Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі


Slide 1

Семей қаласының

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тексерген: Жакпарова Г. А

Орындаған: Асаубаева А. М Е-419 топ студенті

СӨЖ

Slide 2

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т. е. с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» - (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Slide 3

Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім - діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі - құрбандық шалу рәсімі.

Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес - ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

Slide 4

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Slide 5

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

Slide 6

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:

мәдени әрекет,

мәдени орта,

мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және

мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Slide 7

д

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Дін жайлы түсінік
Христиан діні туралы
Дін – рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Христиан дінінің тармақтары
Дін туралы түсінік
Дін және мәдениет
Мұсылман діні белгісі
Діннің бастаулары
Христиан діні
Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz