Азық-түлік өнімдері
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК
ӨНІМДЕРІ
Орындаған: Қабдолданова А.А.
Тексерген: Қабденова А.Т.
Тобы: СМ-305
ЖОСПАРЫ:
-Кіріспе
-Негізгі бөлім
-Қорытынды
Азық-түлік — адамның тіршілік көзі. Азық-түлік
қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының
басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету
үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады.
Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер
сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры
дүниежүзінде әртүрлі қалыптасқан.
Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал
өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет
және одан шығатын өнімдерді шығаруға
негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер
негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа
қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау
балық өнімдері зауытында өңделеді. Қазақстанда
ауыл шарушылық алқабының ауданы 1996 жылы
222,2 млн. болды. Оның 14,3% — егістік, 2,3 —
жемшөптік, 83,4% — жайылым. 1997 жылы 14,1
млн. га жерден 12,3 млн. т дән жиналды, оның
үштен екі бөлігін астық (8,9 млн т), арпа — 2,6
млн. т, күріш — 255,3 мың т, жүгері дәні — 111,2
мың т, тары — 63,8 мың т және 18,2 т —
қарақұмық. Одан басқа көкөніс өнімдері — 880
мың т, картоп — 1472 мың т, бақша дақылдары
— 180 мың т, жеміс-жидек — 101,5 мың т, қант
қызылшасы — 128 мың т, майлық күнбағыс — 54
мың т. Қазақстанда азық-түлікті пайдалану
көлемі (жан басына шаққанда орта есеппен,
кг/жылына)
1997 жылы Қазақстан халқының ет, сүт, балық,
жұмыртқа, жеміс-жидек өнімдерін пайдалануы төмендеді,
нан тағамдарын көбірек пайдаланатыны байқалды.
Қазақстан үшін келешекте азық-түлік өнімдерін түрлі
ассортиментпен өндіру өзекті мәселе.
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық
жағдайы адамзат өміріне қауіп төндіруде.
Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын
халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
мәселесі ушығып отыр. 2050 жылға қарай
адам саны 9,5 миллиардқа жетеді деген
болжам бар. Сондықтан да азық-түлік
дағдарысы әлем жұртшылығын, соның ішінде
Қазақстанды да алаңдатып отырған негізгі
мәселе. Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында:
«Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
басты мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік
өнімдері ішкі нарығының 80%-ын отандық
өнімдер құрауы тиіс» - деген болатын. Бүгінгі
таңда ғаламдық мәселеге айналып отырған
азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алудағы
отандық өнімдердің орны ерекше.
Ғалымдардың айтуынша, егер де азық-түліктің 25%-дан
артық мөлшері сырттан алынатын болса, онда азық-түлік
қауіпсіздігін бақылауда ұстау қиынға соғады. Ал ауыл
шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек,
елімізде азық-түлік өнімдерінің 67,5% сырттан алынады
екен. Демек бүгін де елдегі ұлттық азық-түлік
қауіпсіздігі туралы сөз қозғаудың өзі ұят.Азық-түлік
тапшылығының жылдан жылға артуының бір факторы
ретінде жоғарыда аталған халық санының еселеніп өсуін
айтсақ, келесі бір фактор аграрлық сектордың дұрыс
жолға қойылмай, кенже қалуы. Сөзіміздің дәлелі,
еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдері 1990 жылы ЖІӨ-
нің 36% құраса, бүгін де бұл көрсеткіш 4%-дан ары аса
алмай тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жоғары технологияны қолдана отырып, сапалы өнім алу
негізгі мақсат. Кейбір ауыл шаруашылығы техникасының
жоқтығы, технологияның жедел игерілмеуі салдарынан
шикізаттың уақытылы өңделмеуі, ол өз кезегінде арзан
бағамен шекара асып жатқаны жыл бойы жанталасқан
шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының көрінісі.
Негізгі факторлардың бірі тікелей жеткізу жүйесінің
дамымауын, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы
тікелей сауда желісінің жоқтығы да – жиналған өнімнің
бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Тағы да бір
мәселе бұл ауыл шаруашылығындағы өндірістік
инфрақұрылымның дамымауы. Бұл дегеніміз ауылды
жерлердегі жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту
желісі т.б. жетіспеушілігі.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz