:Тыныс алу мүшесі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті. Аграрлық факультет. Ветеренариялық санитария кафедрасы.

БӨЖ Тақырыбы:Тыныс алу мүшесі Орындаған: Балғанбай Ж.

Иманақышева Ж. Тексерген:Сатиева К. Р

Топ: Бл - 309.

Семей 2015 жыл.

Notes: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті. Аграрлық факультет. Ветеренариялық санитария кафедрасы.

БӨЖ Тақырыбы: Микроорганизмдердің өзара қарым - қатынасы. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм және комменсализм. Орындаған: Бекбусунова А. Тексерген: Омарбеков Е. О.

Топ: Бл - 309. Семей 2015 жыл.

Slide 2

Тыныс алу мүшелерінің ағза тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе органдары жатады.

Slide 3 Slide 4

Ауаның жылжуы

Танау

Мұрын қуысы

Аңқа

Жұтқыншақ

көмей

кеңірдек

2 Бронхы

Оң және сол жақ өкпе

бронхиола

альвеола

Slide 5

Мұрын қуысы (носовая полость) . Мұрын қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады.

Slide 6

Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерінен түзілген. Екі жақ шеміршектері танау тесігін қалайтын танаулық шеміршектерге жалғасып жатады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Оның өзі артқы бөлігі - сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады.

Төменгі қабырғасы қатты және жұмсақ таңдайдан түзілген. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатпарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң-тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады, ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз жасы арнаулы түтік арқылы мұрын қуысына еніп, кілегейлі қабатын ылғалдап тұрады.

Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі қауашақтарының бар екендігін байқаймыз. Осы қауашақтар аралығында жоғарғы, төменгі және ортаңғы ауа жолдары жатады. Осының нәтижесінде алған дем тыныс жолына, мүшелеріне тікелей өтпей, осы ауа жолдары арқылы жылытылып, шаң-тозаңнан тазартылып өтеді. Мұрын қуысына маңдай, жоғарғы жақ, ортаңғы құлақ және сына сүйектер қуыстары да ашылады. Олар өзара өте тығыз байланыста болады.

Мұрын қуысы

Жоғарғы

Төменгі

екі бүйір қабырғалары

Slide 7 Slide 8

Мұрын қуысы жоғарыда аталған қызметтеріне қарай тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлімі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше торшалар мен иіс сезу рецепторлары жатады.

Мұрын қуысы арқылы мұрынның артқы хоана тесіктерімен әуелі жұтқыншаққа, одан әрі көмекейге өтеді.

Slide 9 Slide 10

Көмекей (гортань) . Көмекей тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының да бір бөлігі болып табылады. Ол жоғарғы жағынан тіласты сүйекке, төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында жатып алдынан және екі бүйірінен бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпімді шеміршектер бар.

Slide 11

Так шеміршек

Оймақ тәрізді шеміршек

Қалқанша шеміршек

Көмекей қақпақшасы

Мүйізше шеміршек

Қалқанша шеміршек

Жұп шеміршек

Slide 12 Slide 13

Қалқанша шеміршек (щитовидный хрящ) - көмекей шеміршектерінің ішіндегі ең ірісі, ол қалап қойған екі пластинка тәрізді. Олардың алдыңғы шығыңқы келген жерін ер кісілерде көмекей қыры деп те атайды. Шеміршектің жоғарғы шеті ойыс келеді, ал артқы шетінен жоғарғы және төменгі мүйізшелері басталады. Жоғарғы мүйізшесі тіласты сүйекке сіңір байламдары арқылы бекиді, ал төменгі мүйізшесі оймақ тәрізді шеміршекке бекіп, көлденең (фронтальды) білік арқылы айналатын буын түзеді.

Оймақ тәрізді шеміршек (перстневидный хрящ) - сырт пішіні дөңгелектене келген жүзік тәрізді. Оның артқа қарай кеңейіп келген жеріне екі қалақша шеміршегінің төменгі мүйізшесі байланысады. Төменгі жиегі сақиналы сіңір байламы арқылы кеңірдекке жалғасады.

Slide 14

Қалақаша шеміршек (черпаловидный хрящ) - жұп үш қырлы пирамида тәрізді. Ол оймақ тәрізді шеміршекпен тік біліктен айналатын буын құрайды. Оның алға (көмекей қуысына) қараған дыбыс өсіндісі, ал артқа қарай бағытталған ет өсіндісі болады. Осы шеміршектің дыбыс өсінділері мен қалқанша шеміршектің арасында қос дыбыс сіңірі тартылған. Осы екеуінің аралығын дыбыс саңылауы деп атайды. Дыбыс сіңірлері мен дыбыс саңылауларының жатқан жағдайына қарай (олардың тартылуына не босауына байланысты) дыбыс ырғағы өзгеріп отырады. Дыбыс сіңірі ер кісіде жуандау келеді де, дыбыс ырғағы төмен болады.

Slide 15 Slide 16

Көмекей қақпақшасы (надгортанник) - пішіні жапырақ тәрізді, өзінің төменгі жіңішкерген жағымен қалқан шеміршегінің ойысына келіп жалғасады. Оның алдыңғы беті дөңес, артқы беті ойыс болады. Көмекей қақпақшасы тамақты жұтқан кезде тыныс жолын жауып, тағам түйірінің түспеуін қамтамасыз етеді. Тыныс алған кезде ашық тұрып, ауа жүруіне жағдай жасайды. Егер тағамды жұтар кезде сөйлесе, немесе күлсе, көмекей қақпақшасы ашық қалып, тыныс жолына тамақ түйірі түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда тыныс жолы бітеліп қалып, адамның тұншығып кетуі де мүмкін.

Slide 17

Көмекей шеміршектерінің қимылға келуі буынды қосылыстармен бірге бұлшық еттердің жиырылуына байланысты. Бұлшық еттері көлденең салалы ет тканінен тұрады. Оларды қызметтеріне қарай екі топқа бөледі.

Көмекейді тұтасымен қимылдататын еттер. Бірінші топқа тіласты сүйегінің үстіңгі және астыңғы еттері жатады.

Ал көмекейдің меншікті бұлшық еттеріне атқаратын қызметіне қарай тағамды жұту, тыныс алу және сөйлеу процесінің жүруіне себепші болатын еттер жатады.

Slide 18

Көмекей қуысының пішіні құм сағатқа ұқсайды. Ол жоғарғы, ортаңғы, төменгі деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

Жоғарғы бөлімі көмекейдің кіреберіс тесігене басталып, дыбыс сіңіріне дейін созылады. Көмекейдің кіреберіс тесігін көмекей аузы деп те атайды. Ол жұтыну кезінде қақпақшасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда тұрады.

Ортаңғы бөлігі тар, онда жалған және шын дыбыс сіңірлері орналасқан. Дыбыс сіңірлері шыққан деммен тербеліп, дыбыс процестерінің пайда болуына себеп болады. Осы бөлімнің екі бүйір қабырғасында көмекейдің қалта тәрізді қарыншалары орналасқан. Олар адамдарда әртүрлі тереңдікте болып дыбыс жаңғыртушы (резонатор) қызметін атқарады. Бұл адамдарда қалдық есебінде кездеседі де, жануарлардың кейбіреулерінде жақсы жетілген.

Төменгі бөлігі дыбыс саңылауынан төмен жатады. Жоғарғы жағынан серпінді конуспен шектесіп, төмен қарай кеңейе келіп кеңірдекке жалғасады.

Slide 19

Кеңірдек және бронхылар (трахея и бронхи) . Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан, көмекейдің оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхыларға бөлінеді. Кеңірдек 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы 9-15 см болады. Кеңірдектің жұмсақ келген (артқы жақ) бөлігіне өңеш жанамалай өтеді. Кеңірдектің гиалин шеміршегінен тұратын жартылай сақиналары сақина тәрізді сіңір байламдары арқылы байланысып жатады. Оның мұндай құрылыста болуы қабысып қалмай, ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды. Сақиналы байламдар мойында қимылдатқанда кеңірдектің ұзаруына, қысқаруына себеп болады. Олар кеңірдек басталар және бронхыларға бөлінер жерінде жіңішкереді. Кеңірдектің кілегейлі беті көп қабатты кірпікше эпителиймен жабылған. Ол кілегейлі бездерге өте бай келеді.

Slide 20 Slide 21

Маңызы өкпеге кірген шаң-тозаңды ұстап қалып, кірпікшелерінің толқынды қимылымен сыртқа қарай жылжытып отыру және қатты шыққан жөтелмен сыртқа шығару. Бұл жағдай ағзаның қорғаныштық қасиеті болып табылады. Кеңірдек ІҮ көкірек омыртқа тұсында (оң және сол) бронхыларға бөлінеді, оларды негізгі немесе бірінші қатарлы бронхылар деп атайды. Олардың жалпы құрылыстары кеңірдекке ұқсас келеді. Жартылай сақиналы гиалин шеміршектерінен тұрады. Мұның да іш жағындағы кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған.

Slide 22

Оң жақ бронхы қысқа, әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Әрбір бронхы өз өкпелеріне енгеннен кейін бронхы бұтақтарына тарамдала бастайды. Оң жақ бронхы үш бронхы бұтағына, сол жақ бронхы екі бронхы бұтағына бөлінеді. Оларды екінші қатарлы, үшінші қатарлы, төртінші қатарлы бронхыларға және осылай ары қарай бөліне келіп, бронхылар терегін түзеді. Бронхылар бөлініп бұталанған сайын азайып, жұмсақ дәнекер тканьге көше бастайды.

Slide 23

Диаметрі 1 мм жеткен ең кіші бронхылар бронхиолдар деп аталады. Осы бронхиолдар өкпе көпіршіктеріне (альвеолдарға) жалғасады. Альвеолдар бір-бірімен байланысып өкпе ацинусын түзеді. Альвеолдардың қабырғасы бір қатарлы эпителий торшаларынан түзілгендіктен өте жұқа келеді. Олардың сыртын капилляр қан тамырлары торлап жатады да газ алмасу процесін жүргізеді. Капилляр қан тамырларының қабырғасы арқылы қаннан өкпе альвеолдарына көмір қышқыл газы (СО2) өтеді де, кері қанға оттегі (о2) өтіп, артериялық қанға айналып, организмге таратылып отырылады. Екі өкпе альвеолдары 350 миллионға дейін барады, егер оларды бір жазыққа салып жаятын болсақ, жалпы көлемі адам денесінен 75 есе артық болар еді.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Буылтық құрттар туралы ақпарат
Буылтық құрттар
Мұғалімдер әрекеті Оқушылар әрекеті
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАССЫ
Бунақденелілер класы
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Кеңірдек бифуркциясы
ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ БӘЙГЕ
Аңдардың тыныс алу жүйесі
Тынысалу мүшелерінің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz