Бруцеллезды балау әдістері туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік
университеті
Кафедра:Ветеринариялық санитария

ТАҚЫРЫБЫ:Бруцеллезды балау әдістері
Орындаған:Мырзабекова Н.Т
Тексерген:Нуркенова М.К
Бруцеллез (Brucellosis ) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу,
эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің
бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бруцеллез жер
шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін
Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей
елдерінде. Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар
түрлері бейім.Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр. қой, ешкі,
солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде таралады.
Түйе,жылқы, марал, қодас, буйвол сияқты жануарларда бәсеңдеу
таралады. Ит,мысық, қоян сайғақ, түлкілерде шектеулі дәрежелерде,
болмаса спорадия түрінде кездеседі. Бұл аурудың табиғи ошағы
болмайды. Инфекция қоздырушысының бастауы бруцеллезбен
ауырған малдар жатады, әсіресе клиникалық белгілері айқын білінген
кезде өте қауіпті.Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды
төлмен, жыныс жолдарымен аққан соралармен ауру қоздырушысын
аса көп мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб сонымен
қатар сүтпен, шәуетпен,нәжіспен, несеппен бірге бөледі. Сиырдың
желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, о қтын-
оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Бруцеллезге диагноз кешенді
түрде індеттанулық,
клиникалық, аллергиялық,
зертханалық тексерудің
нәтижесінде қойылады.
Бруцеллезге
ауылшаруашылық және үй
жануарларының барлық
түрі, көптеген жабайы
аңда мен құстар
сезімтал.Тәжірибе жүзінде
тасбақаларды,бақаларды
және тағы басқаларын
зақымдауға болады.
Ірі қара бруцеллезі
Бруцелла бактериялары препараттарда к өбінесе ретсіз орналасады, біра қ кейде тізбек
түрінде не екі – екіден жататын кездері де болады. Шар т үріндегі бактерияларды ң
ұзындығы 0,3 – 0,6 мкм, ал сопақша формалар 0,6 – 1,5 мкм шамасында болады.
Бруцеллалар өздігінен қозғалмайды, спора ту ғызбайды. Кейбір жа ғдайларда қабы қша
(капсула) пайда болуы мүмкін. Электрондық микроскоп ар қылы тексергенде
бруцеллалардың бір – бірінен және басқа да Грам әдісімен теріс боялатын
бактериялардан өзгешелігі байқалмайды. Бруцеллалар барлы қ анилинді бояулармен
боялады. Романовскийдің әдісімен бруцеллалар н әзік к үлгін т үске боялады. Грам
әдісімен боялмайды. Бруцелланың ауру қоздыр ғышты қ қабілеттілігі ж әне
вируленттігі. Бруцеллез індетіне ұшыра ған малды ң денесінде ауру қоздыр ғышы
негізінен ретикулді – эндотелиалды ж үйенің клеткаларында өсіп - өнеді. М ұны ң өзі
бруцелланы клетканың ішінде тіршілік жасайтын қоздыр ғыштар тобына
жататындығын дәлелдейді. Организмге енгеннен кейін қоздыр ғыш ал ғашында
лимфоидті тканьдерде тоқталып, өсіп - өнеді. Осыны ң н әтижесінде морфологиялы қ
тұрғыдан қарағанда ретикулді – эндотелиалды қ пролифераттар ж әне некробиозды қ
ошақтар пайда болады. Бұл өзгерістердің даму д әрежесі бруцелланы ң вируленттігіне
тікелей байланысты.
Патогенезі
Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар ар қылы енеді, сосын
макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен
регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар ар қылы
бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан
өтеді:
лимфогенді фаза
гематогенді фаза
көп ошақты себу жайылу фазасы
экзоошақты себу фазасы
метомффоз фазасы
Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды
ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына
және зақымдану шартына байланысты.
Бруцеллезге диагноз қою тексерудің
нәтижесінде өтеді
Бруцеллезге
диагноз

Клиникал Зертханал
ық ық

Аллергиял Індеттену
ық лық
Клиникалық тексеру
Жануарларды клиникалық
тексеру кезінде бурсит ,еркек
малда орхит ,ұрғашы малда
эндометрит , іш тастау, шуы
түспеу сияқты құбылыстарға
баса назар аударылады.
Клиникалық тексеру арқылы
енін ,еннің шылауын сипап
қошқардың жұқпалы
эпидимитіне түпкілікті диагноз
Зертханалық тексеру
Буаз мал іш тастаса , міндетті түрде лабораьориялық
тексеру жүргізеді. Ол үшін бактериологиялық
зерттеуге тастанды төлді ұрық қабымен немесе төлдің
қарнын екі жағын ішіндегісімен , бауыр мен
көкбауырдың кесінділерін енін шылауымен ,жатырдың
өзгеріске ұшыраған тұстарынан кесінді және сөл
түйіндерін алады. Аталған материалдарды аырған
малдың әрқайсысынан жеке-жеке кешіктірмей бірден
іш тастаған немесе сойған кезде алып ,лабораторияға
консервіленбеген күйі жеткізіледі. Егер
патматериалды бір тәулікте жеткізілмесе ,оны
глицерининнің 30% судағы ерітіндісімен
консервілейді.Сонымен бірге лабораторияға
серологилық тексеруге сол малдың сүтін, қанын
немесе қанның сарысуын жібереді
Аллергиялық тексеру
Аллергиялық тексеру бруцеллездің
соңғы кезеңдеріде нәтижелі деп
есептеледі. Бұл үшін бруцеллин
аллергені пайдаланылады. Оны
тері ішіне және тері астаны
жіберіледі. Бірақ, аллергиялық
әдістің сезімталдығы серологиялық
реакциялардан төмен.
Індеттанулық тесеру
Індеттанулық деретерден бұл жерде
бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-
болмағаны , өткен жылдардағы
бруцеллезге тексердің қорытындылары
еске алынады. Айрықша көніл бөлетін
мәселе –шеттен әкелінген мал және оны
карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы
жылдары алынған төлдің санына ,
аналық малдың іш тастауы мен қысыр
қалуына және оның себептеріне мұқият
талдау жасалынады.
Бруцеллалардың
антигендік құрылымы.
Бруцеллалардың антигендік құрылымы.
Бруцеллезбен ауырған не бруцелла микробын
еккен жануарлардың қанында тиісті
аниттелалар түзіледі. Көптеген өзімізге белгілі
организмнің осы қасиетін ауруды анықтап,
бруцеллалардың түрлерін табу үшін
пайдаланады. Агглютинация реакциясы арқылы
бруцелланың сыртқы қабатындағы антигендерді
анықтап, диссоциацияға түскен R формасымен
диссоциацияға түспейтін S формасын ажыратуға
болады. Меер мен Фезье (1921) осы бағытта
жұмыстар жүргізгенде жай агглютинация (РА)
реакциясымен қатар Кастелланидің
агглютининдерді адсорбциялау әдісін
Аурудың сүтке әсері

Сүтті Роз-Бенгал сынағымен зерттеу.
Бұл реакция негізінен ірі қара мен қой және ешкі
малдарының қаймағы алынбаған жас сүтін
сарыпқа қарсы зерттеуге негізделген. Сондай-ақ,
әдейі формалин қосып сақталған сүттерді де
реакцияға қолданылуға бола береді. Ол үшін 10
мл сүтке 1 тамшы - 0,03мл 10%-тік формалин
ерітіндісін қосқан жөн. Сонымен бірге
желінсаумен ауырған малдардың, сүтін суалып
кеткен немесе тууға жақын қалған және
туғаннан соң алғашқы 12-тәулік аралығында
алынған сүттерді бұл реакциямен зерттеуге
болмайды.
Реакцияны қою үшін негізінен қанның сарысуын Роз-
Бенгал әдісімен зерттегендегі құрал-саймандар
қолданылады және оған қосымша мына дәрмектерде
қажет:

тексерілуге алынған
сауын сиырдың сүті;
бенгаль қызғылтымен
бояуланған антигені;
7%-тік ас содасы
(натридің сукабонаты);
ірі қара малдың
сарыпқа оң реакция
көрсететін сары суы;
- физиологиялық
ерітінді;
- тазартылған су.
Ветеринариялық - санитариялық бағасы
Бруцеллез ауруы анықталған жағдайда ұша мен мүшелердi қайнатады. Iрi қара
малының және шошқаның етiн, бруцеллезге тексергенде оң реакция берiп, бiрақ
патологиялық өзгерiс болмағанда кедергiсiз жiберiледi. Қой мен ешкiден
алынған еттерде бруцеллез сезiлгенде, бiрақ патологиялық өзгерiстер
болмағанда, ветеринариялық санитариялық ереженi сақтай отырып қайта өңдеп
колбаса немесе консервi дайындайды, ал қайта өңдеу мүмкiн болмаған
жағдайда қайнатылады. Малдың барлық түрлерiнен алынған iшкi мүшелер мен
бас клиникалық немесе патологоанотомиялық өзгерiстер болғанда
қайнатылады. Сиырдың және шошқаның құлақтары, сирақтары, ернi, құйрығы
және қойдың басы қайта өңдеудiң немесе қайнатудың алдында жидiтiледi.
Ұшасы мен мүшелерiнде патологиялық өзгерiс болған сойылған малдардан
алынған терi, сонымен қатар бруцеллез ауруы сезiлген қой мен ешкi ұшасы
және мүшелерi дезинфекцияланады. Патологиялық өзгерiс болған малдардың
iшектер, утилге, бруцеллез сезiлгенде 1% тұзда және 0.5% тұз қышқылында 48
сағаттай 15-25С ұстайды. Қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған
зарарсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу кәсіпорындарына, базарларда сату
үшін, қоғамдық тамақтандыру желілерінде пайдалану үшін шығаруға тыйым
салынады. Қолайсыз пункттегі әсер бермейтін сиырлардан алынған сүтті
(кілегейді) 70 0 С температура кезінде 30 минут бойы немесе 85-90 0 С
температура кезінде 20 минут бойы, сондай-ақ қайнату немесе өңдеу жолымен
қорытылған майға зарарсыздандырады. Дәл осындай тәртіппен ішкі
шаруашылық қажеттіліктеріне қажетті (оның ішінде қаймағы алынбаған сүтті
алмастырғышты әзірлеу үшін) сүтті зарарсыздандырады. Қорытылған майды
әзірлеу кезінде алынған шайқалған май мен көк сүтті тек осы шаруашылық
жүргізуші субъектідегі жануарларға беру үшін пайдаланады.
Алдын алу шаралары.
Бруцеллезге қарсы күрес жүргізгенде мал дәрігерлік –
санитарлық және ұйымдастыру – шаруашылық
шараларды іске асыру үшін мал арасында аурудың
таралуы және даму бағыттарына сәйкес әр
шаруашылықты, мал фермалары мен елді мекендерді
шартты түрде екіге бөледі: мал іші бруцеллезден таза
және таза емес шаруашылықтар. Мал іші бруцеллезден
таза табындарда, фермаларда, шаруашылықтарда, елді
мекендерде, аудан және облыстарда кезекті
тексерулерде ауру малдар бөлінбейді. Егер ауру малдар
тұрғылықты бөлініп тұрса ол аурудан таза емес деп
аталады. Ал алдыңғы тексерулерде ауру мал анықталмай,
соңғы тексергенде ауру малдар шықса, онда ол табынды,
ферманы немесе шаруашылықты мал іші аурудан таза
емес деп есептеп, аудандық атқару комитетінің
қарарымен бекітеді. Малдың эпизоотиялық таралу
барысына сай әр фермада, шаруашылықта не ауданда
бруцеллезді болдырмау және жою шаралары белгіленеді.
Қорытынды
Бруцеллез адам мен жануарларда бірдей кездесетін
жұқпалы ауру. Қазіргі уақытта бруцеллез індеті әлемнің
көптеген елдерінде, оның ішінде біздің елде де кездеседі.
Бұл ауруды кеңінен зерттеп, оның таралу себептерін және
онымен күресу шаралары жөнінде көптеген зерттеулер
жарық көрді. Бруцеллез ауруы еліміздің дамуына кедергі
келтіріп, малдан алынатын өнімдердің сапасын
төмендетіп, экономикасына үлкен зиянын тигізуде.
Бруцеллез індетімен ауылшаруашылық малдары ғана
ауырып қана қоймай, сонымен қатар адамдарда ауырады.
Адамдарға ең қауіптісі негізінен қой – ешкілердің
бруцеллезі. Мал бруцеллезіне қарсы күресті жүргізгенде
жалпы ұйымдастырушылық шараларынан басқа, арнайы
ветеринарлық іс – шараларды ғылыми негізделген
әдістемелер бойынша іске асырудың үлкен маңызы бар.
Осы себепті бруцеллез ауруы кезіндегі
патоморфологиялық өзгерістерді анықтау қазіргі таңда
өте өзекті болып саналады.
Қолданылған
әдебиеттер:
Интернет желісі
Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық
патологиялық анатомия. Алматы 2010 жыл
Т. Сайдуллин Індеттану және жануарлардың
жұқпалы аурулары Алматы 2009 жыл
Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары»
Алматы 1992ж.(200-205б).
«Эпизоотология и инфекционные болезни»
Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(170б).

Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезды балау әдістері
Бруцеллезды серологиялық балау
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Індеттанулық балау
Тауық шешегінің вирусы
Ауруды ажыратып балау
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАУ
ГЕЛЬМИНТОЗ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ
Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Пәндер