Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті. БӨЖ Тақырыбы: Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар) Орындаған: Ктанова У. Тексерген:Омарбеков. Е. О Семей 2015-2016 оқу жылы

Slide 2

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізігі бөлім 1. Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. 2. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 3. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Вирус(лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.

Slide 4 Slide 5

Вирустың жасушаға енуі. Бұл процесс вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады: 1) ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ауысуы; 2) вирустық бөлшектің эндоцитозы (пиноцитозы), нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады; 3) цитоплазматикалық мембрананың вирус қабыршағымен бірігуі.

Slide 6

Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен(этап) жүреді - жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНП немесе РНП-ің босанып шығуы. Қабықшасыз вирустардың да шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген.

Вирустардың шешінуі.

Slide 7

Жасуша ішінде вирустардың әрқайсысының өзіне тән шешіну учаскелері болады: пикорнавирустар үшін - цитоплазма(лизосомалар және Гольжи аппаратының қатысуымен) ; ұшық вирустары үшін - ядро айналасындағы кеңістік немесе ядролық мембрананың қуыстары; аденовирустар үшін - алғашқыда цитоплазмалық құрылымдар, сонан соң жасуша ядросы

Slide 8

Вирустар құралуының жалпы принциптері: • Вирустардың қалыптасуы - полипептидтің құрамына қарай жетілген вириондардан ерекшеленетін, аралық пішіндер түзетін көпсатылы процесс. • Жай құралған вирустардың жинақталуы нуклеокапсидтің құрылуымен және вирустық нуклеин қышқылының капсидті ақуызбен әрекеттесуінен жасалады. • Күрделі құралған вирустар қалыптасу барысында өзінің құрамына иесінің кейбір құрылымдарын, мысалы: липидтер мен көмірсутегілерін қосып алады.

Slide 9

Инфекция - микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.

Slide 10

Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік - организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет.

Slide 11 Slide 12

Гуморальды иммунитет. В-лимфоциттер - арнайы қарсы денелер түзу арқылы гуморалдық иммундық жауапты іске асыруға бейімделген иммундық жүйенің торша элементі. Торшалық иммунитет. Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста түзіледі. Әртүрлі вирустық, бактериалдық, саңырауқұлақтық және т. б. індеттердің әсерлеріне қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске торшалардың 3 субпопуляциялары қатысады: 1. Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық және торшалық жауаптарды, макрофагтардың белсенділігін қамтамасыз етеді; 2. Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және індеттелген торшаларды жоюға қатынасады; 3. Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммундық жауапты тежейді және микроорганизмдермен пайда болатын иммундық супрессияға жауап береді.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ветеринариялық вирусология- Ш. Б. Мырзабекова Алматы Білім 2004. 2. Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары- Омарбеков. Е. О 3. Сюрин В. Н., Белоусова Р. В., Фомина Н. В. Ветеринарная вирусология. М. ВО «Агропромиздат», 1991. 4. Сюрин В. Н., Фомина Н. В. Частная ветеринарная вирусология. Справочная книга. М., Колос, 1979 г. 5. Троценко Н. И., Белоусова Р. В., Преображенская Э. А. Практикум по ветеринарной вирусологии М., Агропромиздат, 1989 г.


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
:1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ингибиторлар,интерферондар)
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы туралы ақпарат
1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекц ия түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
«Вирустың енуі. Иммунитет»
Түрлік иммунитет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz