Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз



Микробиология

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті БӨЖ Тақырыбы: Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз. Орындаған: Иманақышева Ж. М. Тексерген: Омарбеков Е. О. Семей қаласы 2015 жыл

Адам ағзасының микрофлорасы

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы
Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды.

Адам ағзасындағы микроорганизмдердің екі тобы:
Тұрақты (резидентті) - микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;
Транзиторлы (уақытша) - тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды.

Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп:
-патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді.,
-иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді
-асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады,
-витаминдер синтездейді.
-Қалыпты микрофлораның кейбір өкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе өздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді, тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді.
Патогенді микробтар - “классикалық” инфекциялар қоздыра алады (іш сүзегі, тырысқақ, жерше т. б) . Бұл - транзиторлы (кездейсоқ) флора.

Қалыпты жағдайда дені сау адамның ішкі мүшелері мен тіндерінде микроорганизмдер болмайды. Оларға келесі мүшелер жатады: * ішкі мүшелер; * бас миы мен арқа жұлыны; * лимфа; * өкпе альвеоласы; * жатыр қуысы; * бүйрек; * несеп жолы мен несеп қапшығы.

Терінің қалыпты микрофлорасы
1. Тұрақты (облигатты) :
аэробты және анаэробты дифтероидтар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
тері стафилококы.
2. Факультативті (транзиторлы) :
іріңді стафилококк пен стрептококк;
фекальді стрептококк;
ішек таяқшасы, т. б.

Стафилококк пен стрептококк

Көздің қалыпты микрофлорасы (конъюнктивтер)
1. Тұрақты (облигатты) :
патогенді емес коринобактериялар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
сарциналар.
2. Транзиторлы (уақытша) :
патогенді стрептококк пен стафилококк;
микоплазмалар;
ішек бактериялары.

Тыныс алу жолдарының қалыпты микрофлорасы
1. Облигатты:
дифтериодтар;
микрококктар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
гемолитикалық емес стрептококк.
2. Факультативті:
пневмококктар;
патогенді стафилококк;
клебсиеллалар;

Құлақтың қалыпты микрофлорасы
Ортанғы құлақ
Мұнда микробтар аз мөлшерде кездеседі, себебі күкірт бактерицидті қасиетке ие.
Сыртқы құлақта тері микрофлорасы мекендейді:
стафилококктар
коринебактериялар
ашытқы
саңырауқұлақтары

Несеп жолдарының қалыпты микрофлорасы
1. Сыртқы жыныс жолдарында:
микобактериялар
патогенді емес стафилококк
дифтероидтар
кандидалар
спирохеталар
ішек микрофлорасы
2. Қынапта:
дифтероидтар
ішек бактериялары
тері стафилококы
лактобациллалар


Iшек микрофлорасы.
Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E. coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден, тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді

Асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы
Қалыпты жағдайда асқазан сұйықтығының 1 мл-де 103 шамасында микроорганизмдер кездеседі.
Облигатты микрофлорасы:
сүтқышқылды бактериялар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
сарциналар;
дифтероидтар;
стафилококктар.


Тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы
Қалыпты жағдайда тоқ ішектегі заттардың 1 г 109-1010 мөлшерінде болады. 300-ге жуық түрі кездеседі.
1. Облигатты (тұрақты) :
бактероидтар;
бифидобактериялар;
анаэробты кокктар;
лактобактериялар;
ішек таяқшасы;
энтерококктар.

2. Транзиторлы (уақытша) :
клостридиялар;
актиномицеттер;
дифтероидтар;
стафилококктар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
кандидалар;
қарапайымдылар;
зең саңырауқұлақтары.

Аш ішектің қалыпты микрофлорасы
Қалыпты жағдайда микроорганизмдер 1 мл-де 103 - 105 шамасында кездеседі.
Облигатты микрофлора басым болады:
лактобактериялар;
саңырауқұлақтар;
дифтероидтар;
энтерококктар.

Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының қызметтері:
Антагонистік - патогенді бактериялардың инактивациясы мен шектелуін қамтамасыз етеді;
Витамин түзушілік - В1, В2, В12, никотин қышқылын, пиридоксин, биотин, фолий қышқылын E. coli синтездейді.
Иммундық - аутохтондық микрофлора иммунжаттықтырушы және иммуногенді қасиеттерге ие;
Ішектегі зат алмасуына қатысуы - ішек микрофлорасы холин, өт қышқылы, май қышқылының алмасуына, несеп қышқылының метаболизміне қатысады.

Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы:
Ауыз қуысының бактериялары транзиторлы, яғни уақытша мекендеушілер болып есептелінеді. Олар:
микрококктар;
лактобактериялар;
нейссериялар;
дифтероидтар;
микоплазмалар;
коринебактериялар;
фузиморфты бактериялар.


Ауыз қуысының аэробты және анаэробты микрофлорасының құрамы келесі факторларға тәуелді:
1. Адам жасына;
2. Тістің күтіміне;
3. Тамақтануына;
4. Жеке гигиенаға.


Дисбактериоз-қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі. Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т. б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.


Дисбактериоздың пайда болу себептері:
- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.
- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.
-асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.
- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.
- стресстер және экстремальді жағдайлар.
- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.

Дисбактериоз дәрежелері
1-ші дәреже: Биоценоз құраушыларының өзгерінсіз. Индигенді флораның бір өкілінің санының сәл азаюы. Клиникалық түрде байқалмайды дисбактериоздың компенсацияланған түрі. Бұл дәрежеде диета ұсынылады.
2-ші дәреже : Индигенді микрофлораның жеке өкілдерінің санының азаюы немесе элиминациясы және транзиторлы шартты-патогенді флоралық артуы. Ішек дисфункциясы және жергілікті қабыну процесстері стоматит, ангина, энтерит және т. б тән субкомпенсаторлы дисбактериоз түрлері дамиды. Микрофлораны эубиотиктермен және диета қолданумен коррекцияланады (емделеді) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz