КӨ КЕНІС ЖӘ НЕ БАҚ ША ДАҚ ЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ


Slide 1

КӨКЕНІС ЖӘНЕ БАҚША

ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Сәбіз шыбыны;

Пияз шыбыны;

Бақша бітесі;

кәдімгі өрмекші кенесі;

Темекі трипсі;

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар) . Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.

Slide 4

Сәбіз шыбыны

Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы) . Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр сары түсті. Денесінің ұзындығы -7мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда), кейде көкөніс қоймаларында, тамыр жемістерінде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді . Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап калады. Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер тапырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдаңған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда, 1-2 ұрпақ береді.

Slide 5

Күресу шаралары.

Ауыспалы егісті пайдалану.

Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады.

Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім . . . » бойынша қолданылады.

Slide 6

Пияз шыбыны

Пияз шыбыны -Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы) . Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген. Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Slide 7

Күресу шаралары.

Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет (Қосымша) .

Slide 8

Бақша бітесі.

Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы) . Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бетінің ұзындығы -1, 2-2мм, түсі сарыдан бастап қара жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

Slide 9

Күресу шаралары.

-Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді.

-Тускен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді «Тізімге…» сәйкес қолдану.

Slide 10

Кәдімгі өрмекші кене.

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы) Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0, 4-тен 0, 6 дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шағар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағынаң дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.

Slide 11

Күресу шаралары.

Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1 м алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу «Тізім…» регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет. Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою. Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 балдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25% -ке дейін алып жатады. )

Slide 12

Темекі трипсі.


Ұқсас жұмыстар
ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі
Ұлы даланың жеті қыры
Агроэкожуйеде тыңайтқыштарды қолдану
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Гүлзар
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері
Картоп зиянкестері мен аурулары
Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Екіжақтылық қағидасы және баланстық теңдік
Отбасы психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz