Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквиваленттерінің есебі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Тақырыбы: Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквиваленттерінің есебі.

СӨЖ

Орындаған: Рыскалиева А.

Тобы: УА - 405

Slide 2

Жоспар:

Ақшалай қаражаттар мен элементтері;

Кассадағы ақша есебі;

Ағымдағы банктік шоттағы ақша есебі;

Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақша есебі.

Slide 3

Ақша қаражаттары

Кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметі барысында заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақытта операциялардың барлығы дерлік ақша мен есеп айырысулар арқылы жүзеге асады.

Slide 4

Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының толық және уақытылы есептелуі;

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және тиімді пайдаланылуын бақылауға алынуы;

Төлеу тәртібінің қадағалануы;

Кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысталуының есептелуі.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларына бухгалтерлік есеп жүргізгенде басшылыққа алынатын қағидалар:

Slide 5

Ақшалай қаржылар - кассадағы және банктегі ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.

Slide 6

Ақша қаражаттарының эквиваленттері - қысқа мерзімді жоғары өтімді салулар: ақшалай қаржыларының анықталған сомасына, бағалықтардың өзгеруіне, тәуекелге душар ететін салулар.

Ақшалай баламалар - ақшаға ұқсас, басқаша жіктелетін активтер. (қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар, депозиттік сертификаттар)

Slide 7

Кассадағы ақша есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Slide 8

Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Slide 9

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі.

Slide 10

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.

Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.

Slide 11

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлемдерінің тізімдемесі бойынша таратылады, оның қасбетінде ақша беретін мерзімі жазумен жалпы сомасы көрсетіле отырып, басшы мен бас бухгалтердің рұқсат жазбасы көрсетіледі.

Slide 12

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен бойда кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың тегі тұсына мөртаңба соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;

тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы) » деген жазу жазылады.

Slide 13

Кассада ақшалар есебі бойынша есептік регистрлары:

№ 1 Журнал-ордер (касса шоттарының кредиті бойынша)

№ 1 Төлем тізімдемесі ( касса шоттарының дебеті бойынша)

Slide 14

Ағымдағы банктік шоттағы ақша есебі

Барлық кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі.

Slide 15

Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

Есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, қазақстан республикасы әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

Ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

Бюджеттік шоттар-Қазақстан Респбуликасының республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар- корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге ұлттық банк мекемелерінде және өз арасында.

Slide 16

Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

шотты ашуға берілетін өтініш;

қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;

субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

жарғы көшірмесі;

құрылтай шартының көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте) .

Slide 17

Банктегі есеп айырысу шоты мен басқа да шоттар операцияларын рәсімдеулерге мына құжаттар қолданылады:

Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.


Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Қысқа мерзімді активтердің есебі. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі туралы ақпарат
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары есебі
Табыс салығы
Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі
Ақша қаржаттарының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz