Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
Презентация қосу
Жануарлар мен
адамның вирустық
инфекциялары: СПИД,
құтырық, тұмау, шешек,
вирустық гепатит және
эбола қызбасы.
ЖИТБ (СПИД) — жұқтырылған
иммунитет тап шылығының белгісі
деген өте қауіпті жұқпалы ауру. Оның
қоздырғышы болып адамның иммунитет
тапшылығының вирусы АИВ (ВИЧ)
жұқпасы болып есептеледі. Бұл аурудың
қауіпті болуы қандағы иммунитет үшін
жауап беретін ерекше жасушаларын да
жояды. Сөйтіп, адамның ауруға қарсы
иммунитеті жойылып, қарапайым
жұқпаға қарсы тұра алмайды.
ЖИТБ аурудың таралу жолдары: ЖИТБ-нен немесе
АИВ жұқпасымен ауырған адамнан жұғады, ол келесі
жолдар арқылы өтеді.
• · жыныстық қатынас арқылы (жұқтырудың ең көп
тараған түрі);
• · ағзаға қан арқылы жұғу, мысалы, АИВ жұқпасы
бар адам қолданған инелер, құралдар арқылы жұғады;
• · жұқтырудың ең көп тараған жолы қан құю кезінде;
• · балаға анасы арқылы жұғуы, егер жүкті кезде,
босанған сәтте немесе емізіп жүрген кезде осы аурумен
ауырған жағдайда;
• · заласыздандырылған стерильді емес құралдар
арқылы (маникюр, педикюр, татуаж, құлақты тескен
кезде т.б.) жұқтыруы мүмкін.
Құтырық
• Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр
зақымдалуымен өтетін және өлім-
жітіммен аяқталатын ауру.
Құтырмамен ит, мысық, сиыр,
жылқы, түйе, қой-ешкі,
кеміргіштер, жабайы жыртқыш
аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам
ауырады.
• Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын
және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей
ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң
• 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе
кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады.
Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы
белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше
айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.
• Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме
түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл
алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң
біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге
жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы
қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға
шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы
тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің
салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің
өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).
Тұмау
Тұмау немесе грипп
(лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenz
a – “бас салу, шап беру”) – тыныс
жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.
Аурудың қоздырғышы
– ортомиксовирустар, олардың үш
типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру.
Тұмау вирусының сыртқы
қабыршағының құрамында
гемагглютицин (оны Н әрпімен
белгіленеді) және нейраминидаза (N
әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр
түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп,
тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі
мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс
жолын, нерв жүйесін, қан тамырды,
жүректі ауруға шалдықтырады.
Тұмауды
қоздыратын вирустар (микробтар)
тыныс жолының кілегей қабығында
өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың
микробын жөтелгенде, түшкіргенде
және қақырығы арқылы ауаға таратады.
Таралуы
• Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі
адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған
адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен
ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта
сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс
жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның
тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес.
Ол салқын тигенде мұрын, көмей,
жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың
әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және
зарарсыздандырғыштар
(хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез
қырылады.
Жүктілік кезінде тұмау өте
қауіпті
Алдын алу шаралары
• Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап,
ауруханаларда не басқа тиісті
мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға
қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі –
тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді
шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған
дұрыс.
• Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-
күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі
күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық
еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді,
дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда
ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге
көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп,
сауыға бастайды.
Емі
• Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза
бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын,
аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады.
Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру
адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен
немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың
тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі
қайнатылып, жуылуға тиіс.
• Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып,
кешенді емдеу шараларын жүргізеді.
Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин,интер
ферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің
улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Шешек
Шешек ауруы — инфекциялы
ауру, теріде шығатын көпіршік
тәріздес ұсақ бөртпелер.
Шешекпен бір рет ауырғандар
екінші рет ауырмайды. Шешек –
ауамен таралатын герпес вирусы.
Ауыру мерзімі 10-21 күнді құрайды.
Егер балаңыз мектепте, бала-
бақшада, қоғамдық жерлерде
шешекпен ауыратын балалармен
араласса онда оның шешекпен
ауыру мүмкіндігі көбейеді.
Шешекпен ауыру 5 жасқа дейінгі
балаларда жиі кездеседі. 6 айға
дейінгі сәбилер шешекпен
ауырмайды. Өйткені ана өз
иммунитетін сүт арқылы береді.
10 жастан асқан балалар
шешекпен сирек ауырады. Ауыру
кезеңі ауыр жағдайда өтеді.
Олардың емделуі де ұзағырақ
Белгілері:
• Дене қызуы көтеріледі (38-39°С);
• Дененің барлық жерінде 1-2 сағат
ішінде ұсақ бөртпелер пайда
болады;
• Алқызыл түсті ұсақ дәндес
бөртпелер шығады, бірнеше
сағаттан кейін көпіршіктеніп ішіне
су толады.
• Көпіршік пайда болған соң бала қышынып,
жараларын қасығысы келеді. Баланың жараларын
қасуына жол бермеу керек, өйткені қасуы арқылы
инфекция кіргізуі мүмкін. 1-2 күннен кейін
көпіршіктер кеуіп, қабыршықтана бастайды. Алайда
7-10 күн аралығында жаңа бөрткендер пайда
болады. Баланың дене қызуы қайта көтеріледі. 1-2
аптадан соң қабыршықтар түсе бастайды.
Қабыршақтың орнында дақтар қалады. Бірақ олар
біраз уақыттан кейін жоғалып кетеді. Егер балаңыз
жарасын қатты қасып, жарасы іріңдеп кетсе, кейін
орнында тыртығы қалады. Шешекпен ауыру кезінде
бала өзін әлсіз сезінеді, ашушаң, ұйқысы шала
болады және тәбеті болмайды.
Емделуі
Баланы емдегенде негізінен үйде болған дұрыс. Шешектің
арнайы емі жоқ, тек төсек орын тысын жиі
ауыстырып,сұйықтықты көп ішіп, диета сақтаған дұрыс.
Балаңызға тек сүтті тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністен
жасалған тағам беріңіз. Баланың жарасына күніне 2 рет көк
дәрі (зеленка) немесе марганцовка ерітіндісін жағу қажет.
Марганцовка мен көк дәрі шешекті емдемейді, тек дәрігерге
шешектің қай кезеңі екенін көрсетеді. 38-38,5°С-ге дейін дене
қызуы көтерілсе балаға ыстықты басатын дәрі беріңіз. Қышуын
басу үшін педиатрдан антигистаминді дәрі жазып беруін
сұраңыз. Баланы шешек ауруы кезінде шомылдыруға бола ма
деген сауал кез келген ата ананы мазалайды. Отандық
дәрігерлер тек марганцовка ерітіндісі бар суға жуындыруға
болады деп есептесе, шетелдік дәрігерлер шешек ауруы кезінде
душ қабылдау керек деп есептейді. Сонда дененің қышуы
уақытша болса да қояды.
Вирустық гепатит
• Вирустық гепатиттер — бұл адам
өміріне қауіпті кең таралған
аурулар тобы, олар өзара бір-
бірінен ажыратылады, әртүрлі
вирустардың салдарынан
туындайды, бірақ аталған
аурудың бір ұқсастығы бар – ол
бұл аурудың, ең алдымен,
адамның бауырын зақымдап, оның
қабынуына алып келеді.
• Гепатит (а, b, c, d), бауырдың
қабынуы сары аурудың, қызылшаның,
гепестің, СПИД-тің және кейбір басқа
аурулардың белгісі ретінде мүмкін.
Сондай-ақ улы гепатит бар, ол
бауырдық алкоголизм кезінде
зақымдануы. Біз өзіндік инфекциялар –
вирустық гепаттиттер туалы
әңгімелейтін боламыз. Олар шығуы
және аурудың жүруі жағынан әртүрлі
болып келуі мүмкін, алайда кейбір
белгілері өзара ұқсас.
• Виустық гепатиттер бірнеше
белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін:
• Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір,
ерекше өткір және созылмалы түрлері
• Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр
және жеңіл болуы мүмкін
• Зақымдану жеріне қарай гепатиттер ұялы,
мезенхимальді, паренхиматозды болады
А гепатиті
• А гепатиті немесе Боткин ауруы — бұл вирустық гепатиттің баынша көп
тараған түрі.
Оның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші
белгілерінің пайда болуы ткезеңіне дейін) 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты
құрайды.
Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен
сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін
науқас адамның несебі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып
қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады. Соңынан саы ауру пайда
болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі. А
гепатитімен ауыру ұзақтығы 1 аптадан 1,5-2 айға дейін болуы мүмкін, ал
аурудан кейінгі қалпына келу уақыты кейде жарты жылға дейін созылады.
Виустық А гепатитінің диагнозы ауру белгілерінің, анамнездің (яғни А
гепатитімен ауыратын адаммен қатынастан кейін туындау мүмкіндігі), сондай-
ақ диагностика деректерінің ескерілуімен қойылады.
Осы топтағы аурулардың барлық түрлерінің ішінде А гепатиті болжам жағынан
барынша қолайлы болып табылады, оның арты жақсы болып, белсенді емдеуді
қажет етпейді. Қажет болған жағдайда А гепатитінен емдеу емхана
жағдайларында сәтті өтеді. Ауру кезінде науқас адамға демалу, анайы диета
және гепатопротектор, яғни бауырды қорғайтын дәрі-дәрмектер беріледі.
В гепатиті
• В гепатиті немесе сывороточный гепатит — бауырдың ауыр зақымдалуымен
сипатталатын алдыңғы аурудан да қауіптірек ауру.
B гепатитінің қоздырғышы — ДНК құрамындағы вирус. Вирустың сыртқы
қабатында HbsAg сыртқы антигені бар, ол ағзада антителдің қалыптасуын
тудырады. Вирустық В гепатитінің диагностикасы қан құрамында ерекше
антителдердің байқалуына негізделген. Вирустық b гепатиті Цельсий бойынша
30–32 градуста 6 ай бойында, Цельсий бойынша минус 20 градуста 15 жыл,
Цельсий бойынша плюс 60 градусқа дейін қыздығаннан кейін бір сағат, 20 минут
қайнатқанда толығымен жойылады. Сондықтан вирустық В гепатиті табиға
Сондықтан вирустық В гепатиті табиғатта көп таралған. Ауруды жұқтыру қан
арқылы, жыныстық жолмен, сондай-ақ тікелей анасынан баласына жұғуы арқылы
болу мүмкін. Әдетте В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының
жоғарылауынан, әлсіреуден, буындардағы аурудан, жүрек айнып, құсудан
басталады. Несеп түсінің қоюланып, нәжіс түсінің ашық болуы сияқты белгілері де
болуы мүмкін. В вирустық гепатитінің басқа да белгілері көрінуі мүмкін. Ол:
денеге бөрткен шығу, бауыр мен өттің ұлғаюы.
В гепатитіне сары ауру онша тән емес. Бауырдың зақымдануы шамадан тыс ауыр
болуы мүмкін және өте ауыр жағдайларда бауыр церрозына және бауырдың
қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін.
С гепатиті
• Вирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе
посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп
аталатын инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе
жастарда кездеседі. Ауру өседі. Бұл ауру қан құйғанда немесе
зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан көбінесе қан
арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады.
Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-
жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе
анасынан баласына жұғуы мүмкін.
С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70–80 %-ында қауіпті
болып табылатын созылмалы түрі болып табылады, ол бауырдың
қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С
гепатитті вирустың гепатиттің басқа түрлерімен қатар жүргенде,
науқас адамның денсаулығы күрт төмендеуі мүмкін, аурудың өтуі
қиындап арты жаман жағдайларға әкелуі мүмкін. С вирустық
гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы
гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады.
Д гепатиті
• D гепатиті немесе дельта-гепатит вирустық
гепатиттің басқа түрлерінен вирустарының адам
ағзасында нақты көбейе алмайтындығымен
ерекшеленеді.
Ол үшін оған «көмекші вирус» қажет. Ол – В
гепатитінің вирусы. Сондықтан дельта-гепатит
жеке ауру ретінде емес, В гепатиітінің ауыр түрі
ретінде қарастырылады. Осы екі вирус бір
адамның ағзасында бір уақытта өмір сүрген
уақытта аурудың дәрігерлердің тілімен
суперинфекция деп аталатын ауыр түрі
туындайды. Бұл аурудың белгісі В гепатитінің
белгілеріне ұқсас, бірақ өте ауыр түрде жүреді.
Е гепатиті
• Е гепатиті белгілеріне қарай А гепатитіне ұқсас.
Алайда вирустық гепатиттердің басқа түрлеріне
қарағанда Е гепатиітінің ауыр түрінде бауырдың ғана
емес, сондай-ақ бүйректің де зақымдануы байқалады. Е
гепатиіті А гепатиіті сияқты фекальді-оральді жолмен
жұғады, ыстық және сумен нашар қамтылған елдерде
елдерде тараған.
Е гепатиітін жұқтырудың арты жүктілігінің соңғы үш
айында жүрген әйелдер үшін өте ауыр болады. Бұндай
жағдайда адам өлімі 9–40 %-ға дейін жетуі мүмкін, ал
бала Е гепатиітімен ауыратын барлық жүкті әйелдердің
жағдайында тірі қалмайды.
Аталмыш топ гепатитінің алдын алу А гепатитінің
алдын алуға ұқсас.
G гепатиті
• G гепатиті вирустық гепатиттер
тобының соңғы өкілі десе де болады, ол
өз белгілеріне қарай С гепатитіне ұқсас.
Алайда ол С гепатиті сияқты қауіпті
емес, себебі С гепатиітіне тән бауыр
циррозы мен бауыр қатерлі ісігіне дейін
жеткізетін белгі G гепатитіне тән емес.
Дегенмен С және G гепатиттерінің бірге
болуы циррозға алып келеді.
Эбола қызбасы
• Эбола қызбасы- жұққыштығы жоғары,өте
қауіпті жіті вирустық ьаураулардың бірі. Эбола
қызбасының алғашқы белгілері – дене
қызуының 39- 40 дейін көтерілуі, қатты
әлсіздік,бастың және аяқ бұлщық еттерінің
ауруымен білінеді.Бұдан кейін іштің өтуі,
денесінде бөртпенің пайда болуы,бауырмен
бүйрек қызметінің бұзылуынан, ішкі және
сыртқы қан кетулерден пайда
болады.Аурудың бастапқы белгісі тұмауға
ұқсас болғанмен, көзбен қызыл иектен қан
кетуімен өте қауіпті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz