Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы : Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі
Орындаған : ТК- 421 тобының студенті Зарипов Асхат
Тексерген : Бауыржанова Айгул Заманбековна
Семей 2015

Былғары өндірісінде илеу үшін кеңінен қолданылатын илегіштер - хромның, цирконийдің титанның негізгі тұздары, таннидтер және синтетикалық илегіштер болып табылады, ал мех өңдірісінде хромның негізгі тұздары, формальдегид, алюминий тұздары.
Илеу - өте күрделі химиялық процесс. Оны уақтылы бақылау жоғары сапалы былғары және мех алуға себебін тигізеді. Илеуді қате жүргізу мынадай ақауларға алып келуі мүмкін: былғарының бетінің тырысуы, сынуы және қатты болуы, ал сонымен қатар мех былғары тінінің майысқақтық қасиетінің күрт төмендеуі.

Илеудің көптеген түрлері бар. Негізгі үш түрі: хромдық, танидтық және квасцпен илеу. Ең көп қолданатын және жақсы нәтиже беретіні - хромдық илеу.
Хромның негізгі илегіш тұздарын алу үшін, мынадай тұздар: натрий дихроматы Na2Cr2O22H2O, калий дихроматы K2Cr2O7, кейде натрий хроматы (III валентті) Na2CrO4, калий KCr(SO4) 212H2O (хром ашудасы) қолданалады.
Хромның негізгі илегіш тұздары күкірт қышқылының қатысуымен, сірке, глюкоза, глицерин, тиосульфат және т. б. қосып тотықсыздандыру арқылы алынады. Хромның негізгі илегіш тұздарын алу реакциясының теңдеуі глюкоза тотықсыздандырғыш ретінде қолданғанда мынадай болады.
4K2Cr2O2 + 12H2SO4 + C6H12O6 = 8CrOHSO4 + 4K2SO4 + 6CO2 + 14H2O

Хром илегішіне даярлау күшті газ бөліну, ерітіндінің қатты қайнап тасуы және көпіршіктенуімен бірге жүреді. Сондықтан илегіш даярлайтын ыдыстың (реактордың) көлемі, ерітіндінің көлемінен 2-3 есе үлкен болуы керек. Сонымен қатар ауа соратын желдеткіш керек. Дихроматты салмағынан 200-250% мөлшерде көп алынған суда ерітеді. Содан соң реакторға жайлап күкірт қышқылының есептелген мөлшерін құяды. Араластыра отырып, тотықсыздандырғыш ерітіндісін бірте-бірте жайлап құяды. Ерітіндіні үнемі қатты қайнаған күйінде ұстап тұру керек, әйтпесе тотықсыздану реакциясы тоқтап қалуы мүмкін. Егер реактордағы сұйықтық деңгейі жоғары қарай қатты көтеріліп кетсе, онда тотықсыздандырғышты қосуды уақытша тоқтатып, оған аз мөлшерде суық су құю кажет.

Дихроматты тотықсыздандыру кезінде ерітінді бірте-бірте қызғылт-сары түстен лайлы-сары түске ауысады, ал тотықсыздандыру процесінің соңында ерітінді хромның негізгі сульфатты комплексі қосылыстарындағыдай жасыл түске ие болады.
Тотықсыздандыру реакциясының аяқталғанын анықтау үшін былай істейді: 20 см3 20% күкірт қышқылының ерітіндісін сыйымдылығы 150-200 мл шыны ыдысқа өлшеуіш цилиидрмен құяды. Содан кейін осы ыдысқа 50 см3 крахмал ерітіндісін қосады. Крахмалды қосқан кезде ерітінді көгеріп кетпеуі керек. Егерде ерітінді көгерсе, оған 0, 01н. натрий тиосульфаты Na2S2O3 ерітіндісін бояуы жойылтанға дейін қосады. Содан кейін шыны таяқшамен 2-3 тамшы сыналатын хром илегішін жоғарыда даярланған дихромат бар болса, ерітінді көк түске боялады.

Сұйық хром илегіштерін талдау. Хром илегіштерін даярлау ондағы дихроматтың толық тотықсызданғанын тексергеннен кейін 1 күнге қалдырылады. Содан соң хромның 1 мөлшерін, оның тотығына есептей отырып анықтайды. Сонымен бірге негізділігін, лайлану санын, олификация дәрежесін және кешендік ионының зарядының белгісін анықтайды.
Өндірісте ең алдымен алғашқы екі көрсеткішті талдайды. Хромның (Ш) мөлшерін оның тотығына есептей отырып, титрлеу арқылы анықтау кезінде, алдымен ареометрдің көмегімен сыналатын хром илегішті ерітіндісінің тығыздығын анықтайды. Хром илегіштерінің бастапқы тығыздығына байланысты сұйықтар үшін керекті мәліметтер төмендегі кестеде берілген.

Сыналатын хром илегішінің тығыздығы, г/см
Бастапқы хром илегішінің көлемі, см
Шыны ыдыстың сыйымдылығы, мл
1, 384
10
500
1, 263
20
500
1, 163
20
200
1075-1, 116
50
250
1, 0395
Араластырылмаған ертінді (тазартылған)
-
250

Құрғақ хром илегіштерін талдау. Илегіш ерітіндіні даярлау үшін 10 грамға жуық құрғақ илегішті 0, 0002 г абсолютті қателігімен өлшейді, содан кейін сыйымдылығы 300 мл стаканға салып 60-70°С темератураға дейін қыздырылған 30-40 см3 суда, 40 мин аралығында шайқап отырып, ерітеді. Ерітіндіні, сыйымдылығы 500 мл өлшемі бар шыны ыдысқа, алдын-ала кептірілген және өлшенген, диаметр 12 см "ақ лента" сүзгісі арқылы сүзеді.
Сүзгіні, 70°С қыздырылған таза сумен шайып, одан суда ерімейтін қалдықтарды анықтайды. Шыны ыдыстың ішіндегі сүзілген және шайынды суларды суытады, олардың көлемін сумен белгіге дейін жеткізіп ұқыпты түрде шайқайды (1-ерітінді) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz