«Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану»


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану-математика факультеті Математика кафедрасы

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты, шешендік сөздер қолдану»

Орындаған: Мұратбекова А, Т-411топ

Семей қаласы, 2015ж

Slide 2

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар.

Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Slide 3

Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер. Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала. Жақсы келін - қызындай, Жақсы күйеу - ұлындай. Бала тәрбиесі бесіктен. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады.

Көн қатса, қалпына барады. Көпке түскен іс анығына барады. Келінім, саған айтам, Қызым, сен тыңда. Тауда туған құлынның Екі көзі таста, Ашаршылықта туған баланың Екі көзі аста.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

Ине өткен жерден жіп өтер.

Slide 4

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т. б.

Slide 5

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор. Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген мәлім. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

Slide 6

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні. Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Slide 7

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар. Мысалы: Жеті қазына Жеті ата Жеті жұт Ер жігіт 1. Бала 1. Құрғақшылық Сұлу әйел 2. Әке 2. Жұт (мал қырылу) Ақыл, білім 3. Ата 3. Өрт Жүйрік ат 4. Арғы ата 4. Оба (ауру) Қыран бүркіт 5. Баба 5. Соғыс Берен мылтық 6. Түп ата 6. Топан су Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата 7. Зілзала (жер сілкіну) Жеті күн Жеті ғалым Жеті әулие Бүгін 1. Шығыс 1. Меке шәріп Ертең 2. Батыс 2. Мәдина шәріп Бірсүгіні 3. Оңтүстік 3. Бұхар шәріп Арғы күні 4. Солтүстік 4. Шам шәріп Ауыр күн 5. Аспан (жоғары ғалым) 5. Қатым шәріп Соңғы күн 6. Жер орта 6. Құддыс (Мысыр) шәріп Азына 7. Жер асты( төменгі ғалым) 7. Кәләм шәріп (Құран)

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
«Тұлға тәрбиелеудегі қазақ фольклорінің ролі»
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Халық тық педагогика
Ана тәрбиесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz