Бұзауларды күтіп – бағу гигиенасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Бұзауларды күтіп - бағу гигиенасы.

Орындаған:Төлеш Т. Қ.

Тексерген:Садуақасов М. С.

Slide 2

Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі.

Slide 3

Жас туған бұзаулардың өсіп - дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі; физиологиялық жетілген және толық жетілмеген. Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады:бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүннің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл -қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы т. б. қалыпты жағдада өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы - 28-35кг(енесінің тірі салмағының 8%), туғаннан соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай аналығының желін тауып, емуі, 3-4 тәулікте кіндігі құрған және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.

Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын негізгі ірі молекулярлы гамма- глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп- дамуы кезінде оның плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно - глобулиндер түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі.

Slide 4

Жас төлдер үшін уыздың рөлі оның организміндегі иммунитеттің түзілуімен ғана шектелмейді. Уызбен бірге жас организмге көптеген витаминдер мен минералдық заттар түседі. Мысалы: витамин - А 5-6 есе, витамин Е 6-7 есе, сүт құрамындағымен салыстырғанда, уызда артық болады. Бұзауды алғаш ауыздандырып, уыз ішкізу, тәулік мезгіліне қарамай туғаннан соң 1, 0, -, 1, 5 сағаттан кешіктірмеу керек. Туғаннан кейін енесінің бауырында болып уыз емген бұзаудың қанындағы қорғаныс белоктары, қолдан сауып ішкізген төлдердікімен салыстырғанда 2-3 есе көп болады.

Бұзауларды жасанды түрде азықтандырған кезде, таза, дезинфекцияланған шелекке сиырдың туғаннан соң 45-060 мин кейін уызын сауып береді. Сауып алынған уыздың температурасы 37-39°С болады үлкен ыдыса құйып, соған жалғанған еміздіктер арқылы беріледі.

Slide 5 Slide 6

Профилактория - 4-9 жекелеме желдету және тазалау жүйелері бар бөлімдерден тұрады. Әр бөлменің ішіне бұзаулар тұратын 7-14 жекелеме клеткалар қояды. Әр клеткаға қай нөмірлі сиырдың бұзауы жазылған белгілі тақтайша бекітіледі.

Профилакторияның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында әр бұзау тұратын клетканың енін 45- 50 см, ұзынын 0, 8-, 1, 0 еденін 15- 20см биіктікте қылып ағаш, пластикалы материалдарынан жасайды.

Slide 7 Slide 8

Бұзауларды 10-15 тәуліктік жасынан бастап, профилакториядан жалпы бұзау қораға көшіреді де, олардың алдыңғы күтіп- бағу және азықтандыру тәсілдері, шаруашылықтың пайдалану технологиясымен бағытына байланысты болады. Қазіргі кезде бұзауларды өсірудің екі тәсілі: бірінші - қолдан қоректендіріп өсіру - сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші көбінесе еттік табындарда қолданылатын енесінің бауырында бөліндебей өсіру. Бұл тәсіл - арнайы емізуге, арналған сиырларды пайдаланғанда сүттік бағыттағы шаруашылықтарда да қолданылады.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Бұзауларды арнайы бекітілген сүтін беріп өсіру үшін бір сиырдың бауырына 2-4 бұзауды бекітеді. Бұзаулардың өсіп - дамуына қарап, белгілі бір мезгілде, оларды басқа жас төлдермен алмастырады, сөйтіп бұл әдісті - топтап алмастыру тәсілі деп атайды. Бұл тәсіл кезінде аналықтың бауырына бекітілген 2-4 бұзау сапалы, микробы жоқ, жылы, құнарлы сүтті сиыр емшегінен қабылдап, аурудан аман, жылдам өсіп- дамиды. Бірақ бұл тәсілдің де бірнеше кемшілігі бар. Мысалы: емізгіш сиырлар, көбінесе қысыр қалады. Сол сияқты әдіспен пайдаланылған сиырлардың кейбірі машинамен сауғанда сүт бермейді. Сондықтан бұл тәсіл сиырды жыл бойына біркелкі бұзаулатқанда пайдаланған қолайлы.

Slide 12

Жаз айларында бұзаулады енесімен бірге бағып жаяды да, дем алатын орындарға көлеңкелі жаппа қаралып, азық беріп, суаратын құбырлар орнатады. Әсіресе жаздың екінші жартысынан бастап құрама жем береді.

Ұлғайған бұзауларды клеткаларда топтап10 басқа дейін ұстайды. Клеткаларды қатаң және құрама жемдерге арналған науалар мен жабдықтайды.

Slide 13

Жас бұзауларды өсіру кезінде, олардың қабырғаларды жалап, бір - бірінің жүндерін сорып, соның нәтижесінде бұзаудың ас қорыту органдарының ауруы, жүн - жұрқамен ас жолдарының бітелуі пайда болады.

Бұзаудың әр нәрселерді жұлқылау, сору әдетін азайтып, осындай аурулардың алдын алу мақсатында клетка қабырғасына резинка еміздіктер іліп қойып, бұзауға сорғызу.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Ірі қара малдарының гигиенасы
Қойлар гигиенасы
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Ірі қара малының гигиенасы
Бағалы аң терісінің ақаулары
Балапандарды күтіп бағу гигиенасы
Мал қораларын дезинфекциялау
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Қояндарды ұстау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz