Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар


Slide 1

Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар.

Орындаған: Кабиева Айжан

Топ: ИС-303

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Slide 2

Таңдау операторы

Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады. Тармақталу берілген шартты тексеруден басталады, шарт мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық өрнек түрінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезде белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. Сол мән оған байланысты орындалатын оператордың белгісі рөлін атқарады. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, сол қатардағы оператор орындалады. Жазылу форматы

Case <өрнек> of

C1: <1-оператор>;

C2: <2-оператор>;

. . .

CN: ;

[else ]

END;

Slide 3 Slide 4

Тармақталу берілген логикалық мәнге ие болатын өрнек түріндегі шартты тексеруден басталады, өрнек мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық типтердің бірінде жазылады.

Бұл өрнек оператор орындалар кезде белгілі мәнге ие болуы тиіс. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, сол қатардың операторы орындалады.

Slide 5

Case операторының орындалу тәртiбi:

1. Алдымен <өрнектің> мәнi анықталады. Анықталған мән қай тiзiмге жатса, сол тiзiмге сәйкес келетiн оператор орындалады да, басқа операторлар орындалмай, case операторы жұмысын аяқтайды.

2. Егер <өрнектің> мәнi тiзiмнiң ешбiреуiне жатпаса, онда else-де көрсетiлген <оператор> орындалады. Еlse болмаса, case операторы жұмысын аяқтайды.

Case операторын пайдалану ережелерi:

1. CASE сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке жатуы тиіс; бүтін санды тип үшін ол integer болады;

Өрнек пен тiзiмдегi мәндер бiр типтi болу керек.

2. Тұрақтылар мәндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы қажет.

3. Еlse тармағының болуы мiндеттi емес, кей жағдайда жазбауға да болады, егер else тармағы жазылса, алдыңғы оператордан соң (; ) қойылады.

4. Мәндер тiзiмiнде үтiрмен ажыратылған жеке мәндердi немесе бастапқы және соңғы мәндерi “. . ” ажыратылған диапазонды көрсетуге болады.

5. <Операторда> “; ”-мен ажыратылған бiрнеше операторды жазуға болады.

6. Таңдау айнымалысы литерлiк, бульдiк және пайдаланушының типтерiнде болады.

Ескерту: String, real типтегi айнымалылар таңдау айнымалысы бола алмайды!

Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.

Slide 6

Цикл

Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессияның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады. Алгоритм атқарылар алдында цикл параметрінің бастапқы мәні белгілі, осыдан кейінгі қайталану барысында цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, алдын ала берілген соңғы мәнге жетуі қажет. Алгорим мен программа жазуды жеңілдету үшін циклдік алгоритмдер ықшамдалған түрде «модификатор» немесе «цикл басы» блогын пайдалану арқылы жазылады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.

Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады. Мұнда да цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздер арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанатын командалардың орындалу реттігін түсінуді оңйлатады.

Төменде қайталау командасы алгоритмдік тілде және графиктік түрде берілген.

Slide 10

Интерациалық (қадамдық) цикл. Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, қадамдық циклді пайдаланады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда кайталану командасы атқарылады. Ал шарт орындалса, онда цикл қайталанбайды. Қадамдық циклді кескіндегенде модификатор қолданылмайды, себебінеше рет қайталанатынын алдын ала білмейміз. Енді қадамдық циклге мысал келтірейік.

Slide 11

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.

Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады.

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар туралы ақпарат
Оралымды алгоритмдер
Тармақталу алгоритмдері
Көшу операторы
Паскаль программалау тілдері
Графиктерді анимациялау тәсілдері
Цикл операторлары
Параметрлі қайталану командасы
Сызықтық бағдарлама құрылымы
Блок схема түрінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz