Мұхтар Әуезовтің хаттары: тарихи-биографиялық және мұрағаттық аспектілер


Slide 1

М. Әуезов хаттары

Slide 2

Дәріс жоспары: 1. М. Әуезов хаттарының тарихы. 2. М. Әуезовтің жеке өмірбаянына қатысты хаттары

Slide 3

«Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы».

Slide 4

Осыдан 100 жыл бұрын, Қазақ даласын ескіліктің сарқыншағы жайлап, арам ниеті басқыншылардың улауымен ағайындардың бірін-бірі күндеп, аз ғана халық ұлт ретінде жойылып кетудің алдында тұрған еді. «Надан елге - арамза молда», - демекші, ел арасында білім мен ғылымды әкелуі тиіс дін мамандарының қызметін «әліпті таяқ деп білетін», татар мен ноғайдың дүмшелері атқарады. Кең даланы надандықтың ауыр пердесі тұмшалап алған еді. Осы қасіретті шақта әр рудан, әр қиырдан шығып жаңаша оқуға қол жеткізген. Қазақ зиялылары алған білімдерін жеке басының мүддесіне емес, халықтың игілігіне жұмсауды, алдарына мақсат етіп қойды.

Slide 5

Мұхтар Әуезов, шәкірт кезінде қазақтың көзі ашық зиялыларына арнап хат жазған.

Slide 6

Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, сол хаттар өзінің маңыздылығын жоймаған тәрізді.

Slide 7

«Оқудағы құрбыларыма» атты мақаласы 1917 жылы, 14 қыркүйекте «Сарыарқа» газетінде жарық көрген. Мақаладан үзінді келтіре кетсек . . .

Slide 8

. . . Ұлт тізгінін ұстап тұрған оқығандарымыз, солардың істерінің таудай болып үлкейіп, дабырайып көркеймегіне кім кепіл?

Slide 9

. . Біздің

. . . Біздің мақсатымыз - мал табу, шен тағу емес, надандық неше батпан (болып), үстіне артылып зілдей қылып жатқан ауыр халқымызды өрге сүйреудің әдісін, тәсілін табуға тырысу керек екенін ұмытуға жөн бе? . . .

Slide 10

. . . Бұрынғы жаман әдетті тастауға тырысалық, әйтпесе болыстық тигізетін інілеріміз жетіп келеді деген алдыңғы ағалардың қуанышын күйінішке айналдырып, «қарғайын десе жалғыз, қарғамайын десе жалмауыз» болып жүрмелік. Онда біздің оқымағанымыз, болмағандығымыз артық.

Slide 11

Бұл хатынан Мұхтар Әуезовтің халқының нағыз жанашыры екенін, ел болашағы үшін сезінген күйініш-сүйінішін, көрегендігін аңғарамыз.

Slide 12

Өз өмірі жайлы М. Әуезов келесідегідей жазбалар қалдырған екен.

Slide 13

Атақты Мұхтар Әуезовтің қолжазба қорында «Өз жайымнан мағлұмат» атты жазбасы бар. Сонда Мұқаң: «Арасында ауырып оқуды бірлі-жарымды тоқтатып, доғарып қойып жүріп, семинарияны 1919 жылы шала-шарпы бітірдім. Бұл кездерде февраль төңкерісі болған. 19-шы жылдың кеңес өзгерісі болды, әлеумет қызметінде араласып кеттік. Содан кейін баспасөзіне толығырақ араласқаным 1918 жылы «Абай» журналының шығуымен байланысты. Ондағы сөздер сырлы әдебиет емес, жалпы мақалалар балалықтың, жастық шақтың әр сайға басын соққан сандалысы, далбасалығы сияқты», - деп жазыпты. (Қолжазба қоры 382 папка)

Slide 14

1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақтағы қоғам қайраткерлеріне» атты ашық хаты биліктегілердің шамбайына тиіп, өкіметтің «Жолбикелерге» қарсы күресі басталды. «Жолбикелері» Алаш ардақтылары болатын

Slide 15

Соңғы жылдары Семейде «Мұхтар Әуезов зерттеушінің беймәлім беттері. Мұрағат құжаттары» атты жазушының бұрын жарияланбаған хаттары мен сөйлеген сөздерінің стенораммасы енген кітабы жарық көрді.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің ашық хаттары мен табылған түпнұсқа хаттарының тарихи-әдеби маңызы
Мұхтар Әуезовтің 1930-жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық пен қоғам бейнесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, отбасы және шығармашылық мұрасы
Мұхтар Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасын талдау: композиция, кейіпкерлер және пікірталас
Мұхтар Әуезовтің Қараш-Қараш хикаятынан үзінді: сюжет, прототиптер және тарихи-саяси контекст
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы: ұлттық портрет пен көркемдік әдістер
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануы мен фольклортануындағы орны: халық әдебиетін жинау және Абайтану
Мұхтар Әуезовтің Қорғансыздың күні әңгімесін әдеби-әлеуметтік және тәрбиелік тұрғыдан талдау
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романы: кейіпкер психологиясы, композициясы және поэтикасы
6-сыныпқа арналған Мұхтар Әуезовтің Әжемнің әңгімесі сабағы: әдеби талдау, образды ашу және брейн-ринг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz