Java тіліндегі типтер мен айнымалылар: примитивтік типтер, атау ережелері және мысал


Slide 1

Java тілі. Типтер және айнымалылар.

Slide 2

Java - Sun Microsystems компаниясының жасап шығарған объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі.

Ресми шығу күні - 23 мамыр 1995 жыл.

Java - дағы бағдарламалар, байттық кодты өндейтін және жабдықтамаға нұсқамаларды беретін интерпретатор болып табылатын (JVM) Java виртуалды машинасында орындалатын байт-кодқа трансляцияланады.

Slide 3

Java - қатты типтелген бағдарламау тілі.

Типтерді системалық пакеттерден табуға болады және бағдарламалау барысында мәліметтер типтерді анықтауға болады.

1. Бүтін сандар (Integers)

2. Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point)

3. Символдар типі (Characters)

4. Логикалық тип (Boolean)

Slide 4

Бүтін сандар (Integers)

Математикадағыдай Java-да бүтін сандар бөлшек бөлігі жоқ сандар. Java тілінде бүтін сандар үшін 4 тип қарастырылған.

Тип Жадтағы орны Анықталу облысы, [ ]

int 4 байт -2, 147, 483, 648; 2, 147, 483, 647

short 2 байт -32, 768; 32, 767

long 8 байт -9, 223, 372, 036, 854, 775, 808; 9, 223, 372, 036, 854, 775, 807

byte 1 байт -128; 127

Көп жағдайда int типі тапсырманы шешу үшін жеткілікті болады.

Бағдарлама үлкен сандармен жұмыс істейтін болса, онда long бүтін сан типі болады.

Slide 5

Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point)

Өзгермелі нүктесі бар типтер нақты сандар, бөлшек бөлігі бар сандарды сипаттайды. Бұл мәлімет типінің екі түрі бар.

Тип Жадтағы орны Анықталу облысы, [ ]

float 4 байт шамамен ±3. 40282347E+38F

double 8 байт шамамен ±1. 79769313486231570E+308

double типі float-қа қарағанда екі есе көп орын алады. Демек double типі санды екі есе дәлдікпен көрсетеді.

Slide 6

Символдар типі (Characters)

Символдар типі char кілт сөзі арқылы белгіленеді және 1 байттық символдар мен әріптерді сақтай алады.

Slide 7

Логикалық тип (Boolean)

Логикалық типтің екі ғана мәні

true (ақиқат)

false (жалған)

Бұл тип логикалық шарттарды бағалау үшін қолданылады. boolean кілт сөзі арқылы белгіленеді.

Slide 8

Айнымалының аты кез-келген әріптерден, “_” және “$” символдарынан басталады.

Сандардан бастап жазуға болмайды.

Кез-келген ұзындықта бола алады.

$2, ComputeArea, area, radius және showMessageDialog деп айнымалыны атауға болады.

2A және d+4 деп айнымалыны атай алмаймыз.

Java символдардың регистріне сезімтал тіл болғандықтан x және X айнымалылары екі бөлек болады.

Slide 9

Айнымалылар бағдарламада мәліметті сақтау үшін қолданылады. Мысалы келесі бағдарлама шеңбердің ауданын есептейді:

class ComputeArea {

public static void main(String args[] ) {

int radius = 1;

double area = radius * radius * 3. 14159;

System. out. println("The area is " + area + " for radius " + radius) ;

}

}

Slide 10

Орындаған: Толеуханова Л. Е.

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.


Ұқсас жұмыстар
С тіліндегі айнымалылар, жолдық типтер, енгізу-шығару және тармақталу негіздері
Visual Basic тіліндегі айнымалылар: ұғымы, атаулары, типтері және меншіктеу ережелері
Массив ұғымы және Pascal тіліндегі массивтер: типтер, операциялар және мысалдар
Java тіліндегі объектіге бағытталған бағдарламалаудың негіздері
Паскаль тіліндегі мәлімет типтері, өрнектер және айнымалылар
Java тіліндегі объектілі-бағытталған программалау: негізгі қағидалар мен құралдар
Қазақ тіліндегі сөзжасам: тәсілдер, типтер және өт түбірінің сөзжасамдық ұясы
9-сынып Информатика: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, айнымалылар және өрнектер
Паскаль тіліндегі шамалар мен идентификаторлар: түрлері, жазылу ережелері және практикалық тапсырмалар
Алгоритмдер мен программалау негіздері: Pascal тіліндегі операторлар, айнымалылар және енгізу-шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz