Балалар музыка мектебі өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы


Slide 1

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Музыкалық білім беру кафедрасы Орындаған: Бейбітова Қ. Тексерген: п. ғ. к. доцент Сұлтанова Н. К.

Slide 2

Балалар музыка мектебі өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы

Slide 3

Өнер-халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұлттық өнер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Slide 4

Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрын киіз үйге жиналып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісін өнер мектебі деуге болады. Музыкалық тәрбиені ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған. Соның арқасында қазір елімізде көптеген өнер мектептері мен балалар студиялары жұмыс жасайды.

Slide 5

Өнер мектебінің оқушыларына эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Осы мәселелерді қайта жандандыру мақсатында оқушыларды қабілетіне қарай - жыраулық өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде - ән-саз пәнінің алатын орны орасан зор.

Ән-саз өнері оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған оқушының бойында қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені оқушыны сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп, оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет.

Slide 6

Балалар музыка мектебінің сабақтарының негізгі мақсаттары мынадай:

Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету;

Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету;

Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу;

Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеру, жаттықтыру.

Slide 7 Slide 8

Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын талаптар:

Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;

Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;

Үйренетін әнге қызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау;

Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;

Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін анықтау:

Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып, әнді үйрену кезеңі.

Slide 9

Балалар өнер мектебінің негізгі міндеттері:

-балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің берік тірегін қалыптастыру, жеке дамуы үшін жағдай тудыру жолымен интелектін байыту;

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Музыка мектебі,музыка студиясы, өнер мектебі
Балалар музыка студиясы,балалар музыка мектебі,өнер мектептерінің ерекшеліктері
Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ
Корея Республикасының білім беру жүйесі
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Аңыз - әңгімелер
Шығармашылық қабілеттін дамыту
Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz