Ойлау туралы түсінік



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №3
Тақырыбы:Ойлау туралы түсінік
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген: Оспанова Қ. Ш.

Ойлау туралы түсінік

Ойлау- объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.


Ойлау формасы
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

Дедукция
Дедукция дегеніміз-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.
Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

Индукция
Индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз

Аналогия
Аналогия дегеніміз-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.
Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез-бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі-бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ, синтез (топтастыру) болады.

Түсіну
Түсінік - заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі - берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу. Түсінудің екі түрі бар.
Біріншісі-тікелей түсіну. Тікелей түсіну- жанама түрдегі ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас процесс.
Ал екінші түрі-жанама түсіну. Жанама түсіну-түрлі фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететін, көмескі нәрсені айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой қорытындыларын қажет ететін процесс.

Пікір
Пікір дегеніміз - құбылыстар арасында байланыс орнату.
Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.
Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады.

Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz