Шегіргүл – фиалка




Презентация қосу
Шегіргүл – фиалка ( лат.
Víola )

Орындаған: Сағидоллаева А.
Тобы: АГ-213
l
Шегіргүл тұқымдасы
l
Шегіргүл гүлі
l
Ботаникалық сипаты
l
Түрлері, өсетін жері мен таралу
аймағы
l
Халық шаруашылығындағы маңызы
Шегіргүл тұқымдасы (Vіolaceae) —
қос жарнақты, шөптесін өсімдіктер,
кейде бұта, шала бұталар. Жер шарында
кең тараған, негізінен тропиктік,
субтропиктік және қоңыржай
аймақтарда өсетін 22 туысы, 900-ден
астам түрі белгілі.Қазақстанда бір
туысы — шегіргүл бар. Жапырақтары
кезектесіп орналасады. Гүлдері дұрыс
кейде бұрыс пішінді, ірі, қос жынысты
(дара жыныстылары өте сирек
кездеседі), жеке кейде шоғырланып
өседі. Тостағанша, күлте
жапырақшалары және
аталықтарының саны бесеуден;
гинецейі (жабық тұқымды өсімдіктер
гүліндегі аналық жиынтығы) 3, сирек 2
— 5 жеміс жапырақшаларынан
құралады.
Шегіргүл (лат. Víola) –
шегіргүл тұқымдасына
жататын екі жылдық, шөп
тектес, кейде бұталы өсімдік.
Мұны кейде: «үштүсті гүл»,
«ағайынды гүл», «бақ
фиалкасы» деп те түрліше
атайды. Сонымен қатар,
өсімдіктің қазақша –
көбелекгүл, қожағай,
орысша – «Анютины глазки»,
«Иван-да-марья» деген
қосымша атаулары да бар.
Шегіргүлдің үйде және
далада өсетін түрлері бар.
Ботаникалық сипаты
Шегіргүлдің биіктігі 10 — 15(25) см. Сабағы тік, аласа.
Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төменгі жапырақтары
жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары — жіңішке,
қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді. Гүлдері ірі, қос
жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 — 12 см)
орналасады. Тұқымы - ақуызды ұрықтар. Аналыққа
қысылған аталығы бесеу, жіпшелері қысқа, алдыңғы екі
аталығы қапшық сияқты шірнелік. Аналығы бір ұялы, көп
тұқымды түйін, аналық аузы қатпарлы. Аналық мойны шар
тәрізді. Жоғары күлтесі қанық көк, қошқыл, екі
жағындағылары — ашық көк, төменгілері — сары түсті
болады.
Сәуір айында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады.
Жемісі — үш ұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып
кетеді. Гүліне байланысты қарапайым, күрделі, гүлпарлы,
шашақталған деп ажыратуға болады. Гүлінің түсі біркелкі
ақ, күлгін, қызыл және түрлі- түсті болып келеді.
Жапырағына байланысты түрлері әдетте доғал, дөңгеленген
және жүрек пішіндес. Түсі біркелкі ашық және қою жасыл.
Беті жылтыр, тегіс қатпарлы, және түкті болып келеді.
Жапырағының жиегі тегіс, аратісті болып келетін түрлері бар.
Шегіргүлдерді көлемдеріне байланысты да ажыратуға
болады. Әдетте көп таралған гүлдің көлемі 20-40 см, одан
үлкен 40-60 см-лік ірі түрлері және диаметрі 15 см, тіпті 6 см-
лік кішкентайлары да болады. Сонымен қатар шегіргүлдердің
төменге жайылып өсетін түрлері де бар.
Түрлері, өсетін жері мен таралу
аймағы
Жер шарында негізінен қоңыржай
аймақтарда кездесетін 500-ге жуық
түрі белгілі. Қазақстанның барлық
аймақтарындағы шалғынды
жерлерде, тауаралық шалғынды
алқаптарда, өзен жағаларында,
орман арасында, жыраларда өсетін 31
түрі бар. Қазақстанда үш түсті
шегіргүл (Viola tricolor) және хош иісті
шегіргүл (Viola odorata) түрлері өседі.
Жиі кездесетіні — үш түсті шегіргүл
(Viola tricolor). Отаны - Шығыс
Африкадағы Узамбар мен Улугур
таулары. Германияда және Россияда
«узамбар фиалкасы», Англияда
«африка фиалкасы» деп атайды, ал,
сенполия-латынша аты.
Халық шаруашылығындағы маңызы:
l
Шегіргүлден алынған препараттар
бронх бездерінің қызметін
күшейтеді. “Тривиолин” препараты
жөтелге ем.
l
Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-
ақ эфир майын алу үшін өсіреді.
l
Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) —
дәрілік өсімдік, оның құрамында
глюкозидтер, сапониндер,
қышқылдар, флаволоидтар,
алкалоидтар, каротин және
дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық
медицинасында өсімдіктің
қайнатпасы мен тұнбасын ішіп
немесе теріге жағып, сары ауруды,
ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері
ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп
жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға
кеңінен қолданады.
Қорытынды:
Қорытындылай келетін болсам, шегіргүл екі жылдық, шөптесін
өсімдік. Шегіргүлдің үйде және далада өсетін түрлері бар.
Қазақстанның таулы аймақтарында шегіргүлдің табиғи түрі өседі.
Өсімдік суды көп қажет етеді және жарықты жақсы көреді.
Топырағы жеңіл және үнемі ылғалды болғанын қалайды.
Шегіргүлдің биіктігі 10 — 15 см. Сабағы тік, аласа. Жапыра қтары
кезектесіп орналасқан. Аналығы екі ұялы. Сәуір айында г үлдеп,
шілде - тамызда жеміс салады. Гүлінің түсі біркелкі а қ, к үлгін,
қызыл және түрлі- түсті болып келеді. Жер шарында 500-ге жуы қ
түрі кездеседі. Қазақстанда екі түрі өседі: үш түсті шегіргүл ж әне
хош иісті шегіргүл. Шегіргүл - дәрілік өсімдік, оның құрамында
глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар,
каротин және дәрумендері (С, Е, Р) бар.

Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбалардың индикаторлары
Гүлдер әлемі
Шегіргүл өсімдігінің кең тараған аурулары
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Нейтральды қышқыл топырақта кездесетін индикатор - өсімдіктер
Петуния ( шырайгүл)
Топыраққа сипаттама Индикатор - өсімдіктер
Бөлме өсімдіктері
Компания тарихы
Өсімдіктердің көбею тәсілдері
Пәндер