Ауаны тазалау әдістері




Презентация қосу
Ауаны тазалау
әдістері
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің
ең өзектісі − атмосфералық ауаны
қорғау мәселесі, өйткені ластанған ауа
экологиялық жағдайға әсер етуші негізгі
фактор. Ауаны өндірістік тастаулар мен
ластанудан қорғау – маңызды
әлеуметтік және қоғамдық мәселе.
Жыл сайын әлемде атмосфералық ауаға
200 млн т астам иіс газы, 150 млн т дейін
күкіртті газ, 50 млн. т. астам азот оксиді,
50 млн т астам әртүрлі
көмірсутегілер, 250 млн т астам
ұсақдисперсті аэрозольдер түседі.
Ауаның өндірістік тастаулармен ластануы
халық шаруашылығына елеулі
материалдық шығын әкеліп,
тұрғындардың денсаулығын нашарлатады.
Ауаны тазарту
Физикалық-химиялық әдістердің көмегімен
ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып,
оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу.
Ауаны негізінен өндіріс орындары, жылу,
қуат өндіру көздері, автокөліктер ластайды.
Сондықтан зиянды қоспалардың мөлшерін
азайту үшін әр түрлі физ.-хим. әдістер
(абсорбтау, адсорбтау, конденсаттау,
тотықтыру т. б.) қолданылады.Сонымен
қоса өсімдіктер мен ағаштарды көп өсіру
қажет.
Абсорбтау әдісі
Абсорбтау – сұйық заттың (абсорбенттің) ерітіндідегі не газдар
қоспасындағы кейбір затты өзіне сіңіруі. Әр абсорбент (мыс.
су, метанол, сұйық азот, қышқылдардың, сілтілердің және
этаноламиндердің, метан карбонаттарының сулы ерітінділері)
кейбір заттарды белгілі мөлшерде ғана сіңіре алады. Мұндай
қасиет газ қоспаларын бөлуде, тазалауда (мыс., табиғи және
мұнай газдарынан пайдалы құрамдас заттарды, крекинг және
пиролиз газдарын алу үшін, СО2 синтез-газын тазарту үшін)
немесе дайын өнімдерді алуда (мыс., HNO3 және H2SO4,
осыларға сәйкес NO2 және SO3-ны сумен А. кезінде)
қолданылады. Абсорбенттер сіңіру сыйымдылығымен (көлем
бірлігіне шаққандағы сіңірілетін зат мөлшерімен)
сипатталады. Абсорбенттің қаныққан буының қысымы төмен,
қайнау темп-расы жоғары, ал өзі арзан болу керек.
Адсорбция әдісі
Адсорбция (үстінде (на, при) және sovleo — жұтамын
(поглощаю)) — газ немесе сұйық көлемінен оның
сұйық не қатты денемен (адсорбентпен) бөліну
бетінде заттың (адсорбаттың) шоғырлануы.
Адсорбция зат бөлшектерінің (мөлекулаларының,
атомдарының, иондарының) тартылыс күші әсерінен
адсорбенттің беткі қабатында жүреді. Адсорбенттің
және мөлекулалардың адсорбаттық (атомдарының,
иондарының) өзара әрекеттесу сипатына
байланысты .Адсорбция микроэлектроникада
қолданылатын өте таза заттарды, үлдірлік
құрылымдарды алу технологиясында кеңінен
пайдаланылады
Конденсат
әдісі
Конденсат (лат. condensatus – тығыздалған,
қоюланған)
1) газдың немесе будың конденсациясы
нәтижесінде түзілетін сұйықтық;
2) мұнай химиясында – газды конденсаттың тез
қайнайтын (300°С-қа дейінгі температурада),
көмірсутектерден тұратын бөлігі.
Мұнай геологиясында: жер бетіне тән
термодинамикалық жағдайда сұйық түрінде
ұшырасатын газ қоймалжындарының түрі; 300°С
шамасында қыздырған жағдайда К.-тар
толығымен қайнай бастайды; шайырлы-
шайыртасты заттарды кіріктірмейді.
Тотығу әдісі
Тотығу реакциялары ең көп тараған реакциялардың бірі.
Бұл реакциялардан, электрондар бір атомдардан,
молекулалардан немесе иондардан басқаларға ауысады.
Тотыққан кезде атомдардың тотығу дәрежелері әрқашанда
жоғарлайды, ал тотықсыздаңғанда- төмендейді.
Тотығу- тотықсыздану реакциясын теңістіруге қолайлы екі
әдіс бар: электрондық баланс әдіс, бастапқы және соңғы
заттардың тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген
және жартылау реакция әдісі, тотықсыздандырғышты
тотықтыру процесінің және тотықтырғышты
тотықсыздандыру процесінің иондық теңдейлерін
құрастырып, одан соң оларды бір жалпы теңдеуге
біріктіруге негізделген.
Шаң ұстаушы
құрылғының
классификациясы қатты
бөлшектерді газды
фазадан бөліп алу
механизм принципіне
негізделген.
Ауа мен газды
жабыспайтын шаңнан
тазалайтын қарапайым
да кең қолданылатын
құрғақ тазартқыш
аппараттар жатады.
Осылардың қатарына
құрылымы әр түрлі Циклонның жұмыс істеу сұлбасы
циклондар жатады
Газ ағымын тазартылған және
шаңды газға бөлу үшін қолданады

Жалюзді шаң бөлуші
ЫЛҒАЛДЫ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ

Газды ылғалды тазарту
аппараттары немесе
скрубберлер кең
таралған. Көлемі 0,3 –
1,0 мкм ұсақ дисперсті
шаңнан тиімді тазартады
және де ыстық және
жарылғыш қауіпті
газдарды да шаңнан
тазарта алады. Олардың
жұмыс істеу принципі
шаң бөлшектерінің Іші қуыс, форсункалы скруббер
тамшыларға (су не
химиялық қоспа)
қонуына негізделген
Насадкалы скруббер

Полые не форсунды
скрубберлер қарапайым
болып келеді. Мұнда
шаңды газ ағымы
патрубок арқылы
сұйықтық айнасына
бағытталады. Одан кейін
шаңды газ сұйықтық
тамшыларының ағымына
қарсы көтеріледі.
Осындай түрлі аппараттар
қарсы ағым принципімен
жұмыс істейді.
Центробежді скруббер

Ылғалды тазартуға токсинді емес
не жарылғыш емес газдарды
шаңнан тазартуға центробежді
скрубберлер қолданылады.
Мұнда шаң бөлшектері
центробежді күш арқылы
сұйықтық пленкасына жіберіледі.
Сұйықтық пленкасы 0,3мм – дан
көп болмайды, ол шаң
бөлшектерімен бірге бункерге
ағады. Осындай тазартудың
тиімділігі аппарат қорабының
диаметріне, кіріс патрубоктың газ
жылдамдығына және де шаңның
дисперстілігіне байланысты
болады
Торды барботажды – көбікті шаң ұстауыш
Ылғалды шаң ұстауыштарға
барботажды – көбікті шаң
ұстауыштар жатады (31 - сурет).
Осындай аппараттарда
тазартылатын газ тор арқылы
сұйықтық қабатынан өтіп, шаң
бөлшектерінен тазарады.
Аппаратта тазартылатын газдың
жылдамдығы ұлғайған сайын (2
-2,5 м/с) көбікті қабат пайда
болып, тазару тиімділігі де өседі.
Қазіргі кездегі барботажды –
көбікті шаң ұстауыштар газды
ұсақ дисперсті шаңнан тазарту (31 - сурет).

тиімділігі 0,95 – 0,96 дейін.

Ұқсас жұмыстар
Ауаны тазалау
ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮТІНДІ ГАЗДАРЫН ФИЗИКА ХИМИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ
Пневмо - кинетикалық әдіс
Механикалық жолмен тазарту әдісі
Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары
Электролиттік әдіс
Дезинфекция түрлері, әдістері
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРЫНДА
Косметикалық операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау
АВТОКӨЛІКТЕРМЕН ЛАСТАНУЫ
Пәндер