Адамзаттың жаhандық мәселелерінің рухани адамгершілік сипаты туралы ақпарат



Семей қаласындағы
Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Тексерген: Жақпарова Г. А
Орындаған: Қалыбаева Э. С
Е-413 топ
Адамзаттың жаhандық мәселелерінің рухани адамгершілік сипаты

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
Абай Құнанбаев (1845-1904)

Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық прогресті қамтамасыз ететін өндірістік күштердің (көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т. б. ) даму деңгейіне қатысты болып келеді. Осы орасан ғылыми-техникалық прогресс әлемнің бейнесін түбірімен өзгертіп, жаһандануға алып келді, алуан түрлі халықтарды бір-біріне жақындата түсті.

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.

Адамзаттың жаһандық мәселелері - ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер.
Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар:
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т. б.
Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық енңістікті игеру, климатты қадағалау т. б. )

Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз.
Мұхтар Әуезов

-Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін- өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.
-Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.

-Жаһандық энергетика мәселесі - адамзатты қазіргі кезде және жақын болашақта энергия мен отынмен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл проблеманың шығуының негізгі себебі ХХ ғасырда минералды отынды пайдалануының күрт өсуі.
-Әлемдік мұхиттар порблемасы - мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану порблемасы. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Сондықтан, жаһандық мұхиттар мәселесі деп отырғанымыз - ең алдымен оның аман қалуы.

-Демографиялық мәселе екі түрлі көрініс табады: дамушы елдердегі демографиялық күрт өсу және дамыған және өтпелі кезеңдердегі елдердің демографиялық қартаюы. Біріншісінің шешімі - экономикалық даму қарқынының дамуын жоғарылатып, халық санының өсу қарқынын төмендету болса, екінщісінің шешімі - эмиграция мен зейнетақы жүйесін реформалау болып тұр.

Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.
Махамбет Өтемісұлы

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.
Ғабит Мүсірепов

Адамгершілік бастау неде?
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz