралуы, көбеюі және қолданылуы
Жануарлар систематикасы: қояндар, шошқалар, құндыздар және соқыр тышқандардың құрылымы, таралуы және көбеюі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz