Оқыту әдістері мен құралжабдықтары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

CӨЖ
Тақырыбы: Оқыту әдістері мен құрал-
жабдықтары
Орындаған: Баймұханбетова К.
Т-413 тобы

Семей, 2015ж
Жоспары:
1. Оқу әдісі,тәсілі және ережелері
түсінігі
2. Оқу әдістерін топтастыру
3. Оқыту әдістерінің жіктемесі
4. Оқу құрал-жабдықтары
5. Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді
таңдауы
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім
алушылардың ретке келтірілген өзара
байланысты іс-әрекеттерінің оқу
үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және
дамыту міндеттерді шешуге
бағытталған іс-әрекет түрі.
Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде
үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші,
ынталандырушы (мотивациялық) және
бақылау-түзетушілік қызметтерді
атқарады.
Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды
дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың
бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-
қатынасының тәсіл-амалдары — деген де пікір
айтылады.
Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың
бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың
өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және
таным процесін жетілдіру.
Оқыту үрдісінде оқушыларға ғылым негіздеріне
сай терең де тиянақты білім беру, оларды
адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту
міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету
тәсілдері, амалдары мен құралдарының
біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
2. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды
топтастыру
Оқыту әдістері педагогика саласында талас
тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып
табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту
әдістерінің анықтамасы және оларды
топтастыру мәселесінде ортақ пікір
қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. Й.
Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина,
Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту
әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр
түрлі негізде топтастыруды ұсынады. Ғылыми
педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың
жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.
Н. Скаткин, И. Я. Лернер):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктивтік әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына
қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина);
- жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
- Техникалық құралдармен жүмыс істеу әдісі;
- Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру әдісі;
- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Түтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне
қарай (Ю. К. Бабанский):
- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау
әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.
Г. Лемберг):
- ауызша баяңдау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің
ерекшеліктеріне қарай (В. Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - білім берудің көздеріне
сәйкес (И. Т. Огородников.С. И. Перовский, Е. Я. Голанг):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тежірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша
баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып
табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде
көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер
болып есептелінеді т.с.с.
Оқыту құралдары -
мұғалімге оқытуда
көмектесетін аспаптар мен
деректер, яғни оқушылардың
танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыруға
көмектесетіндердің бәрі.
Оқыту құралдарына
мұғалімнің сөзі, оқулықтар,
оқу құралдары, кітаптар,
анықтамалық әдебиет, оқу
жабдығы мен көрнекі
құралдар, оқу киносы, радио,
дыбыс таспасы, теледидар,
т.б. техникалық құралдар,
бағдарламалық оқытудың
арнаулы құралдары -
бағдарламалық оқулықтар,
оқу құралы, үйрететін
машиналар жатады.
4. Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді таңдай білуі
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі
болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып,
оқытудың жана формалары мен тәсілдерін меңгеру
қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі. Алайда, оқыту әдісін қайта құру — күрделі
процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты
асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен
жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі
әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының
мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық
дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін
ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі
таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі
шарттарға байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне,
окушылардың жас және таным әрекетінің
ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника
құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы,
оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс
орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл
мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге,
табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару
жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық
сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты
шараларды іске асыру.
Оқыту әдістерін таңдау кезінде төмендегідей
критерилерді басшылыққа алу керек:
1) әдістердің оқыту мақсаты мен міндеттеріне
сай келуі;
2) әдістердің оқыту принциптеріне сай келуі;
3) әдістердің оқылатын тақырыптың
мазмұнына сай келуі;
4) әдістердің студенттердің оқу
мүмкіндіктеріне сай келуі: жас ерекшелігі,
физикалық дамуы, психикалық дамуы,
дайындық деңгейі (білімділігі, тәрбиелілігі
және дамуы); студент топтарының
ерекшеліктері;
5) әдістердің техникалық жағдайлар мен оқу
үшін бөлінген уақытқа сәйкестігі;
6) әдістердің оқытушының мүмкіндіктеріне сай
келуі, оның ішінде теориялық және
практикалық жағынан даярлығы, оқытушының
жеке бас қасиеттері және т.б..
т т е р:
д еб ие
а н ә
ы л ғ а лпы 011ж
а ла н « Ж 2
й д е в т ы
Па Б Баба А л ма
. С . и к а »
1 аго г С.Б в а
п е д е в, р о
Ә би ұд ия
Ж .Ә .М Қ т і к-
2. а е в ,А у м е т у ты
Ба б әл е сти т
ы н » қ и н
« Д а р р л ы
а н и та
гум
0 0 4 ж
р ла р ы ң ы з ғ
Наз а
а рах м е т !! !

Ұқсас жұмыстар
Арқанды алқа
Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Оқытудың белсенді әдістері
Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Оқыту әдістері ( СӨЖ )
Оқыту - қоғамдық қүбылыс
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқыту әдістерінің мәні
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Биологияны оқыту әдістері
Пәндер