Картоп қатерлі ісігі



Картоп қатерлі ісігі
Орындаған: Сейсембинова М. О
Тексерген:Сагандыков С. Н.

Мазмұны
Картоптың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
Картоптың өсу кезеңдері
Картоптың қатерлі ісігі ауруы
Қатерлі ісік ауруының даму кезеңі
Аурудың негізгі белгілері
Қатерлі ісік ауруының түрлері
Картоптың қатерлі ісік ауруымен күресу шаралары

Картоптың биологиялық ерекшеліктері. Картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім темпера-турасы айтарлықтай жоғары емес орта кіндік аудандарда алынады. Картоп өсу процестерін топырақтың 7-8˚С-да ақырындатады, ал +25˚С-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді. Түйнектер өсуін топырақтың температурасы 4-5˚С болғанда бастайды, топырақтың температурасы көтерілген сайын, оның өсу де артады. Топырақтың қолайлы температурасы 18-20˚С болғанда, өскіндер 10-12 тәулікте көріне бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы топырақ температурасы 16-19˚С, бұл дегеніміз ауаның температурасы 21-25˚С-қа сәйкес келеді. Түйнектердің өнуі температура төмендеген сайын, тежеленеді, ал 2˚С мүлдем тоқтайды. Топырақтың жоғары температурасы өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42˚СС-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал, -1-1, 5˚ суықтық- та және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1000-1400˚С, орташа пісетіндерге 1400-1600˚С, ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-2000˚С.

Картоптың барлық өсу кезеңі шартты түрде 3 бөлімге (кезең) бөлінеді:
I кезең - көктеуден басталып гүлденуге дейін ( биомассалары өседі, түйнектің өсімі шамалы) ;
II кезең - гүлденуден бастап пәлектерінің өсуі тоқтағанша, яғни солуына дейін;
III кезең - пәлектің өсуі тоқтайды, табиғилық солу. Түйнектердің өсуі жалғасады, бірақ сондай II кезеңдегідей емес, баяу.

Картоптың қатерлі ісігі хитрид саңырауқұлағы Synchitrium endobioticum тудырады. Карантинді ауру түрі болып табылады. Еуропа, АҚШ, Канада, Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Жапония, Беларусия, Украина, Балтық теңізінің маңы, Ресей елдерінде тіркелген. Бұл ауру топырақта ылғал мөлшері (60-80%) және температура (9-19°С) жоғары деңгейде болған кезде жақсы дамиды. Ауруға төзімділігі нашар сорттарды өсірген жағдайда өнімділік көлемі 50% дейін төмендейді. Ауру әсіресе картопты монокультуралы түрде өсірген жағдайда өршиді.

Аурудың даму кезеңі 10-12 тәулікке созылады, сондықтан вегетациялық кезеңінде бірнеше ұрпақ беруі мүмкін. Қалыпты қоздырғыштардан өзге 3 қоздырғыш түрі анықталған (межгорская, раховская, буковинская), олар ауруға төзімді сорттарды зақымдауға қабілетті. Еуропа және жерорта теңізі елдерінде өсімдік қорғау ұйымдарында қабылданған халықаралық номенклатура бойынша бұл аурудың 20 астам қоздырғыштары тіркелген. Бұл инфекция қыстық зооспорангий түрінде (цист) топырақта, түйнектерде (30 жылға дейін) сақталады.

Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырынан өзге бөліктерінің барлығы залалданады. Бірақ егіс жағдайында тек түйнектері, сабағы, тамыр мойыны залалданады, түйнектері мен сабағы қатты залалданған болса өсімдіктің жерүсті бөліктері шірімейді және қалыпты көрінеді. Аурудың алғашқы фазаларында әлсіз ісік және залалданған ұлпаларының түссізденуі байқалады. Кейіннен көзшелердің жанынан ірі, етті, маржан тәрізді, түсті капустаны еске салатын өскіндер пайда болады, бұл ауру қоздырғыштарын құрайтын - вегетативті денеяғни бірклеткалы саңырауқұлақ - плазмодий, бұлпаренхималы өскін жасушалар. Өскіндер өзінің көлеміне байланысты әртүрлі болып келеді - бұршақ тәрізді көлемнен түйнектің мөлшеріне дейін үлкендікте болады, алғашында олар ашық түсті, кейіннен қоңырланып жұмсара бастайды, соңында түйнектері тез арада шіріп, толық жойылады.

Түйнектерде қатерлі ісіктің өзге де түрлері кездеседі: жапырақтәрізді (көзшелі бүршіктерден тараған), таз қотыр немесе қына тәрізді (кәдімгі таз қотыр тәрізді), кеңірдек тәрізді (құрғақшцлық жылдары кеңінен тарайды, түйнектің сырты әжімді, жұмсақ және терең әжімді), кратер тәрізді (түйнекте дөңгелек жиектері өткір, ортаңғы бөлігі ойықты келеді) . Түйнектердің сыртқы бөлігі зақымдалған жағдайда, түйнек пайда болмайды, бірақ сыртқы бөліктерінде 4-5 қатарлы алқа тәрізді өскіндер көбейеді.

Өсімдіктің жерасты бөліктері зақымдалған жағдайда ең алдымен негізгі сабақтарында және бүйір бұтақшаларында және жапырақ бетінде жасыл өскіндерпайда болады, жапырақтар залалданған жағдайда ісініп, деформацияға ұшырайды, ал соңғы бөлігі түгелдей өскінге айналып кетеді. Ауруды анықтаудың ең тиімді мерзімі - өнімді жинау кезеңі.

Картоптың қатерлі ісігі ауруы ауру жұқтырған түйнектер және залалданған топырақ арқылы таралады. Бұл ауру түрі тек түйнектермен ғана емес, ауру қалдықтары таралған топыраққа отырғызылған баданалар, тамыржемістер, көшеттер арқылы таралады. Сонымен қатар топырақ өңдейтін құралдар, адамдардың аяқ киімдері, жануарлардың тұяқтары арқылы да таралады. Кейде саңырауқұлақтардың зооспорангийлері бос сулар мен жаңбыр суларымен таралады. Жанурларды залалданған шикі картоп қалдықтарымен азықтандырған жағдайда саңырауқұлақ споралары зооспорангий түрінде жануардың ішек жолдары арқылы өтіп, аурудың жаңа ошағын тудыруы мүмкін. Карантинді шараларды дұрыс сақталмаған жағдайда залалданған жерлердің аумағы кеңіп, көп мөлшерде өнімді төмендетіп жіберуі мүмкін.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz