Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым



Семей қаласындағы
Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Тексерген: Жакпарова Г. А
Орындаған: Қалыбаева Э. С
Е-413 топ
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: - Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гулденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, - деген болатын. Ол үшін ең әуелі жастарды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Мемлекеті мәңгілік елдің ұрпағының тәрбиесі елжандылық сезімінің, рухы биіктігінің негізінде. Президентіміздің биылғы Жолдауының тағы бір ерекшелігі - Мәңгілік Ел құруды көздейтіні. Өйткені, бұл біздің отандық ортақ тарихымызға жаңа ұғым. Мәңгілік Ел құруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру жөніндегі нақты бағдарлама. Бұдан бөлек Қазақстанның әлемнің ең дамыған мемлекет құру идеясыда жан-жақты мазмұндалған. Қазақстан ғасырға татитын ұлан ғайыр табыстарға жеткен тарихи жолдан өтті. Дербес даму жолының нысаны табылды, жаңғыру кезеңінен өтіп, жаңа заманауи белеске шықты. Ал осыдан 15 жыл бұрын қабылданған ұзақ мерзімді стратегия 2030 бізге даму жолымызды нақтылауға бағыт берді. Ел экономиясы дамып, дүние жүзіндегі алдыңғы 50 дамыған елдің қатарындамыз.

Сонымен бірге ұлттық патриотизмнің негізгі құндылықтарына Отан, Атамекен, Ел, Жұрт, Азаматтық борыш, Ар-намыс, Адалдық пен Әділеттік, Азаматтық парыз, Қанағатшылық пен жомарттықты жатқызамыз. Сөйтіп оны қадірлеп, құрметтеу деп белгілейміз, демек, атамекен дәстүрлі дала қоғамның қоныс тепкен кеңістігі қазақ жұртының тіршілік кеңістігі өмір сүру ортасы жер, Отан, Ата-мекен, ел егіз ұғым, Отан адамның бойында патриоттық сезімді туғызуының қажетті шарты деп ой қорытамыз. «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешектің өміріне қауып әкеледі» деп-ұлы ғалым, философ Абу Насыр әл-Фарафи бабамыз айтқан. Өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз деп есептейміз.

Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған. Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады.

Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі - ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Біз ата дәстүріне сүйене отырып, халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетукін армандаймыз. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру - бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білеміз.
Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын - азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар - жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.

Патриотизм ұғымына енетіндер:
- Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау,
- Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауы.
М. Шахановтың сөзімен айтсақ:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамның өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,
Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі
Қадамына, шуақ шашар үнемі.

ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының Отан сүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып дамытуда ұлттық тәрбиеде бірінші орынға қойды. Білім мен ғылымды және тәрбиені өркениетке жеткізудің жете жолы санаған Алаш ардақтысы Ж. Аймауытовтың пікірінше тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі, соңғысы күшті болмаса бара -бара жамандыққа жақындататыны белгілі «Жақсы жігіт он бесінде басбын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын» - дейді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі діңгегі десе де болады. «Атанның ұлы болма, адамның ұлы бол»дей келе адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай бабамызда айтып кеткен. Бұл өсиет - пікірлер мектебіміздін жеке тұлғаны тәрбиелеудегі темір қазығы

Өткенімізге көз жүгіртсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болып, көшпенді өмір сүргенде рулық сана басым болды. Ата-бабаларымыздың аталас, рулас болып топтасып өмір сүруі Ресейге отар болғаннан кейін де жалғасты. Тек жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде большевиктік жүйенің басымдығы, тоталитарлық жүйенің интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана әлсіреп, космополиттік сана күш ала бастады. Сондықтан ұрпақтарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына дарытуда Елбасы Н. Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».

Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына, шығармашылығына арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.
Біздің ұлттық мұрамызда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі жатыр.

Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде ұлттық өнер ерекше дамыған. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды. Сол сияқты күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде - ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т. б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты - сөз өнері, күй өнері, сән өнері сияқты өнердің басқа да түрлері жоғары дәрежеде дамыған. Осы асылдарымыз қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы Ресейдің бодандығында болып, өмір салтына өзгерістер енгеннен кейін (қазақтың төл ұлттық қол өнері) басқа рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, көбі ұмытылып кетерлік күйге жетті.

Ұлттық құндылықтарымыздың бір тармағы - дәстүр. Дәстүр - ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Алдымен «дәстүр» сөзінің мағынасын біліп қойғанның еш артықтығы жоқ. «Дәстүр» арабтың «дүстүр» деген сөзінен парсы тілі арқылы келген сөз. Егер мағынасына үңілсек «орныққан», «тұрақты» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан ұрпағымызға сәби кезеңінен бастап ата-анасы, ұстаздары олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық дәстүрлерімізді бойына дарытып отыруға міндетті.

Отаншылдық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz