Картографиялық бейнелердің тәсілдері



Картографиялық бейнелердің тәсілдері.
Орындаған:Тұрғазы Жәнібек.
Топ:ГК-407.
Тексерген:Чигаева Жанар Ериковна.

Жоспар.
Изолиния тəсілі.
Ареал тəсілі.
Сапалы фон тәсілі.
Значокты тәсіл.
Нүктелі тәсіл.
Сызықтар қозғалысы.
Картограмма тәсілі.
Картодиограмма тәсілі.

Арнайы карталарда құбылыстарды бейнелеу тəсілдері құбылыстын өзінің
сипаттамасына жəне аумақ бойынша олардың орналасу негізіне байланысты
жобаланады. Арнайы көрсеткіштерді бейнелеу үшін келесі тəсілдер
қолднылады: изолиния, сапалы фон, ареал, значокты, нүктелі, сызықтар
қозғалысы, картограмма, картодиограмма.


Изолиния тəсілі.
Изолиния тəсілі картада бірқалыпты өзгеріске ұшырайтын жəне
картографияланатын аумақта үздіксіз таралатын (мысалы рельеф, температура
жəне т. б. ) құбылысты көрсетуде қолданады. Картографияланатын құбылыстын
сипаттамасын көрсету үшін құбылыстың бірдей көрсеткіш нүктелерін қосатын
арнайы қисық сызықтар жүргізеді. Ол сызықтар изолиниялар деп аталады.
Изолинияны құру үшін картада шамалары белгілі немесе берілген
құбылыстын көрсеткіштерінің қажетті пункттер саны болуы керек. Мысалы
изотерманы құру үшін температураны градуспенен білу керек, изогипсты құру
үшін - абсолютті немесе қатынасты биіктіктерді білу керек жəне т. б. Шамалары
бірдей нүктелерді сызықтармен қосу арқылы изолиниялады алады


Картаның қандай да болсын нүктелерінде құбылыстың бейнеленген
көрсеткішін анықтауға изолиния тәсілі қарастырылады.
Изолинияларды құруда мағнасы бойынша бірдей интервал қабылданса
онда изолиниялардың орналасуынан құбылыстың өзгеру мінезін оңай көруге34
болады. Изолиниялардың бір-біріне жақындауы құбылыстың айқын өзгеруін
көрсетеді, ал бір бірінен алшақтауы құбылыстың сипаттамасының шамалап
өзгеруін көрсетеді.
Мысалы: қиманың бір қалыпты болуында изогипстардың жақындауы
(горизонтальдар) беткейдің тік ылдилығын сипаттайды, ал керісінше
изогипстардың бір бірінен алшақтауы жазық беткейде биіктіктің өзгеруін
сипаттайды.

Ареал тəсілі
Қандай да бір құбылыстын таралу аумағын ареал деп атайды.
Ареал - жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер,
пайдалы қазбалар түрлері жəне т. б. ) таралған атырабы; физикалық жəне
қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мыс, биогеографияда. Ареал тірі
организм топтарының (түрдің, туыстың жəне т. б. ), экономикалық географияда
əр ауыл шаруашылығы дақылының немесе өнеркəсіп саласының таралған
атырабы жəне т. б.
Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар абсолюттік жəне
салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін
мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір территорияны қамтып жануарлардың
тығыздығын жəне өсімдіктердің түрлерін көрсетеді.

Ареалды бейнелеу тәсілі.


Қандай да бір құбылыстың ауданға таратылуы ареал деп аталады.
Картографиаланатын аумақта түгел емес орналақан құбылыстарды бейнелеу
ареал тәсілінде қолданылады. Ареалдың көмегімен мысалы, ауданда қандай да
бір халықты басқа халықтар арасында орналастыру, кең қазбалардың
орналасқан орындары, төмен не жоғары температуралы аудандарды көрсетеді.
Ареалдарды пунктирлі немесе тұтас сызықпен айқындап, ішкі аланың
штрихпен, бояумен немесе шартты белгімен толтырады. Кей кезде тек қана
штриховкамен немесе значокпен алаңды контурлайды, ареалдарды жазу
таңбасымен көрсетуге болады.


Сапалы фон тәсілі.
Құбылысты бейнелеуде аумақты түгел бір қалыпты орналастыруда
қолданылады.
Бұл тәсілде картаға құбылыстың не аланның қандай да болсын шекарасын
орналастырып әр-түрлі бояумен бояйды, қайталанатын шартты белгілермен
толтырады немесе бір-бірінен әр-түрлі штриховкамен бөледі. Сапалы фон
тәсілін көптеген арнайы карталарда қолданады. (топырақты, геологиялық,
саяси-әкімшілік, ботаникалық, экономикалық, тарихи және т. б. ) .

Значокты тәсіл.
Картада нақты орналасқан нүктелерде объектілерді бейнелеуде значокты
тәсіл қолданылады. Мұндай объектілерге елді мекен пунктері, өндірістер, кең
орындары, пристаньдар, порттар, станциалар, байланыс пунктері жатады.
Объектінің нақты орналасқан жерінде значокты орналастырады.
Значоктардың үш түрі болады:
1) геометриялық, жай геометриялық фигуралардан құрастырылған
болады (дөңгелек, квадрат, сектор, пирамида, тік бұрышты үш бұрыш,
ұшбұрыш және т. б. )
2) әріптік бейнеленетін объектінің басқы әріпінен құрылады.
3) суреттік, объекттің өзінің түрі бойынша (суреті, формасы)
бейнеленетін объектіні өзінің суретімен қандай объектінің бейнеленгенің
көрсетеді. Мысалы (труба заводты бейнелейді, конверт-поштаны, якорь -
пристаньды) .


Нүктелі тәсіл
Қандай да бір құбылыстын аумақта бір қалыпты таралмағаның көрсетуде
нүктелі тәсіл қолданылады (мысалы: егін себулерін орналастыру, малды игеру
және т. б. )
Бұл тәсілде негізгі элемент нүкте. Нүктенің өз мағынасы бар. (өлшем),
мысалы; себілетің алаңды айқындау үшін бір нүкте 1000 га ға тең, ал мал игеру
картасында 1 нүкте 100 басқа тең. Картада объектің орналасқан жерінде размері
мен мағнасы бірдей нүктені салады. Объектінің немесе құбылыстын өте көп
орналасқан жерлерінде бір - бірімен беттесіп кетпеу үшін нүктелерді таңдау
қажет.


Сызықтар қозғалысы
Карталарда сызықтар қозғалысымен аумақта әр түрлі орын ауыстыру
бейнеленеді. Физико-географиялық карталарда ол желдің бағыты немесе
теңіздің ағу бағыты болуы мүмкін, ал арнайы экономикалық карталарда -ол
груздың жылжуы, әскери жүріс жолы және т. б. . Сызықтар қозғалысы әр түрлі
размермен, түспен және суретпен стрелка болып көрсетіледі. Ал қозғалыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz