Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері




Презентация қосу
Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері
А.Н.Протасов бойынша: «Екпе ормандар типі –
жекелеген басты ағаш түрлерінен жасанды екпе
ағаш құру тәсілдерін, топырақ дайындау
тәсілдерінің бірлестігін, түрлер құрамының
біртектігін, оларды араластыру сүлбелерін,
екпелердің аумағы мен жиілігіне қарай
орналастыруды анықтайды
Орманның табиғи жаңаруы
адамның қатысуынсыз жүреді.
Табиғи жаңарған ормандар
төзімді, тиімді, ұзақ өмір сүретін,
бірақ әрқашан әр түрлі
жағдайлар типінде бола
бермейді. Жиі ұзақ мерзімге
созылып және сирек болса да
шаруашылық-бағалы түрлер
салыстырмалы аз бағалы
түрлерге ауысып отырады
Орманның жасанды жаңаруы тұқым себу
немесе екпе орман отырғызу материалының бір
түрін, яғни орман ағаш және бұта түрлерінің
көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.
Артықшылығы: ағаштарды отырғызу
орындарын орналастырудың бірдей болуы, тез
өсетін және біртекті екпелер, өндірістік бағытта
болуы мен кесу жасы ерте болуында
Екпе орман отырғызылған участок
Алдын-ала отырғызылатын екпе
ормандар – бұл екпелер, жақын
жылдарда кесілетін, пісіп-
жетілген екпе ағаштарды
ауыстыру үшін құрылады.
Бұндай екпелерді қалыптастыру
піскен ағаштардың шымылдық
астында, ал кейде пісіп келе
жатқан екпе ағаштарда
жүргізіледі
Ағашы кесілген және өртенген аумақтағы келесі
екпелер - басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ
немесе жаңаруы өте нашар, ағашы кесілген кеспе
ағашта құрылады және өсіріледі. Келесі екпелер екі
типпен құрылады: жарым-жартылай – жолақтап,
қарықтап, алаңшалап болса, жаппай – ағаш
түбірлерінен алдын-ала тазартылған учаскелер мен
ағаш және бұталы өсімдіктерден таза аумақтар
жатады
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру - бұл кезде
екпелер ормансыз аумақтарда – ауыл шаруашылығына
жарамды жерлерде, жайылымдықтарда, ашық далада
және т.б. жерлерде құрылады. Екпе орман алқабының
бұл категориясы екпе орман жұмыстарындағы
механизация кешенін толық қолдануға мүмкіндік береді.
Бірақ, бұндай алқаптарды игеру кезінде ағаш түрлерін
таңдау мен өсу орны жағдайларын міндетті түрде жақсы
білу керек
Таза екпе ормандар – бұл бір ғана ағаш немесе бұта түрінен тұратын екпелер. Оларды
көбіне бір ғана ағаш түрінің өсу жағдайына сәйкес келетін аумақтарда құрады.
Қазақстан жағдайында таза екпелерді мақсатты түрде келесі жағдайларда құрады:
Қостанай облысындағы құмдауытта өсетін қарағай ормандары мен Ертіс маңындағы
жолақты қарағай ормандарында;
шоқ қайың ормандары аймағындағы кермекті сұр топырақ пен тұщы топырақтарда;
өзен жағалауы мен тоғай ормандарындағы аллювиальды шөгінді жыныстарда (шілік
талдар);
жартылай шөп басқан құмды төмпешіктер мен шөл орманының сұр топырағы
(сексеуіл);
батыс Тянь-Шань таулы ормандарындағы оңтүстік беткей экспозицияларында (пісте,
бадам);
солтүстік Тянь-Шань тауларындағы шырша өсіруге жарамды орман өсу
жағдайларында. Бұл жерде бағыттас түрлерді өсіру нәтиже бермейді (Шренк
шыршасы);
құрғақ дала мен жартылай шөлейт аймақтардың ормандарындағы сортаң
топырақтарда (жиде, жыңғыл)
Аралас екпе ормандар – бұл екі немесе одан да көп
ағаш немесе бұта түрінен құрылған екпелер. Олар
басты және бағыттас ағаш түрлерінен тұрады,
жиі бұталармен бірге өсіріледі. Аралас екпелерді
өсіргенде көбінесе бір түрді басты деп алып, оның
екпе ағаш құрамындағы үлесі 50% кем болмау керек
Жаппай отырғызылған екпе ормандар. Жаппай отырғызылған екпелерді
құру кезінде себілген немесе отырғызылған ағаш түрлері аума ққа бірдей
орналастырылады. Өсірілген ағаш түрінен болашақта екпе а ғаш
қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Ереже бойынша, бұл екпелерді
отырғызу табиғи жаңармаған ескі ағашы кесілген ж әне а ғашы т ұтас
өртенген және түбірлерден тазартылған, сонымен бірге орман өсіру үшін
арналған учаскелерде жүргізіледі
В.Д.Огиевский (1861—1921)
– ғалым, профессор,
ормантану ғылымына өте
көп үлес қосты. Ресей
үкіметінің танымал
ормантану ғылымының
доценті.
В.Д.Огиевский бойынша кей жерлердегі жиі екпелерді
кесуде екінші деңгейдегі ағаштар мен бұталардың
шоғырлы жаңаруы үшін, араларында бос алаңқайлар мен
алқаптар қалдырылады. Кей жерлердегі жиі екпелердің 1га
кесу кезінде бос орындарға мөлшері 2х1м немесе 1,5х1,5м
болатын 300-400 алаңша дайындалады. Әрбір алаңшаға 25-
50 емен жаңғағы себіледі немесе 15-20 сеппе
отырғызылады. 10-15 жылдан кейін биотопта сирету
жүргізіліп 5 ең жақсы өскені қалдырылса, болашақта 1-2
толық дамығаны өсімдік қалады
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жайлымдық жерлердегі және егіс алқаптарындағы қорғаныш орман жолақтары
Алаптардағы екпе ағаш өсіру жұмыстары
Құрылыс карталары
Таксация
Питомник. Питомниктің тыңайтқыштары
Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды реттеудің заңдылықтары мен тенденциялары
Педагогика ғылымының әдіснамасы
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Семей орманы МОТР РММ - нің құрылу және дамуының қысқаша тарихы
НАУҚАСТАР ОЛАРДЫҢ ТУЫСҚАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ТҮРЛІ МАМАНДАРМЕН ТИІМДІ ҚАТЫНАСУДЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер