Бизнес-жоспар Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Презентация қосу
Бизнес-жоспар
Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар
құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық хал-жағдайын
жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы
тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын
орналасқан аудандардың тұрғындары болып табылады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
• жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына
мүмкіндік береді;
• ет алу үшін ірі қара мал өсіретін жаңа фермалар ашу;
• экологиялық таза өнім өндіру;
• Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Әлеуметтік әсерлердің арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
• халықтың ет өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Кіріспе
Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы
саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және
құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.
Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған
ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және
өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша
жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен
ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары
деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын
алады.
Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі,
сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал
шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет
өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет өндіру үшін ірі қара мал
өсіретін фермалар құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушылардың материалдық әл-
ауқатын жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта
өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың
тұрғындары болып табылады.
Өнімнің басымдылығы мыналарды құрайды:
- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;
- жоғары сапа;
- төмен баға.
Кәсіпорынның өз жемазық базасы бар – жайылым.
Сиыр тұратын орынның жалпы алаңы 764,4 шаршы метрді құрайды.
Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі
болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай
химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез
қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде
жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға
болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.
Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Қазақстанда ет бағытындағы мал өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен
шаруашылық жұмыс істейді, соның ішінде облыста – 25 асыл тұқымды
шаруашылық, оның 3-уі асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал,
соның ішінде 30 мың сиыр бар, бұл тауар өндіруші шаруашылықтардың
контингентті шығаруда пайдалану үшін қажетті бұқаларды алуға деген
қажеттілігін толық қанағаттандырады.
Алайда аналық мал басына деген сұраныс әлі қанағаттандырылған жоқ,
өйткені көптеген асыл тұқымды шаруашылықтардың қызметі өз
табындарындағы сиыр басын ұлғайтуға ғана бағытталған, оларда басы
артық аналық сиырлар саны жетіспейді. Осыған байланысты асыл тұқымды
базаны одан әрі кеңейту қажет болуда.
Республикада шамамен 6,2 млн. бас ірі қара мал бар.
Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі күш мал шаруашылығын дамытуға жұмсалуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес мал шаруашылығы өнімдері
бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті астық экспортының мүмкіндігіне қарағанда
жоғары.
Қазақстанның қолайлы климаттық және экономикалық жағдайлары, сондай-ақ
пайдаланылмаған жайылым аумағының молдығы экономиканың осы секторының
тартымдылығына негіз болады және бизнеске инвестициялау бойынша жағдай жасайды.
Осыған байланысты 2015 жылға дейін бүкіл ел бойынша репродуктор-шаруашылықтар мен
фермер шаруашылықтарының бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарлануда.
Мысалы, алдағы бес жылда жалпы қуаты 150 мың бордақылау орындық 60 бордақылау
алаңын, ет бағытындағы ІҚМ өсіру мен көбейту жөніндегі 54репродуктор-шаруашылығын
құру міндеті тұр.
Осы мақсатта шамамен 72 мың бас шетелде селекцияланған мал әкелінетін болады. Бұдан
басқа, аналық мал басының жалпы саны 300 мыңнан асатын ет бағытындағы мал өсіруге
мамандандырылатын фермерлік шаруашылықтар желісін құру жоспарлануда.
Маркетинг стратегиясы
Қазақстанда жоғары сапалы өнімді ұсынатын ең бір жоғары технологиялы және
заманауи мал шаруашылығы кешендерінің бірі рет інде жаңа кәсіпорынды
жайғастыру қажет.
Бастапқы кезеңде, өнімді шығарардан 1-2 ай бұрын мал шаруашылығы өндірісінің
басталатыны туралы мақалалар мен отандық тауар өндірушінің жарнамаларын
орталық баспасөзде орналастыра отырып мықты PR науқанын өткізу қажет.
Бірінші көтерме сатып алушылар үшін баға бойынша жеңілдіктер белгілеу және бұл
туралы облыстық және республикалық газеттерде PR мақалаларын жариялау қажет.
Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру
жоспарлануда:
- Мал шаруашылығы кешенін пайдалы орналастыру;
- Бас қалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Білікті құрам;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысқа ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.
Технологиялық процесс
Өнімді ет бағытындағы фермаларды бірнеше жолмен құруға болады. Асыл
тұқымды шаруашылықтарда мыналардың есебінен таза асыл тұқымды мал
өсіруге бағытталады: өздері өсіру немесе таза тұқымды мал сатып алу
(тайыншалар мен құнажындар); етті мал эмбриондарын салу; етті малдың
ұрықтарын пайдалана отырып жұмыс істеп тұрған аналық мал
шаруашылығында жұтылып шағылыстыру.
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділік деңгейін
селекциялық, технологиялық, ветеринарлық-санитарлық және ұйымдастыру
факторлары айқындайды.
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділігі көпшілік жағдайда
тұқымына байланысты болады. Тұқымды таңдаудағы басты өлшемдер –
малдың өнімділігі, өндіріс мақсаты, олардың өңірлердің жағдайына
бейімделуі, жемазық базасының сипаты және ұстау технологиясы.
Табынды өсіп-өнуін ұйымдастыру
Бұл процестің мәні – әр сиырдан жыл сайын бұзау алу, бұл ет бағытындағы
малдың нақты өнімі болып табылады және саланың пайдасын айқындайды. Дені
сау бұзау алу көрсеткішін сипаттайтын өсіп-өну деңгейі (айырып алынған жас
малдың табындағы сиырға қатынасы) мынадай факторларға негізделетін аналық
мал басын пайдалану қарқындылығына байланысты болады.
1. Шаруашылықтағы азықтандыру базасының жай-күйі, жас төлді өсіру және
аналық малды азықтандыру. Малдың көбеюі өнімділігі мен бейімділігі осыған
байланысты болады.
2. Бұзауларды айыру мен оларды негізгі табынға қосу. Бұзауларды анасынан
ертерек айырған дұрыс: орташа тұқымды малды – 15-16, ірі малды – 17-18
айында, және оларды, тиісінше 24-25 және 26-27 айында табынға қосу. Бұл ретте
аналық малдың жасы тұқым стандарттарынан төмен болмауы тиіс олардың тірі
массасына қарағанда әсері аз болады.
3. Сиырларды ұрықтандыру тәсілдері және бұзаулау мерзімдері. Тауарлық табындарда аналық малды
бұқалардан айырған дұрыс. Асыл тұқымды табында жасанды ұрықтандыруды қолдану қажет. Қыста-
көктемде төлдеген барынша тиімді болып табылады, өйткені аналық мал сүтті болады, бұзаулар бұл
кезеңде көк шөппен азықтанатын болады, бұл олардың тез өсіп-жетілуіне көмектеседі.
4. Малдың жарамсызын шығаруды тездету және өнімді пайдалануды жалғастыру. Алғашқы
бұзаулайтын малға кететін шығын сиырды бір жыл күтуге кететін шығыннан көп. Бірінші төлдейтін
малды табынға қосу жылдамдығы 100-ден шамамен 20 болады, олардың 20-25% бірінші локтация
кезінде жарамсыз болады.
5. Ұрпақсыздықтың алдын алу. Қысыр қалумен күрес өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал
ететін және тұрақты пайданы қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі болып табылады.
6. Төлді сақтау. Осы мақсатта аборттың аурудың және мал өлімінің алдын алу шаралары әзірленуде
және жүзеге асырылуда. Ветеринарлық қызмет жыл сайын эпизоотияға қарсы және зоогигиеналық
жемазық сапасын бақылау, айыру, бұзаулау, азықтандыру күту науқандарын өткізу іс-шаралар
жоспарын әзірлеуі қажет. Алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыру ауру малды емдеуден анағұрлым
арзан және тиімді.
7. Өндірісті ұйымдастыру. Жедел, мақсатты өсіп-өнудің маңызды алғышарты – нақты есеп, өндірісті
білікті ұйымдастыру, фермалар мен шаруашылықтардың атқарған еңбектері ынталандыруға тұрарлық
барлық мамандары мен жұмысшыларының өз істеріне деген жоғары кәсіби қөзқарастары.
Малды күту және азықтандыру жүйесі
Ет бағытындағы мал үшін барынша арзан ұстау жолы: қысқа іші
жылы орын-жайларда, жазда - жайылымда ұстау. Әр түрлі орындарда
немесе секцияларда мынадай топтар қалыптастырылады: сиырларды
төлдерімен бірге, құрғақ орында тұратын сиырлар; төлдеуіне 5-6 ай
бар тайыншалар; айыру жасындағы тайыншалар ме,н 3-4 айлық
тайыншалар; бұқалар мен асыл тұқымды сату малдары; бордақыға
қойылған бұқалар; бордақыға қойылған сиырлар мен бұзаулар.
Ет бағытындағы малды азықтандыру негізгі тамақтандыру қорына
сәйкес нормаланған және теңестірілген болуы қажет, бұл салмақ
бірлігіне аз жемазық жұмсай отырып барынша өнімділік алуды
қамтамасыз ететін болады.
Ғимараттар мен құрылыстар
Сиыр қора үшін “Ауылдас” жүйесінің жылытылған ғимаратын
сатып алу жоспарлануда. Жалпы алаңы – 764,4 шаршы метр.
Жабдық және инвентарь (техника)
Copeland компрессорлары базасындағы тоңазытқыш қондырғысы.
Copeland компрессорлары базасындағы тоңазытқыш қондырғылары
өнімділігі және әр түрлі таңазытқыш камералары мен қоймалары үшін
комплектісі көп өнімді сақтауға, салқындатуға және мұздатуға арналған.
Тоңазытқыш камерасы "сэндвич-панелдерден" жинақталған жиналып-
бұзылатын құрылғыдан тұрады. Камераның түбі, төбесі, қабылға панельдері,
есік блогы және бұрыштық тұғырлары бар.
Панельдері екі жағынан металл қабатымен қапталған құймалы жылу
ұстағыш қабаттан (пенополиуретаннан) тұрады. Қабырға және төбе
панельдері өндірісінде қалыңдығы 0,5 мм с полимермен қапталған ыстықтай
цинктелген болат қабат қолданылады. Түбінің панелі үшін қалыңдығы 1,2
мм ыстықтай цинктелген болат қабат қолданылады. Сырланған металл
қалыңдығы 70 мкм полиэтилен пленкамен жабылған.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Жобада сиыр қора үшін “Ауылдас” жүйесіндегі жылытылған ғимаратты
сатып алу көзделген, онда қажетті коммуникациялық құрылымдар
(электр-, жылу- және сумен жабдықтау) болады.
Ұйымдастыру, басқару және құрамы
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Меңгеруші жүргізушінің,
ғимаратты жуушының, күзетшінің, слесарь мен шаруашылық меңгерушісінің
жұмысын бақылайды. Зоотехник пен электрик инженерге бағынады.
Жобаны іске асыру шығындары
Негізгі құралға арналған инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде
келтірілген.
Негізгі құралдардың инвестициялық шығындары қарыз қаражаты есебінен
73 000 мың теңге мөлшерінде, өз қаражаты есебінен мың теңге мөлшерінде
қаржыландырылады. Айналым капиталы өз қаражаты есебінен
қаржыландырылады.
Жабдықты жеткізу құны сол жабдықтың құнына қосылған.
Сиыр қора үшін жылытылған ғимаратты жеткізуші - «Руукки Рус» (РФ) ААҚ,
тоңазытқыш қондырғысын жеткізуші - «GEC» (РФ). Компаниясы.
Жобаның тиімділігі
Cash-flow проекциясы
Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша)
нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен
төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр.:
• операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның
ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;
• инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат,
материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және
сатумен байланысты қызмет түрі;
• қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының
мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай
қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін
қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.
Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін
көрсетіп отыр.
Пайда мен залалдардың есептері
Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма
түрінде көрсетілген.
Рентабельділік көрсеткіштері
Жылдық пайда (7 жыл), мың теңге 13 830
Активтердің рентабельділігі 27%
Баланс проекциясы 2016 жылғы баланстық есептің коэффициенттері
төмендегі кестеде берілген:Баланстық есеп коэффициенті
Активтер құрылымындағы негізгі қаражаттың үлесі, жобаның 7
жылына 0,8
Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті, жобаның 5
жылына 1,4
Қаржы индикаторлары
10% дисконттау ставкасы кезінде 12 жылға арналған инвестицияланған
капиталдың таза дисконтталған кірісі 14 568 мың теңгені құрады
Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Жобаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу көзделген:
• Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты
пайда табуына мүмкіндік береді;
• Ет алынатын ірі қара малды өсіру үшін жаңа ферма құру;
• Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа да
аударымдардың түсуі (7 жылда 21 млн. теңгеден астам).
Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
• Халықтың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру;
Жобаны іске асыру нәтижесінде 23 жұмыс орны құрылады.
Біліктілікті арттыру жоспарлануда.
Қоршаған ортаға әсер
Қазіргі заманғы өнеркәсіпті мал шаруашылығында энергияны
қажет ететін технологияларды көптеп қолдану қоршаған ортаға
антропогенді жүктеменің ұлғаюымен қатарлас жүреді. Бұл мал
шаруашылығы кешендері келтіретін ластаулардың кері
әсерлерінің алдын алу шығыындарының артуына алып келеді.
Әсіресе болуы мүмкін кері салдарларды анықтаудың және оның
алдын алу әдістерін айқындаудың маңызы зор. Бұларға
атмосфералық ауаға ластаушы және басқа да заттардың
шығарындыларын; су және жерасты су объектілері мен су жинау
алаңдарына шығарындылар; топырақтың ластануын; өндіріс
және тұтыну қалдықтарының жинақталуын жатқызуға болады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарынан шығатын ластаушы заттар көзін
мыналарға бөлуге болады:
• газ тозаңы шығарындылары —органикалық қалдықтардың шіру немесе
жану өнімдері; микроорганизмдер; тозаң; күкірт; көмірсутегі;
• қатты тозаң түйіршіктері, жемазық қалдықтары полидисперлі массасы
бар ағынды сулар, сондай-ақ азот, нитрит, нитрат, хлорид, сульфат, фосфат,
патогенді микробтар, майлар, темір, бактериологиялық (БПК) және
химиялық (ХПК) ластаушы заттар, мұнай өнімдері, СПАВтар;
• көптеген микроорганизмдері бар өндірістің органикалық қалдықтары;
• мал шаруашылығы кешенінің азықтық емес қалдықтары: ветеринарлық
конфискаттары; құндылығы аз өнімдері, сондай-ақ өлген мал.
Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында
бөлімшелердегі технологиялық жабдықтарды жаңғырту және жаңарту, заманауи
экологиялық нормаларға сәйкес келетін шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруға
өзгерістер енгізу.
Бұл шаруашылықтарда үнемі жиналатын және жинақталатын барлық шикізат
ресурстарын шаруашылық айналымына енгізуге негізделген аз қалдықты және
қалдықсыз технологияларды енгізу жолымен мүмкін болады. Органикалық
қалдықтардың, газтозаң шығарындыларының, суды және ағынды су қалдықтарын
тұтыну көлемін азайта отырып қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға болады.
Газтозаң шығарындыларымен ластанудың алдын алу үшін кәсіпорындарда ауа
желдеткіштерін атмосфераға шығарындылар алдындағы қолайсыз иістен тазартуды
қамтамасыз ететін тозаңгаз ұстағыш аппаратуралар орнатылатын болады.
Органикалық қалдықтарды азайтуға органикалық қалдықтарды сақтауды,
тасымалдауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, кәдеге жарату мен
қайталама өнім алудың әдістерін қолдану арқылы қол жеткізуге болады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz