Мелассадан лимон қышқылын алудың микробиологиялық технологиясы


Slide 1

Орындаған: Төлеубекова М. Т.

Тобы: БТ-307

Тексерген: Мирашева Г. О.

Семей 2015

Мелассадан лимон қышқылын алу

Slide 2

Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянын біліп жүрейік.

Лимон - жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.

Slide 3

Лимон қышқылы

Лимон қышқылы - суда жақсы еритін түссіз кристалдар. Ол лимонда, қарақатта, итбүлдіргенде, шетен жидегінде, қызылшада болады. Оны жеміс суларына, кәмпиттерге, дәрі-дәрмектерге үстеме ретінде және тамақ (қайнатпа, кисель, қырыққабат сорпасы, балық және т. б. ) дайындағанда пайдаланады.

Slide 4

Қанттың лимон қышқылына айналуында зең саңырауқұлақтары, оның ішінде аспергиллус нигер негізгі роль атқарады. Сондықтан бұл микроорганизм техникалық жолмен қанттан лимон қышқылын алуда кеңінен қолданылады. Соңғы кездерге дейін лимон қышқылы лимон жемісінен алынатын. Онда 7-9%-тей лимон қышқылы болады. Едәуір мөлшерде лимон кышқылын өндіру үшін көп мөлшерде лимон жемісі қажет болар еді және лимон қышқылын бұлай өндіру өнеркәсіп үшін экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан да ғылым бүл мәселені микроорганизмдерді пайдалана отырып шешу керектігін үсынды. Лимон қышқылын алу үшін алдымен аспергиллус нигерді қүрамында 20% қанты бар, 0, 3% азот қышқыл аммоний түзы бар қоректік ортада +30-32°-та өсіреді. Екі тәуліктен кейін бүл ортаның бетінде саңырауқүлақ қалың қыртыс түзіп өседі. Осы кезде оның астындағы коректік ортаны ағызып алады да саңырауқүлақты кайнатылып суытылған сумен жуады. Осы ыдысқа енді таза, алдын ала қайнатылған қүрамында қоректік түздары жоқ таза қант ерітіндісін құяды. Осы кезде саңырауқұлақ қанттан лимон қышқылын тез арада түзе бастайды. Мүндағы ашыту үшін салынған қанттың 50-60%-тейі лимон қышқылына айналады. Бұдан әрі оны тазартады да техникалық қажетке жұмсайды. Лимон қышқылымен бірге ерітіндіде көбінесе кымыздық қышқылы да түзіледі.

Slide 5

Лимон қышқылын алуға болады

Лимон қышқылы

Slide 6

Лимон қышқылын алудың технологиясы.

Қанттың лимон қышқылына дейін тотығуы зең саңырауқұлақтарының, соның ішінде аспергиллус нигердің қатысуымен жүреді. Бұл микрорганизмдерді қанттан техникалық жолмен лимон қышқылын өндіруге қолданады. Соңғы кездерде лимон қышқылы жемістерден алынатын еді. Лимон қышқылын алғаш рет өндірістік масштабта цитрус өнімдерінен алынған, ол алынған лимон қышқылы 7-9 % -і ғана құрады.

Ал елімізді лимон қышқылымен қамтамасыз ету үшін біраз мөлшерде жемісті өңдеу қажет болар еді. Бұл экономикалық жағынан тиімсіз.

Лимон қышқылын алу үшін алдымен аспергиллус нигер саңырауқұлағын құрамында 20% қанты бар, 0, 3% азот қышқылы, аммоний тұзы бар қоректік ортада - 30-32°-та өсіреді. Екі тәуліктен соң бұл ортаның бетінде саңырауқұлақ қалың қыртыс түзе өседі. Осы кезде оның астындағы қоректік ортаны ағызып алады да, саңырауқұлақты қайнатып, суытылған сумен тазалап жуады. Бұл ыдысқа таза, алдын ала қайнатылған, құрамында басқа қоректік заттар жоқ, таза қант ерітіндісін құяды. Міне, енді саңырауқұлағы бар қант таза лимон қышқылын түзе бастайды.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Мелассадан лимон қышқылын өндірудің микробиологиялық технологиясы
Лимон қышқылын алудың терең дақылдау әдісі: микробиологиялық технология мен өндірістік параметрлер
Лимон қышқылын өндірудің тереңдік дақылдау әдісі және технологиясы
Органикалық қышқылдарды микробиологиялық жолмен өндіру: лимон және сірке қышқылдарының өндірістік технологиясы
Азот қышқылын өндіру технологиясы мен қолданылуы
Теңізшевройл күкірт құрамды қалдықтарынан күкірт қышқылын өндіру технологиясын зерттеу
Санитарлы-микробиологиялық зерттеулер: принциптері, тікелей және жанама әдістері, көрсеткіштері мен сүттің микробиологиялық ластануы
Витаминдер мен органикалық қышқылдарды биотехнологиялық өндіру әдістері мен технологиясы
Мал несебіндегі индикан, ацетон және сірке қышқылын анықтау әдістері
Оксиқышқылдар: классификациясы, изомериясы, номенклатурасы, синтез әдістері және физико-химиялық қасиеттері (гликоль, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz