Илеу үрдісі


Slide 1

Илеу үрдісі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласынын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тексерген: Бауыржанова. А. З

Орындаған: Әнуаров С. Ә

Тобы: ТК-421

Семей 2015

Slide 2

Жоспар

Кіріспе:

Илеу және илеу үрдістері

Негізгі бөлім:

Өсімдіктермен илеу

Маймен илеу

Лайкамен илеу

Аралас илеу

Қорытынды:

Хромдап илеу.

Хромдап илеу үрдісіне әсер ететін факторлар

Slide 3

Илеу - былғары мен үлбір өндірудегі ең маңызды үрдістердің бірі болып табылады. Былғары өндірісінде бұл үрдіс өзеңнің қасиетін түбегейлі өзгертеді, оны иленген былғарыға айналдырады, ал үлбір өндірісінде өзеңнің қасиетімен бірге, ішінара түкті де өзгертеді.

Илеу үрдісі деп шикі теріден алынған жарғақтың былғарыға айналуын айтады.

Slide 4

Жарғақ қасиетін өзгертетін заттар илегіш заттар деп аталады, ал жарғақты былғарыға айналдыру мақсатында жарғақты илегіш заттар ерітіндісімен өңдеуден құрылған операция илеу деп аталады.

Илеу кезінде адсорбция үлкен роль атқарады, ол ерітіндідегі қандай да бір заттың басқа бір заттың беттік қабатында концентрацисының өзгеруін көрсетеді. Бетінде ерігіш зат концентрленетін дене адсорбент деп аталады.

Slide 5 Slide 6

Химиялық кезеңде жарғақтағы коллаген берік қосылыс түзе отырып, илегіш заттармен әсерлеседі.

Физикалық кезеңде илегіш заттар адсорбцияның әсер етуінен жарғақтың талшықты құрылымының қалыңдығына енеді, яғни талшықтың бетіне жиналады және олардың арасындағы бос кеңістікті толтырады.

Slide 7

Иленбеген былғарылар тобына пергамент (иленбеген көн) және қайыс жатады.

Пергамент - көзделген мақсатына байланысты күлденген және кептірілген немесе күлденген, күлсіздендірілген және кептірілген жарғақ болады.

Пергаментте дымқыл коллагеннің қасиеті толығымен сақталады. Кептіру кезінде жарғақтың қалыңдығының біршама азайып кетуінен пергамент жыртылуға қарсы үлкен салыстырмалы беріктікке ие болады. Өте қатты созылған пергамент ағаш затпен ұрған уақытта таза дыбыс шығарады.

Қодас, сарлық және бұқаның пергаменті тоқыма станоктарының бастырмаларын және өртке қауіпті цехтарда жұмыс істейтін машинаның тісті берілістерін дайындауда қолданылады. Бұзау және тана терісінен алынған пергамент щитті қусырмаларға, ал сиыр терісінен алынған пергамент барабандар дайындауда қолданылады.

Пергамент қаттылығымен және иілгіштігінің аздығымен ерекшеленеді. Қаттылығын төмендету үшін және иілгіштігін жоғарылату үшін оны глицеринмен майлайды.

Slide 8

Илеудің бір ванналы әдісі үш валентті хромның негізгі тұздарының сулы ерітіндісімен жарғақты бір ваннады өңдеуге негізделген, сондықтан илеудің бір ванналы әдісі деген ұғым осыған байланысты айтылған.

Илеудің бір ванналы әдісінің маңызы мынада: диффузия және хромның негізгі тұздарының коллагенмен байланысы. Мынаны ескеру қажет, негізді жоғарылатқан кезде ерітіндідегі негізгі хром тұздарының төзімділігі (тұрақтылық) азаяды, диффузия жылдамдығы төмендейді, ал байланыс күшейеді. Егер негізді төмендетсек, ерітіндідегі негізгі хром тұздарының төзімділігі, керісінше, жоғарылайды, диффузия жылдамдығы өседі, ал байланыс әлсірейді.

Илеудің бір ванналы әдісі

Slide 9

Бір ванналы илеу техникасы. Бір ванналы илеу алдын-ала дайындалған хром экстрактілерімен бір ваннада - пикел сұйықтығымен өңделген барабанда жүргізіледі. Хромдық илеу кезінде қажетті сұйықтың коэффициентін сақтау үшін, хром экстрактісін құймас бұрын өңделген пикел бөлігін құйып алу қажет.

Пикелдеу аяқталған соң барабанға хром экстрактісінің қажетті мөлшерінің жартысын құяды. Қалған бөлігін 30 мин соң құяды.

Жарғақтың қалыңдығына байланысты хром экстрактісінің негізі 39÷43 шамасында болады, сұйықтық коэффициенті 0, 7÷0, 8, илеу температурасы 18÷22°С, илеу ұзақтығы 4÷12 сағат.

Илеу аяқталған соң хромдық былғарыны барабаннан түсіріп алады, дұрыстап ашып жазады да, бір-біріне бетімен қаратып 24 сағатқа дейін жатқызып қояды. Жатқызу кезінде жарғақтың коллагенмен байланысы жалғасады және былғары иін қандырады, яғни пісіп жетіледі.

Толықтай иленбеген жартылай фабрикатты шығаруға болмайды, себебі бұл дайын өнімнің сапасына кері әсерін тигіеді.

Slide 10

Жарғақты өсімдікті илегіш заттардың судағы ерітіндісімен өңдеу операциясы өсімдіктермен илеу деп аталады.

Өсімдік илегіш заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен - қабық, тамыр, жапырақ, ұрық, ағашынан алынады, таннидтер деп аталады. Илегіш заттары - таннидтері бар өсімдіктің бөліктері өсімдік илегіш материалдар немесе илегіштер деп аталады. Өсімдік илегіш материалдардан алынатын қою сулы сығынды илегіш экстракт деп аталады.

Өсімдіктермен илеу үрдісінің маңызы мыналардан тұрады:

жарғақ қалыңдығына өсімдік таннидтерінің диффузиялануы (сіңуі) ;

таннидтердің коллагенмен адсорбциялануы және таннидтердің коллагенмен байланысуы.

Өсімдіктермен илеу

Slide 11

Тотықтандыру қабілеті бар майлардың көмегімен жарғақты илеу операциясы маймен илеу деп аталады. Илеудің бұл әдісі майлы күдері - бұғы, марал, қой және жабайы ешкі терілерінен өңделетін майлармен иленген былғары өндірісінде қолданылады. Олар аяқ киім, қолғап, галантереялық бұйымдар және әртүрлі техникалық қажет құралдар дайындауда пайдаланылады.

Майлармен илеу техникасы. Жарғақтың беттік қабатын сыпырғаннан кейін оны престе 55÷60 % ылғалдылыққа дейін 2-3 рет сығады, содан кейін барабанда екі рет майлайды және кептіргіш камераға (температура 23÷25°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95÷100%) іліп тастайды.

Маймен илеу

Slide 12 Slide 13

Аралас илеу

Өсімдік илегіш материалдар қасиеттері бойынша өзара өте қатты ерекшеленеді және оларды бір шоғырға үйлестіру илеудің кемшіліктерін жояды. Әртүрлі текті илегіштердің айырмашылығы қаттырақ, мысалы өсімдік және өсімдік емес. Әртүрлі текті илегіштер қолданылатын үрдіс аралас деп аталады.

Slide 14

илеу үрдісін тездету үшін

аралас илеудің түрлерін өздігімен қолданғанда пайда болатын жағымсыз қасиеттерді жою

былғарыға жағымды қасиеттер беру

Аралас илеу қолданылады

Slide 15

Аралас илеу үшін қолданылатын материалдар

Алдыңғы бөлімдерде берілген хромды және өсімдік илегіш материалдардан басқа аралас илеуде синтетикалық илегіштер (синтандар), сульфитцеллюлозалы экстракт және ПЛ илегіші қолданылады.

Осы илегіш заттардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне түсініктеме.

Синтетикалық илегіштер (синтандар) . Синтетикалық илегіштер дегеніміз тас көмірді шайырды құрғақ айдау арқылы әртүрлі өнімдерді химиялық өңдеу жолымен алынған жасанды органикалық қосылыстар.

Синтан АН - жасыл рең беріп тұратын қою сұр немесе қара түсті қатты зат. Құрамы мынадай: құрғақ заттар - 70 %, таннид мөлшері (жарғақ ұнтағы абсорбциялайтын заттар), абсолютті құрғақ затқа есептегенде, - 42 % төмен емес, ерімейтіндер - 0, 5 %, ерітінді рН - 1, 8÷2, 2, сапалылығы - 35÷40.

Сульфитцеллюлозалы экстракт. Бұл экстракт қағаз өндірісінің негізгі шикізаты - целлюлоза дайындауда алынатын қалдық сульфитті сілтіні химиялық өңдеу өнімі болып табылады. Целлюлоза ұнтақталған шырша ағашын биосульфит және бос күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдеу арқылы дайындалады, целлюлоза алудың әдісі сульфитті деген атқа ие, ал қалдық сілтілер сульфитті деп аталады.

Илегіш ПЛ. Бұл өнім сульфит-спирттік бардасымен тазаланып өңделген полифенолдың техникалық қоспасын конденсациялау арқылы алынады. Илегіш ПЛ қатты күйде шығарылады, қою қоңыр түсті және суда жақсы ериді.

Slide 16 Slide 17

Лайкамен илеу

Алюминийдің негізгі тұздарының сулы ерітіндісімен жарғақты илеу операциясы, ас тұзы мен бидай ұны қатысында жұмыртқаның сарысымен майлаумен қатар, лайкамен (алюминиймен) илеу деп аталады.

Лайкамен илеу қой, ешкі, жабайы ешкі, құлын және ит терілерінен ашудас лайка өндірісінде пайдаланылады.

Алюминиймен илеу үрдісінің маңызы мынада: Алюминий ашудастары ерітіндіде күкірт қышқылын және алюминий тотығының негізгі тұзын бөле отырып гидролизденеді. Соңғысы өзең коллагенімен байланысады, илегіш әсер етеді. Ас тұзы күкірт қышқылының бөлінуінің әсерінен жарғақтың ісінуіне кедергі жасайды. Ұн толықтырғыш ролін атқарады және былғарыға толықтық пен жұмсақтың береді. Жұмыртқа сарысы майлағыш әсер етеді.

Slide 18

Хромдап илеу үрдісіне әсер ететін факторлар

Хромдық тұздар концентрациясының әсер етуі

Негіздік дәрежесінің әсері

Бейтарап тұздардың әсері

1

2

3

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Теріні өңдеу
Нан өндірісіндегі қамыр илеу процесінің автоматтандыру жүйесін құру
Үгілмелі торттар
Бидай қамырын дайындау технологиясы
Массаждың түрлері
Иленген тері бұйымдарының ассортименттері
Бидай және қара бидай қамырын дайындау сxемасы
Жатыс септігінде тұрған сөзді тап
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Қамырды дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz