Тіректі-қоректі ұлпалар


Slide 1

Тіректі-қоректі ұлпалар

Орындаған:Ахметжанова А. С

Советбаева Ж. А

Тоқтарова С. Б

ОЗ-407 топ

Тексерген: Сатиева К. Р

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Кіріспе

Тіректі қоректі ұлпалар (ішкі орта ұлпалар) - организмдегі трофикалық, қорғаныс, тіректік, механикалық, құрылымдық, пластикалық қызмет атқаратын, құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас, торшалар мен торшааралық заттардан тұратын ұлпалар жиынтығы(тірі сұйық ұлпалар, дәнекер ұлпалары, қаңқа дәнекер ұлпалары)

Slide 3

Тіректі-қоректік ұлпалардың(ішкі орта ұлпаларының) даму көзі-мезенхима қабаты

Slide 4

Тіректі-қоректі ұлпалардың жіктелуі

Slide 5 Slide 6

Дәнекер ұлпасының қызметі

1. Трофикалық(зат алмасу)

2. Қорғаныс(фагоцитоз)

3. Тіректік, механикалық

4. Құрылымдық(строма түзу)

5. Регенерация

6. Ішкі орта тұрақтылығын сақтау(гомеостаз)

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Тығыз дәнекер ұлпасы

Тығыз дәнекер ұлпасы

Тығыз дәнекер ұлпасының механикалық маңызы бар. Оның кұрамында клеткалар мен аморфтық зат аз болады да, талшықтар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені құрайды.

Slide 11

Дәнекер ұлпалық талшықтардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады:

1. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі бағыттарда жатады және олардың орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды.

2. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаларыны талшықтар шоғырларына үлпага әсер ететін механикалық күштердің бағытына сәйкес орналасу зандылыктары тән.

Slide 12

Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы :

коллаген талшықтарының :1- ұзыннан және 2- көлденең кесіндісі; 3- борпылдақ дәнекер ұлпасы.

Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы (сінірдің көлденен кесіндісі) :

1- екінші ретті шоғырлардың дәнекер ұлпалық қабаты; 2- сіңір клеткалары.

Slide 13 Slide 14

Коллагенді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы

Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады. Талшықтар шоғырьшың арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта фиброциттер жатады. Фиброциттер немесе сіңір клеткалары, бірінші ретті коллаген талшықтар шоғырының тізбектерінің арасьшда орналасады. Бірінші ретті коллаген шоғырлары бірігіп, екінші ретті шоғырлар күрайды. Оларды эндотеноний (tendo - сінір) деп аталатын борпылдак қалыптаспаған дәнекер үлпаның жүқа қабаты қоршап түрады. Осы принциппен екінші ретті коллаген шоғырлары, үшінші ретті шоғырларға бірігеді, бүларды да дәнекер үлпасы каптайды, бірақ олардын дәнекер үлпалық кабы қалың болады және перитеноний деп аталады.

Slide 15

Эластинді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы

Желкені, жота үстілік және жота өсінділері аралық байламдарды құрайды. Оның құрылысы коллегенді тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасына ұқсас, тек коллаген талшықтары орнына эластин талшықтары болады.

Slide 16

Борпылдақ дәнекер ұлпа

Slide 17

Борпылдақ ұлпа(textus connectivus laxus) жасуша аралық заттегінде талшықтары аз, негізгі түрсіз заттар көлемі үлкен, жасуша құрамы өте көп дәнекер ұлпасының түрі.

Барлық ішкі ағза құрамында кедеседі:қан, сөл тамырлары және жүйкелермен қоса жүреді, тері, кілегейлі қабықтар құрамына күреді.

Slide 18 Slide 19

Борпылдақ дәнекер ұлпасы

Отырықшы

Қозғалмалы

Жасушалар тұрақты болса

Көшіп-қонушы болса

Slide 20

Отырықшылар ұлпаларға біргу(адвентициялық), фибриобластар, фибриоциттер, май жасушалары жатады.

Қозғалмалы ұлпаларға-өте жылжымалы дәнекер ұлпаға қаннан келеді. Бұл топқа барлық лейкоциттер(түйіршікті, түйіршіксіз) жатып, құрамы дәнекер ұлпаның кейбір бөлімдерінде әртүрлі иммундық реакция, қабынуда өзгеріп тұрады.

Slide 21

Фибробластар(fibra-талшық, blastos-өсінді) -ұлпа жасушалары ішіндегі көп таралған түрі, жасушадан тыс құрамбөліктерін түзеді, жараның жазылуына қатысады, ұлпаның жаңадан жасушалар түзе ұлғайып, өсуіне, аууына қабілетті. Борпылдақ дәнекер ұлпада ол ерікті орналасады, өсінділері болады, көлемі өзгеріп тұрады, ядросы бірнеше ядро сақтайды, белок түзеді, цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, көп митохондрий мен лизосомалар, микротүтікшелер болады.

Фиброцит-ұршық тәрізді, цитоплазмасы лизосома, митохондрийлер, бытыраңқы таралған эндоплазмалық тор сақтайды. Гольджи аппараты нашар дамыған, шамалы түйіршікті түзінділері болады. Бұл жасушаның басты қызметі-зат алмасуын реттеп, жасушааралық заттек тұрақытлығын сақтау.

Slide 22

Гистоциттер-қан тамырлары арнасынан дәнекер ұлпаға ауып келген моноциттерден құралады. Дәнекер ұлпада жеке және топталып орналасып, кілегейлі қабықтың меншікті тақташаларында, сір қабықтарда кездеседі. Өзара қайтымды күйдегі қызметтік белсенділігінің қабілеттілігі төмен-тыныштықтағы және қызметтік белсенділігі жоғары-кезегенжасушалары да болады.

Slide 23

Коллаген талшықтары коллаген белогынан құралып, оның фибрилдері будаға қосылуынан қалыптасады, ұлпаларға беріктік береді, қайнатқанда кәдімгі желім береді.

Эластин талшықтары коллаген талшықтарына қарағанда аз сақталады. Эластин талшықтарын фибробластан басқа тегіс миоциттер, хондробласттар және хондроциттер өндіреді. Бүйрек шумағындағы жасуша аралық заттек құрамына кіріп, көз бұршағын ұстап тұратын кірпіктік белдеу талшығыт құрады. Ол эластин шеміршегінде, теріде, өкпеде, қан тамырында болады.

Ретикулин-жұқа, диаметрі 0, 5-2 мкм, коллагеннің 3 түрінен тұрып, тармақталған үш өлшемді тор құрады, арнайы бояғыштарда ғана көрінеді. Күміс тұздарын жақсы сіңіретіндіктен, аргирофильді деп аталады.

Slide 24

Бояутек-жасушаларының түрі өсінділі, цитоплазмасында меланин бояутегі сақталады. Бояутек өндіретін жасушаларды-меланоциттер, ал цитоплазмасына бояутек жинауға қабілетті түрін-меланофорлар деп атайды. Ең көп бояутек жасушалар көз алмасы қабырғасындағы дәнекер ұлпаға, әсіресе ақ қабық, тамырлы, түсті қабықтарға және кірпік денешігіне тән. Бұл бояутек жасушаларын бояутек ұлпалары деп атайды.

Шүйгін-қомағай және қан базофильдеріне ұқсастығынан -ұлпалық базофильдер деп атайды.

Шүйгін жасушалар-маңызды реттеуіш қызметтер атқаратын борпылдақ дәнекер ұлпаның тұрақты жасушалары, көптеген ірі түйіршіктері жарғақшамен қоршалған, цитоплазмасында митохондрийлер, орташа дамыған түйіршікті эндоплазмалық тор, қою түске жақсы боялмаған хроматині бар дөңгелек ядросы сақталады. Олар тері астында, тыныс алу, ас қорыту жүйелеріндегі ағзаларда, құрсақ қуысы қабықтарында, қан тамырлары айналасында ерекше көп болады.

Slide 25

Адипоциттер-бір ірі май тамшысы орналасып, барлық жасуша құрамын шетіне ығыстырады. Ядро айналасында ерікті рибосомалар, түйіршікті және түйіршіксіз эндоплазмалық торлар. Гольджи аппараты, митохондрийлер орналасады. Ол қоректік және механикалық қызметтер атқарады, кейбір ағзаларды жарақаттықтан сақтайды, қуат түзеді, су алмасуына қатысады, цитоплазмасы майға толып, май ұлпасына айналады. Сөйтіп май қорын түзеді.

Жемір-жасушалар-моноциттердің жетілген түрі, кәсіби фагоциттер, барлық ұлпалар, ағзаларда болады. Өте жылдам қозғалатын жасушалардың жеке түрі. Плазмолемманың астында аууға, қарбуға қажет актинді микрофиламенттер, микротүтікшелер, аралық филаменттер орналасады. Белсенді жемірлер 60-тан артық себеп-шарттарды түзеді. Қаннан табиғатын жоғалтатын белоктарды, жасушалар қалдықтарын ұстап алады.

Slide 26

Ретикуляциттер

Ретикуляциттер - пішіні үзынша келген көп өсінділі, дөңгелек ядролы торшалар. Олар бөліну арқылы көбейіп, басқа дәнекер үлпалары торшаларына айналуы ықтимал. Көбіне ретикулоциттер бір-бірімен өзара өсінділері арқылы жалғасып, торшалар байланысын (синцитийді) құрайды. Ретикулоциттер ретикулин (аргирофилді) талшықтарын түзеді.

Slide 27

Қаңқа ұлпасы

Сүйек ұлпасы

Шеміршек ұлпасы

Slide 28

Шеміршек ұлпасы

Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа) ; (textus cartilagineus, лат. textus - ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) - қаңқа дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасуша аралық заттардан құралған.


Ұқсас жұмыстар
Массаждың түрлері
Көпіртәрізді протездер
Тамыр бөлімдері
Тамыржәне тамыржүйесі
Көпірлі тіс протездерінің түрлері
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері
Химия және адам денсаулығы
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Тамырдың соңғы құрылысы
ШЕЛЬФТЕ ІЗДЕУ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ. ГИДРОГЕОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz