Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудің жолдары
Презентация қосу
Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудің
жолдары.
Орындаған: Ақчабарова Алуа, ПСМ-311
Тексерген: Садвакасова Г.О.
Шағал деп ірілігі 5 –тен 70 мм-ге дейінгі жыныс тасты сыны қтарын
айтады. Шағал түйірлерінен тұратын жыныстар көбінесе гранит,
гнейс, диабаз, әктас, құмдақтар басым болады. Өзен арнасы мен
теңіз жағалауындағы шағал түйірлері көбінесе домалақтау, тегіс
бетті, сопақтау болып келеді. Мұндайлар бетондағы цемент тасымен
нашар ұстасады. Шағалдың ұстасуы жеткіліксіз болғандықтан
беріктік шегі 30 МПа –дан жоғары болатын бетондарда
қолданылмайды. Шағалдың ірі фракцияларын қиыршық тас алуға
пайдаланады.
Техникалық талаптар. Бетонды дайындау кезіндегі жеке-жеке
мөлшерленетін шағал келесі фракция түрінде қолданылуы керек:
5...10; 10...20; 20...40; 40...70мм. 3...10мм фракцияда ғы ша ғалды
қолдану рұхсат етіледі: гидротехникалық бетон үшін 40...80 және
80...120мм. бұлармен қоса, шағалды екі фракция араласы т үрінде
тасымалдау (жеткізу) рұхсат, мысалы 5...20мм. Ша ғалды ң
беріктігін бағалау үшін белгілі әдіс цилиндрде жаншу арқылы
жүргізеді. Шағал түйірлері әр түрлі тау жыныстарынң
сынықтарынан тұратын болғандықтан, беріктігі бойынша біртекті
емес. Стандарт бойынша шағал құрамында әлсіз жыныстағы
түйірлердің болуына шектеу қояды. Әлсіз деп сумен қаныққан
күйдегі қысу кезіндегі беріктік шегі бойынша 20МПа аз болатын
жыныстарды айтады. Әлсіз түйірде ине сызық қалдырады, берік
түйірде -жоқ.
Қазу және фракциялау. Шағалды әдетте құмды-шағалды
жерлерден құммен бірге қазады. Құмды-шағалды араласта ғы
шағалдың массалық бөлігі орташа 30...40 пайызды құрайды.
Карьер мен қазуды ұйымдастыру принциптері құммен бірдей.
Құмды-шағалды араластан құмды бір бөлек, шағалды бір б өлек
ірілігі бойынша сорттайды. Қазіргі кезде қазылған құмды-шағалды
араласты әркез сорттамайды. Тікелей бетон дайындауда оларды
сирек қолданады. Бұл қарапайым, арзан және кей жағдайда
мақсатты, егер құмды-шағалды араластың түйіршіктік құрамы
бетондар үшін оңтайлы болса және айтарлықтай толқымаса.
Дегенмен сортталмаған құмды-шағалды араласты пайдалану к өп
жағдайда бетонның сапасын нашарлатып, біртектілігін және цемент
шығынын көбейтіп жібереді. Құмды-шағалды аралас жекеленген
құм мен шағалға қарағанда көбірек қабаттануға бейім.
Сондықтанда олар әрқашан біртекті емес. Құмды-шағалды
араласты сорттау үшін грохот (тас елек) қолданады, сусымалы
араластың ірілігі бойынша бөліну процесc електеу деп аталады.
Шағалды сорттау үшін әр түрлі конструкциядағы
жылжымалы електерді пайдаланады. Көп тарағаны
жалпақ (плоский) електер, сипаты бойынша екі
топқа бөлінеді: шайқалатын және дірілдегіш.
Байыту. Шағал - құрамында әлсіз жыныстардың
болуына байланысты (10 % асады) әркез стандарт
талабына сай келмейді. Мұнымен қоса шағалдың
түйірлері бірдей берікті емес. Түйірлерді беріктігі
бойынша сорттау кейбір бөліктерін жауапты емес
үймереттерге, ал қалған жоғары берікті шағалдарды
толтырғыш ретінде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.
Мұндай шағал мен қиыршық тасты байытуды бірқатар
жанама әдістермен іске асыруға болады: майысу
қасиетіне, ысылу, түйір тығыздығына байланысты
бөлу арқылы.
Қиыршық тас. Қиыршық тасты тау жыныстарын
ұсақтау арқылы алады. Бұл жоғарыберікті бетондарға
арналған сапалы ірі толтырғыш. Ол шағалға
қарағанда қымбатырақ, бірақ қиыршық тасты өндіру
көлемі шағалды қазуға қарағанда бірнеше есе асып
түседі. Бұл еліміздің кейбір аудандарында шағалдың
болмауына және жоғарыберікті бетондар үшін
қолданылуымен түсіндіріледі. Қиыршық тас алу
үшін негізгі шикізат негізінен атқылаған жыныстар-
гранит, габбро, диабаз, базальт және карбонатты
шөгінді жыныстар- әктас және доломит болып
табылады.
Техникалық талаптар. Қиыршық тасқа қойылатын
талаптар шағалға қойылатын талаптармен бірдей. Түйір
пішініне байланысты қиыршық тас 3 топқа бөлінеді:
кәдімгі, жалпақ түйірлер және ине тәрізділерді ң болуы
масса бойынша 35 % -ға дейін рұхсат етіледі;
жақсартылған- 25 % артық емес; кубтәрізді- 15 % көп
емес. Арнайы бетондардың кейбір түрлерін, мысалы,
қысымды құбырларға арналған бетондар үшін тек куб
тәрізді қиыршық тастар қолданылуы тиіс. Қиыршық
тастың беріктігі бастапқы тау жынысының сумен
қаныққан күйдегі беріктік шегіне сәйкес келетін
маркамен сипатталып және цилиндрде жаншу кезіндегі
ұсақталу көрсеткіші бойынша жанама түрде анықталады.
Өндірісі. Қиыршық тас өндірісі келесі
технологиялық процестерді қамтиды: тасты қазу,
ұсақтау және сорттау (електеу). Тасты қазуды негізінде
карьерлерде жүргізеді. Тау жыныстарын қазу аршу
жұмыстарымен, яғни өсімдік қабаты мен құмды-сазды
жыныстарды алып тастау жұмыстарымен қатар жүреді.
Аршу жұмыс құрамына жоғары (зонасындағы)
қабаттағы (желденген зонасы) жарамсыз тасты алып
тастау жұмыстары кіреді. Бұл жұмыстарды жару
атылдыру әдісімен тастарды үйіндіге тасымалдаумен
орындайды.
Тас массивін аршып және арнайы бұрғылау машинамен дайындап
болғаннан соң массивте уступ бойымен бір қатарда немесе 4...7 м
сайын шахматтық 2-3 қатарда диаметрі 250мм-ге дейін 10...20м
тереңдікте скважина (ұңғыма) қазып, жарылғыш заттарды (аммонит,
тротил және т.б.) орналастырады және бірмезгілде жаппай жарылу
жасайды (алдын ала қауіпті аймақтан адамдар мен техниканы
аластату керек). Жарылу нәтижесінде уступ әр түрлі іріліктегі
жарылған тастармен және глыбалармен толады. Ірі үйінділер
(глыбаларды) (габаритті емес) екінші қайтара шпурлы зарядпен
жарып, одан кейін опырылған тастарды сыйымдылығы 2...4 м3
ожаулы қуатты экскаваторлармен өңдейді. Өңделген тастарды
экскаватормен көлікке тиеп, ұсақтағыш-сорттайтын зауытқа
жеткізеді. Ұсақтағыш-сорттайтын зауыттағы негізгі құрал-
жабдықтар – ұсақтағыш және тас електер, сонымен қатар ленталы
конвейер, қоректендіргіштер, транспортерлер болып табылады.
Көбінесе вибрациялы және гирационды електерді пайдаланады. Ірі
тастар үшін қозғалмайтын колосникті електерді пайдаланады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz