Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы



Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Орындаған:Берікбол. Н. Н
Тексерген:Мадыбекова. А. С
Тақырыбы: Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері.
Ішкі, сыртқы құрлысы.

Мазмұны
1. Систематикасы.
2. Құрылыс ерекшелігі.
3. Таралуы.
4. Көбеюі мен дамуы.
5. Халық шаруашылығындағы маңыздылығы.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Систематикасы

Киттәрізділер (лат. Cetacea) - суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан табылған. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына (тіст киттер және мұртты киттер) жататын 38 туысы, 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде, кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған

тісті киттер
мұртты киттер
. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына бөлінеді.

Дельфиндер мен кашалоттардың түрі бұрынғы КСРО теңіздерінде мекендейді. Дене тұрқы 6 м, салмағы 1, 5т. Басының алдыңғы жағында сойдиып ұзындығы 3 м бұрандалы сыңар сойдақ тісі шығып тұрады. [1] Денесінің ұзындығы 1, 1 - 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні жұмыр қос қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналасқан. Көпшілік түрінің басы жалпақ, мойны айқын байқалмайды. .

Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойылған, тек жамбас сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары сақталған. Киттердің терісі түксіз жалаңаш, тері астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 - 50 см) . Бұл дене температурасын реттеуге қатысады. Терісінде май, тері бездері болмайды, сүт бездері жақсы жетілген. Тыныс алу мүшесі - танау тесігі (1 не 2) төбесіне қарай орналасқан. Ол тек тыныс алу-шығару кезінде ғана ашылады

Киттердің қанының , бұлшық еттерінде ерекше ақуызды зат - миоглобиннің болуы су астында 30 - 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған.

Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Киттердің есту мүшесі жақсы дамыған, құлақ қалқаны болмайды. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 - 14 бөлімнен тұрады) .


Көбеюі

Киттердің көпшілігі - моногамды. Олар 2 - 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 - 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады. Табиғатта 30 - 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.

Киттердің саны жылдан-жылға азаюда, әсіресе, ірі киттердің біраз популяциясының жойылып кету қаупі бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу мақсатында Халықаралық комиссия (оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше) ұйымдастырылған (1946) . Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының«Қызыл кітабына» енгізілген. [

Тісті кит

Тісті киттер (лат. Odontoceti) -киттәрізділердің отряд тармағы. Тісті киттер барлық мұхиттар мен ашық теңіздерде тараған. Кейбір түрлері өзендерді де (Ганг, Амазонка, т. б. ) мекендейді. Дене тұрқы 1, 2 - 21 м, салмағы 30 кг-нан 8 т-ға дейін. Аталықтары аналықтарына қарағанда ірі. Мұртты киттерден ерекшелігі - бассүйегі ассиметриялы (астыңғы жағы ми сауытынан қысқа және алдынан қозғалмай бекіген) . Жағында 240-қа жуық біртекті (гомодонтты), бірқырлы (монофиадонтты) тістер орналасқан. Тілі өте қозғалмалы, ол қорегін жұтқыншаққа қарай итереді. Таңдайы жоқ. Безді қарыны көп камералы, көпшілігінде соқыр ішегі болмайды. Танау тесігі біреу, ол төбесіне қарай ашылады. Танау тесігінің айналасында ерекше жұп ауа қапшықтары орналасқан, олар кит сүңгігенде тыныс жолын жауып қалады. Тісті киттердің есту қабілеті өте жоғары. Белгі беру үшін күрделі дыбыстарды пайдаланады, яғни эхолакация аппараты жақсы дамыған. Негізгі қорегі - балықтар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер. Қорегін іздеп 300 м тереңдікке дейін сүңги алады, жақсы жүзеді. Тісті киттердің 10 тұқымдасы (дельфин, нарвалдар, өзен дельфиндері, мұрынтұмсықтылар, кашалоттар, т. б. ), 73 түрі белгілі. Қазақстан су айдындарында тісті киттер кездеспейді.

Кашалот

Тісті киттердің ішіндегі ең ірісі -кашалот (Physeter macrocephalus) . Аталықтарының ұзындығы 21 м-ден артық, аналықтарының ұзындығы 13 м. Бастары үлкен (денесінің 1/3 бөлігіне тең) . Жіңішке келген төменгі жағында 36 - 60 тісі (тісінің ұзындығы 20 см, салмағы 1 - 3 кг) болады. Жоғарғы жағында тісі болмайды. Тістері сұр-қою қоңыр түсті. Полигамды, жыныстық жағынан 5 - 6 жасында жетіледі. Кашалоттар барлық мұхиттарда (тек Солт. Мұзды мұхитта кездеспейді) тіршілік етеді. Жүктілік мерзімі 16 - 17 ай, аналығының ұзындығы 4 м-дей, салмағы 1 т болатын жалғыз бала тауып, оны 18 айдай емізеді. Балалары тез өседі, 4 - 6 жылда ересек кашалотқа айналады. Табиғи жағдайда 50 жылдай өмір сүреді. Кашалоттардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан оларды кәсіптік жолмен аулауға тыйым салынған. Тісті киттердің 4 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. [1

Дельвин

Дельфин - сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір - он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп.

Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше белокты зат - миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді.

Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т. б. ) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz