Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Факультет:аграрлық Кафедра:ветеринариялық санитария БӨЖ Тақырыбы: Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы

Орындаған:Амиргалина Ж. К

Тексерген : Садуақасов М. С

Slide 2

Жоспар:

I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жылқы малдарының гигиенасы

Түйе малдарының гигиенасы

Қой, ешкі малдарының гигиенасы

III Қорытынды бөлім

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор.

Slide 4

Жылқы малдарын ұстау жүйелері: Жылқы малдарын өсіру көптеген шаруашылықтар үшін, әсіресе табынды-жайып ұстауға қолайлы Қазақстан, Қырғызстан, Башкирстан, Бурят, Якут, Алтай т. б. елдерде кең тараған. Олардан тек құнарлы, сіңімді ет, сүт алып қана қоймай, міну және жегіп жүк тасу жұмыстарына пайдаланады және көптеген жарыс ойындарына қосып, жүлделі орындарға ие болады. Сол сияқты жылқылардан биологиялық препараттар (гипериммунді қан сөлдері, гамма-глобулиндер, қарын сөлдерін т. б. ) алуға пайдаланады.

Slide 5 Slide 6

Жұмыс бағытына арналған жылқылар - шаруашылық ішіндегі жүк тасымалдау, бір жерден бір жерге қатынасу, малдарды айдау, жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т. б. үшін пайдаланады;

Өнімдік бағыттағы жылқылар - ет, қымыз, өндірістерді табында ұстау кезінде, жыл бойына, арзан құнарлы өнімдермен әсіресе жоғарғы сортты жылқы колбаса - шұжықтармен ұлттық дәмді - қазы, қарта, жал, жая тағамдарымен, дем алу орындарына (курорттарға) құнды емдік қасиеті мол сусын-қымыз дайындау, емдеу мекемелеріне арналған емдік биологиялық активті препараттар жасап шығару т. б. алуға;

Спорттық бағытындағы жылқылар - әртүрлі мәдени-спортты ойындарға, туристік саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған;

Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жаңарту бағытындағы селекциялық жұмыстарды жүргізу.

Slide 7

Жылқы шаруашылығында екі ұстау жүйесі: қорада және жайылымда - табында қолданылады. Табында жайып ұстау жүйесі -Бұл жұйені малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер орайына байланысты екі тәсілде пайдаланады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында ұстау болып бөлінеді. Мәдени-табындау тәсілі бойынша асыл тұқымды және жергілікті тұқымды жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Ал қыстың суық кездерінде - іші байлау және бөлмелі орындарға бөліп жабдықталған қораларда ұстайды. Ол үшін табындағы жылқыларды жасы және жынысына қарап біркелкі топтарға бөледі Жақсартылған табындарда ұстау тәсілі кезінде жылқыларды жыл бойы жайылымда жаяды. Ауа райының өте қолайсыз кездерінде айғырлардың арық-жүдегендері, құлынды-буаз биелермен әлсіз, ауру тай-жабағыларға арнап, жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар (15-20 % ) қаралады.

Slide 8

Жылқыларды қорада ұстау жүйесі - кезінде, олардың өндірістік бағыты, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жекелеп және топпен ұстайды. Ол үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы сырықтар мен шектелген бөлмелер - денниктер, топтап ұстауға ірі секциялар жасалады. Денниктерде көбінесе, негізгі айғырларды, құлынды биелерді, енесінен айырған жабағыларды және өнімдік бағалы тай-құнандарды ұстайды. Қалған тұқымдық көрсеткіштері бойынша төмен бағалы жылқылар, жұмыс аттары топтап 20-100 басқа дейін ірі секцияларда (залда) ұсталады. Топта (залды) ұстайтын қоралардың ішінде де билердің құлындайтын орындар-денниктер қаралады. Жылқылар зауыттарына, қораның ық жағынан серуен алаңдары (поддоктар) қаралады. Жекелеме серуен алаңдарының ауданы негізі айғырлар үшін - 600 м², үйрететін жас жылқыларға - 400, басқа жылқылар топтарына - 200 м² қаралады. Жұмыс аттары үшін серуен алаңдары қаралмайды, бірақ аттарды тексеріп, тазалау жүргізу үшін сыртқы ат байлау орындары қаралады. Жылқыларды суаруға таза құдық сулары пайдаланады. Санитарлық-гигиеналық талаптарға суларының сапасы сәйкес келетін өзендер, көлдер, бұлақ және тұма суларында пайдалануға болады.

Slide 9

Жылқы фермаларының негізгі құрамдары Жылқы фермалары, құрғақ, жер астының сулары жоғары емес жерлерге орналастырылады. Ферманың территориясы рельефі бойынша табиғый жауын, қар сулары ағатындай, жан-жағына еңіс болуы керек. Батпақты жерлер, әртүрлі ағынсыз сулардың жағасына таяу орналастырылмайды. Ондай жерлерге салынған жылқы қораларының іші сыз болып, әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады. Жылқы фермаларын мал өнімін өңдейтін, өндіретін өндірістерден (тері зауыдтары, ет комбинаттары т. б. ) 3 км жақын, малдар өлекселерінің қоймаларынан, ірі жол қатынастарынан 2 км таяу орналаспауы керек. Жылқы фермаларына орын тандағанда ол жерлердегі ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптардың дұрыс сақталып, ондағы эпизоотологиялық жағдайдың амандығы ескеріледі.

Slide 10

Айғырларды күтіп-бағудың гигиенасы: Жылқылардың шағылысуға түсетін кезі 1, 0-1, 5 жаста, ал жергілікті, жай пісіп-толатын жылқыларда 2, 5-3 жастарында басталады. Бірақ айғырларды шағылысқа ерте пайдалану, олардың жалпы өсуін тежейді. Сондықтан айғырларды шағылысқа 3-4 жастан, ал кейде 5 жасынан бастап қана қосады. Айғырлардың рационы толық құнарлы болу үшін дәнді-бұршақты шөптер, шөп ұнын, 2-3 құрама азық түрлерін (сұлы, арпа т. б. ) және сулы азық (өндірілген бидай, арпа, көк шөп, сәбіз т. б. ) қосады. Шағылыс кезінде ұрықтың сапасын жоғарлату үшін, негізгі рационнан басқа қосымша қант, тауық жұмыртқаларын және көк сүт береді. Айғырларға арналған рационның толық құнарлылығы, олардың ұрықтарының (сперма) мөлшері, сапасы және айғырлардың шағылысқа түсу жиілігі, тұқымы, тірі салмағы жасы тағы басқа көрсеткіштері мен сипатталады. Тәжірибеде айғырларға протеиндердің, фосфордың және витаминдердің жетіспеушілігі жиі кездеседі. Айғырлар мезгіл-мезгіл жаңа шабылған көк шөп (тәулігіне 15-20 кг) жеуі керек. Қоралардың ішінде тұрғызып айғырларды көк шөп пен көректіргенде, олардың аяғы ісетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан оларға активті моцион белгіленуі қажет. Құнарлы азықтандыру мен қатар айғырларға күнделікті (желіп немесе аяңдап) 7-15 км жүріп серуендетеді.

Slide 11

Құлындардың гигиенасы Құлын туғаннан соң 1, 0-1, 5 сағаттың ішінде тұрып, енесінің емшегін еме бастайды. Жас төлдің организмін иммунды белоктармен қамтамасыз ету үшін жаңа туған құлын уызға тойып ішу керек. Құлын алғашқы үш апта бойына тек қана енесінің сүтімен көректенеді де, әр 0, 5-1 сағатта еміп отырады (тәулігіне 50-60 рет) . Енесі өліп жетім қалған құлынды, басқа құлынсыз биелерге телиді. Бірақ ондай жағдай сирек кездеседі. Сондықтан сиыр сүтінің үштен біріне қайнаған су қосып және әр литіріне бір үлкен қасық (столовай) қант салып құлынға ішкізеді. Туғаннан соң 3-4 күннен кейін биелерді құлынымен бірге 10-15 минут манежде жүргізіп серуендетеді де, құлынның енесінің соңынан еріп, жетілуін және биенің жыныс мүшелерінің тез орнына келіп, қайта күйтінің тууын қамтамасыз етеді. Бір аптадан соң биені құлынымен бірге ашық базаларға шығарып 20-30 минуттан бастап серуен мезгілін ұзарта береді. Алғашқы аптада биені құлынымен бірге жеке серуенге шығарса, кейіннен 2-3 бастан біріктіріп, біртіндеп ұлғайта береді. Бір апта өткен соң құлынға ноқта кигізіп, жетекке үйретіп, денесін щеткамен немесе солома бумасымен тазалайды. Құлындарды екінші айлығынан бастап жаншылған сұлы мен бидай кебегін беріп үйретеді. Ерте туған (қаңтар-наурыз) құлындар жайылымды жақсы пайдаланса, кеш туғандар ыстыққа ұрынып, қан сорғыш шыбындардың көбейіп, тез жетіліп, өсуіне бөгет жасап дұрыс жайыла алмайды.

Slide 12

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі

Slide 13

Түйелердің азықтандыру және күтіп бағуына қойылатын гигиеналық талаптар Түйенің ауызының іші сүйектеніп, қатқан эпителиямен қапталған болып келеді де, олар басқа малдар жей алмайтын тікенді, қатты өсімдіктермен, көбінесе шөлейт жерлерде өсетін, ащы, жұсан, ши, қараған, шеңгелдермен көректенеді. Жетімсіз азықтандырылып, күтімі нашар болған кездерде түйелер бойына-өркештеріне жинаған майларын пайдаланып, шығындайды да, оны қайта қалпына келтіру үшін, кем дегенде үш ай уақыт керек болады. Түйелердің бойына май жинап, семірулері екі мезгілде көктем және күзде болады. Ол кездерде олардың бар тұқымдарында да (нарлар-дромедарлар, қос өркешті-бактериандар тағы басқа олардың шаталары-гибридтары) өте көп мөлшерде май-жиналады (100 кг дейін) . (сурет 15) Оларды семірту кездерінде, көбінесе жынысы, жасына байланысты топтарға табындарға бөледі. Шағын түйе шаруашылықтарында бір табынға жас тайлақтарды, үлкен түйелерді, әртүрлі себептермен сұрыпталып, бракқа шығарғандарды да жатқызады. Көктемнің басында құрылған табындардың үлкендігі 60 бастан артық болмайды. Табындағы түйелер санының өте көп болуы, олардың шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарда азық тауып көректенуі қыйынға түсіп және сумен қамтамасыз ету ауырлайды да, олар арып, күйі төмендеп кетеді, ал жас бота-тайлақтардың өсіп-дамуы тежеледі

Slide 14

Түйелерді жұмысқа пайдалану гигиенасы: Міңгі білетін түйелер мен күніне аяң мен, 10-12 шақырым жылдамдықпен сағатына алып, 100 км дейін жүруге болады. Түйенің арқасына артқан жүктің ауырлығы өз салмағынан аспауы керек. Бірақ тәжірибеде бір түйенің арқасына 750 кг жүк тиеп, тасылғаны дәлелденген. Түйенің арқасына жүкті артар кезде де, оны түсіргенде де, оны шөгеріп жасайды. Сондықтан, түйенің шөгетін жері қатты тастақ болып, тізелерін жарақаттандырмай және тайғақ болып, сіңірін созып, буынын шығарып алмауын қадағалау керек. Алыс жолдарға жүк тасыған кездерде әрбір 5-6 шақырым жүрген соң түйелерді тоқтатып, үстіндегі теңін түзетіп, дем алдырады. Түйелердің қалыпты жүк тартуға түсетін күші өз массасының 10 - 12% сәйкес болуы керек. Түйені жұмысқа пайдалану мерзімінің ұзақтығы тәулігіне 10 сағаттан аспауы керек, ал қалған уақытта олар жайылып, күйсеп дем алып жатулары қажет.

Slide 15

Қой малдарының гигиенасы Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып, жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды. Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып күтіп-бағады. Қолда тұрғызып көбінесе қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған қораларда ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық науаларын орнатып, су ішетін астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы кездерінде базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде қораға қамайды. Ал күннің жылынған мезгілдерінде жайып-бағады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Іңгендерді сауудың гигиенасы
Қой шаруашылығы гигиенасы
Қойлар гигиенасы
Жылқы гигиенасы
Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы
АДАЙ ТҰҚЫМЫ
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Шаш гигиенасы
Бағалы терілі аңдар гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz