Әлемдік экономикалық дағдарыстың біртіндеп саябырсығандығы


Slide 1

Әлемдік экономикадағы дағдарыстың себептері мен салдары:

кеше, бүгін, ертең

Орындаған: Сәбиева Д. М

Тексерген: Нуралина Қ. Т

Slide 2

Әлемдік экономикалық дағдарыстың біртіндеп саябырсығандығы байқалғанмен, оның жалғасу ықтималдығы азайған жоқ. Бұл тұжырымдамаға дәлел ретінде бірнеше дәйек келтірейік, экономикалық дағдарыстың алғышарттарын анықтап көрейік.

Біріншіден, әлемдік экономика АҚШ секілді негізгі тұтынушы нарықтың көрсеткішіне арқа сүйеді. Яғни американ экономикасының жағдайына байланысты өзге елдер өз экономикалық стратегиясын анықтап, соған қарап бой түзеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Брейтонвудтық валюталық жүйе американ долларының үстемдігін орнатты. Логика бойынша американ доллары өзінің төлемдік мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алтынға, ал әлемнің өзге мемлекеттерінің валютасы өз төлем мүмкіндігін долларға байланысты айқындады. Бұл жүйе екніші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен мемлекеттердің бюджетін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Ол кезде Маршалл жоспары бойынша Еуропа елдерінің экономикасын қалпына келтіру жолындағы көмек тек АҚШ доллары арқылы берілді, яғни әлемдегі АҚШ долларының резервтік валютаға айналуына барлық жағдай жасалды.

Slide 3

АҚШ-тың бюджеттік саясаты дағдарыс уақытында үлкен өзгерістерсіз өз жалғасын тапты. Ақ үй әкімшілігі ештеңемен қамтамасыз етілмеген доллардың эмиссиясын көбейтпесе азайтқан жоқ. Мемлекеттік билік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеке банктер мен инвестициялық компаниялардың шығындары мен қаржылық міндеткерліктерін кеңінен сатып алуға кірісті. Бұл процесті қаржылай қамтамасыз ету үшін жаңа доллар толқыны басылып шығарылды. Обама Үкіметінің зардап шеккен әлеуметтік топтарды қолдау саясаты шығындар қатарын онан әрі молайтты. Бұл үшін станокта тағы жаңа ақша басылды, яғни тұжырымдамалық және институционалдық тұрғыдан АҚШ экономикасында үлкен өзгерістер болды деуге негіз жоқ. Бұл дағдарыстың институционалды яғни жүйелік негіздері жойылған жоқ дегенді білдіреді.

Slide 4

Дағдарыстың екінші себебі АҚШ экономикасының өсу орнына тежелуі болатын. Бұл бірінші кезекте экономиканың жүйелік туындаған дағдарыс еді. Яғни ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бері дамыған елдердің экономикасында өндіріс, ауыл шаруашылығы секілді материалды секторларға қарағанда қызмет көрсету саласы басымдыққа ие болды. Жалпы ұлттық өнімнің негізгі бөлігін интеллектуалды еңбек пен қызмет көрсетуден құралуы және экономиканың дамығандығының негізгі көрсеткіші ретінде мойындалуы бұл салаға басымдық беруге итермеледі.

Алайда, қызмет көрсету саласының бір ерекшелігі тәуекелдің жоғарылығында. Нақты тауар өндірісінде негізгі кепіл тауардың өзі, яғни материалдық құндылық болып есептелсе, қызмет көрсету саласында кепіл ретінде идея немесе ой бағаланады. Шын мәнінде бұл ойдың дұрыс бұрыстығы, қолданысқа ену мүмкіндігі тек тұтыныс барысында анықталады

Slide 5

Бұдан басқа дағдарыстың әлемдік сипатқа ие болуы осы уақытқа дейін белсенді өсім көрсетіп келе жатқан Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің экономикалық өсімін кешеуілдетуде. Бұл әсіресе экспортының негізгі бөлігін шикізат құрайтын мемлекеттерге қауіпті құбылыс. Себебі, шикізатты өсім үстіндегі экономика ғана белсенді тұтына алады. Сұраныстың төмендеуі шикізат құнын төмендетеді. Тиісінше шикізатқа деген сұраныстың азаюы шикізат экспортымен айналысатын елдердің табысын азайтады. Бұдан әрі қарай бұл жүйелік дағдарысқа әкелуі заңды. Себебі жеткілікті дәрежеде экономика жағдайында, мемлекеттің шығындарын қалыпты ұстап тұру қиындықтар тудырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономиканы әртараптандыру мен даму бағдарламаларына қаржы бөлу мүмкіндігін шектейді.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары
Әлеуметтік – экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері
Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі білім берудің рөлі
БИРЖА ТҮРЛЕРІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІЛІС КЕЗІНДЕГІДЕЙ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ
Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ - ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері
Хоум - стейджинг
Экономикалық шиеленістің түрлері және түсінігі
Дағдарыс
САЯСИ ДАҒДАРЫС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz