Арам сояу. Морфологиясы


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы: Арам сояу. Морфологиясы. Зияндылығы. Биологиясы. Күресу шаралары.

Орындаған: Тұрлыбеков Қ. М.

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Ғылыми топтастырылуы

морфологиясы

Биологиясы

Зияндылығы

Күресу шаралары. Гербицид пайдалану қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Кіріспе

Арамсояулар тұқымдасы (Cuscutaceae) -паразит өсімдіктер. Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер хлорофилсіз, тамырсыз, жіп тәрізді сабағы арқылы басқа өсімдіктерге сорғыш бүршігі арқылы жабысып өседі. Жер шарында кең тараған, әсіресе, Америка мен Африканың тропиктік аймақтарында, сондай-ақ Жерорта теңізі маңы мен Батыс Азияда кездесетін 1 туысы, 150 (кейбір мәліметтерде 170-тей) түрі белгілі. Бір өсімдікте 3-тен 30 мыңға дейін майда тұқым жетіледі. Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер - өте зиянды арамшөптер; қ. Арамсояу.

Slide 4 Slide 5

Ғылыми топтастырылуы

Slide 6

Морфологиясы

Ұсақ гүлдері қалың шашақ не шатырша гүлшоғырына топталған. жарты шар, қоңырау не түтікше тәрізді 5 қалақты. Күлтелері бір-бірімен кіріккен ақ, сары не қызыл түсті. Аталықтары күлтенің түтікшелеріне жабысып тұрады. Гүлшоғырының ортасында 2 - 3 бірігіп кеткен жеміс жапырақшасынан тұратын аналық жиынтығы (гинецей) болады. Негізінен жарғаққанаттылармен тозаңданады. Тұқымы тозаңданғаннан кейін 2 - 3 аптадан кейін піседі. Бір өсімдікте 3-тен 30 мыңға дейін майда тұқым жетіледі.

Slide 7 Slide 8

Биологиясы

Арамсоядын дамуы негізгі үш түрлі сатыдан тұрады. 1-тұқымнан өсіп өскіндердін пайда болуы, 2-арамсояу өскіндерінін тұқымдағы коректік заттарды пайдаланып өсуі. 3-паразиттік өмір сұру кезені. Бұл кезен бірнеше бөлімнен тұрады. 1. түтіктердін пайда болуы, олардын басқа өсімдіктерге жабысып көректік заттарды соруы. 2. арамсояу сабағынын өсіп дамуы. 3. бүршіктену /бутоннын/ кезені. 4. гүлдену. 5- тұқым беру.

Дала жағдайында арамсояудың өмір сүру мерзімі қолайлы жағдайда 13 күнге созылды. Осы кезенде оның ұзындығы 8 см, орташа сеппен 5-6 см болды. Жаздың ыстық кезендерінде оның өсу қабылеті азайды. Арамсояудын көгінін арамшөптерге жабысуы сәуір-мамыр аралығында болады.

Slide 9 Slide 10

Зияндылығы

Арамсояудың зияндылығы мынада, олар мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, біртіндеп дақыл өсуін тоқтатып, қурайды.

Slide 11 Slide 12

Күресу шаралары

Егісткті арамсояудан арылту үшін қолданылатын қажетті шаралар - агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егістіктерді дұрыс қолдану (дақыл алмасу), уақытында, сапалы жер өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп баптау, тиімді гербицид беру болып табылады.

Slide 13 Slide 14

Гербицидтерді пайдалану

Мысалы:

Қызылша егістігінде арамсояуға қарсы қызылша жер бетіне шыққаннан кейін қолданылған гербицидтер керб W (5, 0-6, 0) кг/га; қоспалар керб 50 (3, 0 л/га) + бетанал прогресс (3, 0 л/га) . Қызылшаны жинау алдындағы есеп бойынша арамсояудың жойылуы 100-97, 4%, қосымша өнім 45, 8-40, 8 ц/га болды, қанттылығы 0, 5-0, 4%-ға артты. Қалған препараттар бойынша (бетанал пргресс; бетанал прогресс + лонтрел) арамсояудың жойылуы 63, 6-77, 7%, басқа шөптер 85-90%-ға жойылды, қосымша 22, 9-27, 2 ц/га қант қызылшасының тамыры алынды, ал қанттылығы 0, 2-0, 1%-ға өсті.

Жоңышқа егістігінде, арамсояу қалың басқан жерде, жоңышқаны орып алғаннан кейін пивот, 10% в. к. (0, 8 л/га) ; ураган 48% с. е. (1, 0-1, 5 л/га) ; керб W (4, 0 л/га) ; базагран 48% с. у. (2, 0 л/га) препараттары қолданылды. Базагран (2, 0 л/га) берілген жерлерде гербицидтердің тиімді әсері аз болды.

Бір айдан кейін арамсояу 98, 1-99, 1%-ға жойылды да, қосымша өнім 64-82 ц/га турама шөп алынды.

Ауылшаруашылығына пайдаланбайтын жерлерде арамсояуды жою үшін сыналған гербицидтер ураган 48% с. е. (3, 0-4, 0 л/га) ; пивот, 10% в. к. (0, 8-1, 0 л/га) арамсояуды 91, 4-100%-ке жойды.

Slide 15 Slide 16

Қорытынды

Арамсояу Cuscuta S. P. - бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Арамтамақ (паразит) шөп 200-ден астам ауыл шаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-і, пияз-сәбіз-85%; жоңышқа тұқым өнімдері 95%-ке азаяды. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себпті товар өндірушілердін көп өнімдері сатуға жарамсыз болып зыян шегіп отыр.

Slide 17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Species in Cuscuta (англ. ) . The Plant List (2013) . Version 1. 1. Published on the Internet; http://www. theplantlist. org/. Royal Botanic Gardens, Kew and Missouri Botanical Garden (2013) . Проверено 18 апреля 2014.

Общая энтомология», Г. Я. Бей-Биенко. Москва, «КолосС», 2005

Методические указания по выявлению карантинных объектов- Астана: 2009

Закон Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года № 344-I «О карантине растений»

(с изменениями и дополнениями по состоянию на 16. 07. 2015 г. )

Соколов Е. А. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург Изд ООО «Информзерно» 2004

Практикум по защите растений» Берима Н. Г., «Сельскохозяйственная энтомология» Москва, «КолосС», 2005


Ұқсас жұмыстар
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000 - 5000 жылдары
УНИВЕРСИТЕТІ САБАҚ
Аңдардың терісі және оның туындылары
ӨСІМДІК КАРАНТИНІ
Қырықбуындар класы
Күздік бидайды қарқынды технологиямен өсірудегі негізгі элементтердің алатын орны
Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Күнбағыс майын өсіру ерекшеліктері
Зергерлік тастар
Тауық тарысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz