Қара мендуана


Slide 1

Қара мендуана

Slide 2

Жоспар

1Ботаникалық-морфологиялық сипаты

2Қара мендуананың улылығы

3 Гүлдеуі, тұқымы

4 Құрамы

5 Қолданылуы

6 Халық шаруашылығындағы маңызы

Slide 3

Алқалар тұқымдасына

қара меңдуана (белена черная - Hyoscyamus niger)

сасық меңдуана (дурман обыкновенный - Datura stramonium

белладонна(белладонна - Atropa belladonna)

Slide 4

Ботаникалық сипаты

Қара меңдуана (лат. Нyoscyamus niger) - алқалар тұқымдасы, меңдуана туысына жататын екі жылдық шөп тектес, ұнамсыз иісі бар улы өсімдік. Өсімдіктің сабағы тік, бұтақтары көп, биіктігі 20-120 см-ге дейін жетеді.

Өне бойын түгелдей жұмсақ ақ түсті, жабысқақ түк басқан. Жапырақтары жұмсақ түкті, пішіні жұмыртқа тәріздес, кезектесіп орналасқан, оның үстіңгі беті қошқыл жасыл, ал астыңғы беті сұрғылт түсті. Төменгі жапырақтары жертаған, ұзын сағақты, эллипс тәрізді. Сабақ жапырақтары қондырмалы. Гүлдері - ірілеу, бұтақшалардың ұшына таман, жапырақтарының қуысында орналасқан. Гүлінің түсі сарғыштау немесе сұрғылт ақ, күлгін, сия-көк жүйкелері бар. Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жемісі пісіп жетіледі.

Жемісі - көп тұқымды, құмыра тәрізді қорапша, қақпағы бар. Тұқымдары майда сұрғылт түсті.

Slide 5

Қара меңдуананың улылығы

Қара меңдуана - аса көп таралған, екі жылдық шөптесінөсімдік. Қара меңдуананың бір түбінің өзі орта есеппен 10 мыңдай тұқым береді. Осыншама көп тұқым күй таңдамай гүлдейді. Қара меңдуананың тұқымы өте улы. Оның жапырағын, тұқымын жеген мал мен құс уланып қалады. Дегенмен, оың иісі ұнамсыз және дәмі нашар болғандықтан, мал оны жей бермейді. Меңдуанамен адамдар, әсіресе балалар өте тез уланады. Уланған кезде жүрек қатты соғып, ентігу пайда болады, іші ауырады, құсады есінен танады. Өсімдіктің улы қасиеті ертедегі египеттіктер мен парсыларға және арабтарға белгілі болған. Тәжіктің ұлы ғалымы философ және дәрігер Ибн-Сина осыдан мың жыл бұрын «Меңдуана - у, есіртіп естен айырады, тұншықтырып, өлтіруге дейін барады» деп жазған.

Slide 6

Гүлдеуі, тұқымы

Бір өсімдік 300 мыңға жуық тұқым бере алады. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жаздық, кейде күздік дақылдарды ластайды. Тұқымдары дымқыл топырақтың таяз тереңдігіне көмілген кезде ғана көктеп шығады. Қара меңдуананың бүкіл мүшелері - жапырақтары, сабақтары, әсіресе тұқымдары улы болады.

Slide 7

Құрамы

Қара меңдуана жиі кездесетін арамшөп. Оның жапырағында, қабығында, тамырында гиосциамин, атропия, бар.

Тұқымында 34%-дай эфир майы, шайырлар, минералды тұздар болады.

Slide 8

Қолданылуы

Қара меңдуана дәрілік шикізаты және одан жасалған препараттар жүйке жүйесін тыныштандыруға, аяқ-қолдың дірілін басуға қолданылады. Өсімдік жапырағының ұнтағы "астматол" препаратының құрамына кіреді, ол кеңірдектің демікпе ауруына қарсы пайданалады. Меңдуана майы адамды тыныштандыруға, сондай-ақ ревматизм, радикулит ауруларына қарсы қолданылады. Қара меңдуанамен уланғанда жүйке жүйесінің қозуы тежеліп, әлсіреп, тынысы тарылады, ондай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Қара меңдуананың жапырақтары маталарды сарғыш жасыл түске бояйды. Қара меңдуананың тамырында, жапырағында 25% алколоидтар болады. Медицина, мал дәрігерлік саласына меңдуанадан жасалған дәрілер асқазан және ішек ауруларына, демікпеге қарсы қолданылады. «Меңдуана майын» сүйек сырқырауына, жүйке жүйесі ауруларына қарсы денеге жағады. Қара меңдуананы Украинада, Краснодар өлкесінде қолдан өсіреді. Бұл өсімдіктен жасалған дәріні дәрігердің бақылауымен ғана пайдаланған жөн.

Slide 9

Халық шаруашылығындағы маңызы

Алқалар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Алкалар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi аса кұнды көкөнiстiк өсiмдiктер. Оларға картоп, томат, баклажан, бұрыш тағы баскалар жатады. Бұл өсiмдiктердiң казiргi кезде жүздеген аудандастырылған сорттары бар. Сасық меңдуана, қара меңдуана секiлдi улы түрлерiнен дәрi жасалады.

Slide 10

Назарларыңызға

Рахмет!!!

Орындаған: Нуркенова Г. Т

Тексерген: Сағындыков С. Н

Тобы: Аг - 213


Ұқсас жұмыстар
Алқа тұқымдастар
Орталық Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік өсімдіктер
Құрамында алколоидтары бар өсімдіктер токсикологиясы
Құрамында күкірті бар эфир майлары
Арамшөптер
Гү лдің құ рылысы меи диаграммасы
Алқа тұқымдастар - кіріккенкүлтелі өсімдіктер
Алқа тұқымдастары
Арамшөптермен күресу шаралары
Дәрілік гүлді өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz