Тайга: таралуы, климаты, флорасы және фаунасы


Slide 1

Тайга

Slide 2

Жоспар:

Тайга туралы жалпы түсінік

Орналасқан жері

Тайганың климаты

Флора

Фауна

Slide 3

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) - солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалық тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралға жақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған.

Slide 4 Slide 5

Тайга Еуразия мен Солтүстік Американың орасан зор алқаптарын қамтиды. Еуропаның солтүстік-батысында солтүстік полюс шеңберінен асып, Скандинавия тауларына дейін көтеріліп, оңтүстігінде 58 с. е-ке дейін түседі. Сібірдің континенттік климатына байланысты солтүстігінде 72 с. е. және оған керісінше Азияның шығыс жағалауында мұхиттық климат жағдайында оңтүстік-шығысқа (Жапон аралдарында 42 с. е. дейін) өтеді. Солтүстік Америкада Аляска тауларының шығыс беткейінен Лабрадор жағалауына дейін жетеді. Тайга тауларда биіктік ландшафты белдеуді құрайды. Солтүстік Еуропаның, Сібір мен Қиыр Шығыстың, Жапон аралдарының, Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының тауларында таралған. Тайга солтүстікте орманды тундра белдемі, оңтүстікте аралас орман мен орманды дала белдемдерінің аралығын алып жатыр.

Орналасқан жері:

Slide 6 Slide 7

Климаты

Тайга солтүстікте орманды тундра белдемі, оңтүстікте аралас орман мен орманды дала белдемдерінің аралығын алып жатыр. Белдемнің жазы салқын, қысы аязды, ұзақ. Қаңтардың орташа темп-расы -20С-тан 50С-қа дейін, шілдеде 12 - 20С. Жылдық жауын-шашын мөлшемі 300 - 600 мм. Суайрықтар күшті батпақтанған. Көп жылдық тоң кең таралған. Өзендері мол сулы.

Slide 8

Өсімдік түрлерінің құрамына қарай шырша, майқарағай, самырсыннан тұратын қанық жасыл қылқанды және балқарағай мен қарағайдан тұратын солғын жасыл қылқанды ормандарға ажыратылады. Кейде оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен қайың мен көктерек араласады. Қою қанық жасыл қылқанды орман ағаштары саздақты күлгін топырақта бір-біріне жақын, тығыз өсетіндіктен күн түспей, орман іші қара көлеңкелі келеді. Тайгада орасан зор ағаш байлығы шоғырланғандықтан орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, соның ішінде бұғы шаруашылығы дамыған; бағалы аң терісі көп дайындалады. Оңтүстігінде дәмді дақылдар, зығыр және картоп өсіріледі.

Slide 9

1

2

3

1. Көктерек

2. Қайың

3. Зығыр

Slide 10

Жануарлар дүниесінен

бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор қоян, түлкі, елік т. б. бар. Тайга құстарға бай, онда құр, саңырау құр, тоқылдақ, үкі т. б. тіршілік етеді. Бауырмен жорғалаушылардан кәдімгі қара жылан, кесіртке кездеседі.

Бұлғын

Slide 11

1

2

3

4

5

6

1. Aю 3. Бұғы 5. Тоқылдақ

2. Сілеусін 4. Құр 6. Тиін

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай облысы): географиясы, климаты, флорасы және фаунасы
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, жер бедері мен климаты, флорасы мен фаунасы
Қазығұрт ауданының флорасы, фаунасы және дәрілік өсімдіктері
Саванна және тропикалық сирек ормандардың ландшафты, флорасы және фаунасы
Солтүстік Қазақстан облысының физика-географиясы және Наурзум мен Қорғалжын қорықтарының флорасы мен фаунасы
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы: географиясы, флорасы және фаунасы
Оңтүстік Америка: географиясы, флорасы мен фаунасы және Tapirus kabomani жаңа салпыерін түрінің табылуы
Қазақстанның орман қоры: түрлері, флорасы мен фаунасы, қорғау және басқару мәселелері
Африканың табиғат зоналары: құрылымы, флорасы мен фаунасы және шаруашылық пен экологиялық мәселелері
ТМД елдерінің флорасы мен фаунасының зоналдық таралу заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz