Азжылдық және көпжылдық арамшөптер: өкілдері, сипаттамасы және күресу шаралары


Slide 1

Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама

Орындағандар: Әбдікәрімова Райгүл

Какенова Гүлдана

Тобы: АГ - 313. III - курс.

Тексерген: Қаламов Б. Х

Slide 2

Тақырыптың мақсаты:

Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама бере білу және танысу

Азжылдық, көпжылдық арамшөптердің ауыл шараушылық дақылдарына тигізетін зиянын түсіндіру

Slide 3

Мазмұны:

Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олармен күрес шаралары

Көпжылдық арамшөптер өкілдері және оларға қысқаша сипаттама

Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы

Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары және олармен күрес шаралары

Slide 4

Дәрілік түйежонышқа

(Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs)

Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1, 5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 1, 8-мм, ал көлденеңі-1, 25-1, 50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады.

Slide 5

Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары

Slide 6

Көпжылдық арамшөптер,

өкілдері және оларға қысқаша сипаттама

Көпжылдық арамшөптерге 2 жылдан артық өмір сүріп, бірнеше рет ұрпақ беретін өсімдіктер жатады. Олар негізінен вегетивтік жолмен, сонымен қатар тұқымы арқылы көбейеді.

Олар тамыр жүйесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Slide 7 Slide 8

Ащы жусан (Полынь горькая Artemіsіa absіnthіum) .

Күделі гүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді, оның ұзындығы 0, 8 мм, топырақтың беткі қабатынан жақсы өніп шығады.

Вегетативтік көбеюі тамыр мойнында орналасқан бүршіктері арқылы жүзеге асады. Бұл бүршіктерден бірінші жылы сабақ түзбейтін өркендер пайда болса, ал екінші жылы жеміс беріп, содан кейін қурап қалады.

Slide 9

Кәдімгі қамыс. (Тростник обыкновенный, Phragmіtes communіs) .

Астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп. Сабағы биік, 3 метрден асады, жуандығы 1, 2-1, 5 см, іші қуыс. Бұл өсімдіктің шашақгүлінде 5 мыңнан 50 мыңға дейін дән болады. Оның ұзындығы 2мм шамасында, жердің беткі қабатынан жақсы өніп шығады.

Кәдімгі қамыс тамырсабақтары арқылы жақсы көбейеді. Олар топырақтың 40-60 см тереңдігіне бойлай өседі.

Кәдімгі қамыстың бір ерекшелігі - ол тек ылғалы мол жерлерде ғана өседі. Сондықтан, бұл өсімдік республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңіріндегі суармалы егістіктерінде кең тараған.

Slide 10

Кәдімгі қамыс көп өскен танаптарда жерді терең етіп (30см-ге дейін) жырту жақсы нәтиже береді, себебі бұл ретте оның тамырсабақтары топырақтың бетіне аударылып тасталады, содан кейін оны тамыр сабақтарымен қоса жинап алуға мүмкіндік туады.

Кәдімгі қамыс күріш егістігінде көп өсетін болғандықтан, тұқымды сепкеннен 2-3 күннен кейін атыздарға су жібереді, ол кәдімгі қамыстың көк өскінін жояды. Күріш алқабын кәдімгі қамыстан тазартуда ауыспалы егістің, маңызы зор. Тәлімі жерлерде өсетін кәдімгі қамысты жою үшін танапты таза парға қалдырады.

Тамырсабақты арамшөптермен күрес шаралары.

Slide 11

Егістік қалуен

(Осотполевой, Sonchus arvensіs) .

Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 120 см-ге дейін жетеді. Жапырағы ұзынша, жоғарғы жағы жылтыр, ал төменгі жағы күңгірт, яғни көмекскі болып келеді. Гүлдері-себет, түрі сары. Маусым айынан күзге дейін гүлдейді. Бір егістік қалуен өсімдігі 9000 -ға дейін тұқым береді. Тұқымдары ақ түсті, үлпілдекпен жабдықталған, әбден пісіп-жетілгенде үлпілдектері түсіп қалады. Топырақтың 0, 5 см қабатынан жақсы өніп шығады, ал 3 см тереңдіктен өніп шыға алмайды. Тұқымның өніп шығуы үшін жеткілікті ылғал және 20 градус шамасында температура қажет. Топырақта өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Басқа атпатамырлары арамшөптерге қарағанда егістік қалуеннің тік бойлап өсетін негізгі тамыры нашар дамыған, сондықтан топырақта 50-60 см тереңдікке ғана тарайды.

Slide 12

Атпатамырлы арамшөптермен күрес шаралары.

Суық түскенше агротехникалық шараларды уақытында жүргізу арқылы қоректік заттардың қорын азайту керек. Бұл үшін өсімдікті “әлсірету” әдісін қолданған жөн. Оларды сүдігер жыртқанда жоюға болады, яғни 2-3 рет өңдегенде жаңадан пайда болған өсімдіктердің тамырында жиналған пластикалық коректік заттар жұмсалып, күзге қарай олардың қоры азаяды, сөйтіп олардың жер астындағы тамыр жүйелері қысқа қатты аязға төзбей үсіп кетеді.

Ол үшін таза парды жаз бойы 3-4 рет әр түрлі тереңдікке культивациялайды. Топырақты таяз және терең өңдеуді алмастырып отырғанда ғана атпатамырлы арамшөптерді жақсы жоюға болады. Отамалы дақылдардың қатараралығын уақытылы және мұқият культивациялау, топырақтың сортаңдануына жол бермеу, жер асты суларының деңгейін төмендету шаралары атпатамырлары арамшөптерді жоюға көмектеседі. Агротехникалық шаралармен қатар атпатамырлы арамшөптерге гербицидтер қолдану арқылы күрес жүргізу жақсы нәтижеге жеткізеді.

Slide 13

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Паразитті және паразитті емес арамшөптер: өкілдері, сипаттамасы және ауыл шаруашылыққа тигізетін зиянмен күрес
Арамшөптер: түрлері, зияндылығы және бақылау шаралары
Күздік және қыстап шығатын арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары
Астықтың сызықты (сабақ) таты (Puccinia graminis): сипаттамасы, даму циклі және күресу шаралары
Қазақстандағы карантиндік зиянкестер, бөгде өсімдіктер және өсімдік аурулары: сипаттамасы мен күресу шаралары
Цитрус дақылдарының карантиндік зиянкестері мен аурулары: сипаттамасы және күресу шаралары
Картоптың сабақ нематодасы: сипаттамасы, биологиясы, ауру белгілері және күресу шаралары
Қазақстандағы арамшөптердің биологиясы, экономикалық зияны және күресу шаралары
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis): биологиялық сипаттамасы, таралуы және күресу шаралары
Жүгерінің толарсақ қаракүйесі (Ustilago zeae): сипаттамасы, таралуы, есептеу әдістемесі және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz