Құ стардың тіршілігіндегі маусымдық құ былыстар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РКСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар.

Жабайы аңдарды есептеу әдістері

Орындаған:Жайсаңбаева С. Ж.

Тексерген:Мадыбекова А. С.

Семей 2015

Slide 2

Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар

Slide 3

Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар ішінде алдымен жылдық тіршілік циклге, тәуліктік және мерзімдік ырғақтарға тоқталсақ.

Құстардың жылдық тіршілік циклі. Климаттың маусымдық өзгерісі құстар тіршілігінде белгілі кезеңдік құбылыстарды тудырады. Құстардың әр түрінің тіршілігі жыл бойы бірнеше ауыспалы кезеңдерден тұрады. Оған олардың көбеюі, түлеуі, қоныс аударуы, көшуі, қыстауы, басқалар жатып, олар құстардың айқынды физиологиялық күйін сипаттайды

Slide 4

Құстардың қысқы тіршілігі. Олардың қыстауға қалған түрлер құрамы орман аумағында нашар, себебі құстардың барлығы оңтүстік ендікке ұшып кетеді. Оның ішіндегі су, батпақты қоныстанатын құстар толық кетеді. Жусан арасында қыстауға сушылқара, қоңырүйрек, өте сирек үлкен бейнеарық үйрек қалады. Бұл құстардың көбі орман құстары. Оларға құр, тоқылдақ, шекілдек, шымшық, қызыл бауыр шымшық, сарышымшық, жорғаторғай, шиқылдақ торғай, әрі жапалақтардың бірнеше түрлері және жыртқыш қырғи жатады. Шетен жемісі жақсы піскен жылы орманда қыс бойы саурауық қалады. Қыста көптеген құстар топталып, көшіп қонып тіршілік етеді.

Slide 5 Slide 6

Түрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу және кету кезектілігі. Бұл кезеңдер тұрақты жыл сайын жүргенімен. олардың өз мерзімі болады. Бірақ олар бір айға созылуы мүмкін. Алдымен кәрі еркектер ұшып келеді. Кейін аналықтармен жас құстар қайтады. Түрлі құстардың орманға ұшып келуінің өз мезгілінің бір ізділігі байқалады. 18. 03. бірінші болып ұзақ, одан кейін қара торғайлар, дала, орман бозторғайы, наурыз соңында), 1-10. 04-шұбар шымшық, ақ қаратамақ торғай, наурызек, шабындық жадырақ торғайы, қызғыш, күйкентай, кейбір жыртқыштар. 10-20. 04-өзен үйректері, шалшықшы, шағала, тырна, орман құстарынан-саурауық, көгершіндер. Сәуірдің соңы-мамыр айының басында-аққулар, қаздар, басқалар келеді. Орман аумағына құстардың жалпы келу кезеңі 2 айдан артық мезгілге созылады.

Slide 7

Құсойнақ (токование) .

Құстардың көктемде тәртібі өзгереді, олардың мінез-құлқында шұғыл өзгерістер байқалады. Қыстаған, ұшып келген құстар топтары ыдырайды, ұя салатын жерлерді мекендейді, территорияда тең бөліну байқалады, аталықтардың қарқынды құсойнағы басталады. Құсойнақ дауыс беру, әуе ойны, құсойын ұшуында, түрлі тұру кейпінде, ерекше қимылында көрінеді. Құстардың ойын түрлері өте түрліше болады. Оның биологиялық маңызы басқа жыныс түрі дарағының назарын аудару, олардың жыныстық қозуына түрткі салу

Slide 8

Кейбір құстар (құр, меңіреу құр, күжіркей) топтанып, үйірленіп Құсойнақ жасаса, енді біреулері (қырғауыл, ұлар, кекілік, қызғыш) жеке-жеке Құсойнақ салады. Құсойнақ кезінде әр түр өзіне ғана тән ерекше қимылдар жасайды. Мысалы, тырналар кәдімгідей би билесе, құрлар, меңіреу құрлардың қораздары алаңға жиналып, құрылдаған дыбыстар шығарып, бір-біріне шабуыл жасайды, қырғауылдың қоразы ыңғайлы ашық жерге шығып, қанаттарын жиі сабалап, дыбыс шығарады. Көкектердің көкектеп үн шығаруы, тоқылдақтардың “дабыл қағуы”, кептерлердің күркілдеуі, көптеген торғай тәрізді құстардың сайрауы да Құсойнақтың бір көрінісі болып табылады.

Жыртқыш құстардың шәулісі мен ұябасары аспанда өте биікке көтеріліп, төмен қарай құлдырайды, шаңқылдап дыбыс шығарып, бірін-бірі қуады. Су құстары, әсіресе, үйректердің кежегі мекиендеріне шағылысар алдында жай жүзгенде көрінбейтін әдемі түрлі түсті қауырсындарын (“айналарын”) көрсетеді. Моногамды (бір қораздың бір ғана мекиенмен шағылысуы) құстардың қоразы мекиенінің ғана жанында Құсойнақ құрады.

Slide 9 Slide 10

Балапан жабыны алмасуы. Ұрықтық мамық (балапан жұмыртқаны жарып шыққанда), кейбіреуінде ұзын, әрі басқа түске боялған балапан мамығы (күндізгі жыртқыштар, гагаралар, дауылпаз) немесе ерекше ұрпақтанудағы мамық қауырсындану, жастық (ұядағы) қауырсын және маусымдық түлеу.

Маусымдық түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон әсерінен басталады. Оның алдында қанға қалқанша без гормондары қарқынды түсе бастайды. Ол әдетте гипофизбен жыныс бездерінің белсенділігі басылғаннан кейін жүреді. Құстардың түлеуі және көбеюі бір-бірімен байланысты, әдетте бір-бірінсіз жүретін құбылыс. Түлей бастаған құс, қосымша жұмыртқа салуға қабылетсіз болады. Піштіргенде түлеу кезеңі бұзылады. Кейбір құстарда түлеу мен көбею мерзімі жартылай бірге келеді. Орман аумағындағы құстардың негізгі түлеуі 07, 08, 09 айлардың соңына келеді. Жыл бойында көптеген құстар бір (күзгі), кейде 2 (үйректер, торғай тәрізділер, басқа), тіпті 3 рет (ақ шілдер) түлейді

Slide 11

Маусымдық, немесе кезеңдік қоныс аударуы. Кезеңдік қоныс аудару деп, ұя салған жерден қыстақ орнына және кері қайтудағы құстардың көктемде және күзде үнемі қоныс аударуын атайды. Құстар мекенінде күрт қорек жетімсіздігі және қолайсыз ауа-райы болса, онда кезеңсіз қоныс аудару жүреді.

Slide 12

Жабайы аңдарды есептеу әдістері

Slide 13

Адамдардың шаруашылыққа пайдаланатын жер-суына: жер, орман, су т. б. жер бөліктері жатады да, онда мақұлықаттар мекендейді. Оларды аң аулауда, аң аулау шаруашылығын жүргізуде қолданады. Ондағы еркін жүрген жабайы аңдар мен құстар, кімнің аумағына жатпасын, аңшылық қорын құрады да, мемлекеттік меншік болып келеді. Пайдаланатын жер-су, шаруашылық жүргізу бағыттары табиғатқа, экономика жағдайларына байланысты болып, бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдарға, ғылыми мекемелердің пайдалануына бекітілген жер-су; аң аулау ережелерімен барлық тұрғындарға аң аулауына рұқсат етілген жалпы пайдаланылатын жер-су; аң аулауға жабық пайдаланылатын жер-су (қорық, қорықша, қала, өндіріс орталықтарының айналасындағы жасыл аймақтар) . Шаруашылықтар өндіріс типтері: балық аулайтын, аң аулайтын, теңіз аң ату кәсіпшілігі, аралас (балық - аң аулайтын, балық - аң ату кәсіпшілігі) деп бөлінеді.

Slide 14

Орманның аңшылыққа пайдаланылатын жер-суын түгендеу

негізіне орман өсіруді жоспарлау материалдары: 1) таксация

мәліметтері (орманды есепке алып, материалдық тұрғыдан бағалау; ағашқорын немесе пішен түсімінің шамасын анықтау) алынады; одан жоспарлаушы орманның әр жерінде азықтың, қорғаныш құралдары мәліметін толық ала алады, 2) ағаш егу жоспары жатады. Пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлауда белгіленген разрядындағы таксация бөлігінің ең аз аумағынан 3 есе көп болуы мүмкін. Сондықтан пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлаудың I разряды бойынша орманды учаскесі 3 га, ал кеспе ағаш, күйік және құла дала үшін 1, 5 га. Осы көрсеткіштер II разрядта 9 га, III - 30 га, IV - 80 га және V - 160 га болу керек. Пайдаланатын жер-судың типологиясы орман өсіруді жоспарлау жұмысы практикасында кең қолданылады. Аң аулау құрылысының негіздері, аң аулауға пайдаланатын жер-суды жіктеу. Аңшылыққа пайдаланатын жер-судың жеке типіне әдетте В. Н. Сукачев жіктеуі бойынша орман типінің тобы алынады.

Slide 15

ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі, есептеу әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 1га немесе 1 кв. км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді.

Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі.

Slide 16

Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық) . Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер) . Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар) . Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар) .


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық философия
Этнопедагогиканың зерттеулерін талдау
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері
Дербесэлектрондыесептеутехникасыныңархитектурасы
Биологиялық ырғақтарға анықтама
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Енгізу шығару порттары input/output
Жасуша және оның химиялық құрамы
Тұт көбелегінің жұмыртқасы
МАШИНАЛАР БЕКІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz