Күздік көбелегі:биология,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі


Slide 1

Күздік көбелегі:биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі. Орындаған: Мусина Арай Топ:АГ - 213 Тексерген: Сагандыков С. Н

Slide 2

Жоспар

Күздік көбелек

Күздік көбелектің даму фазалары

Күздік көбелектің таралуы аймақтары

Күздік көбелектің зияны

Күздік көбелекті есептеу әдістемесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Күздік көбелек - Agrotis segetum.

Дүниесі: Animalia

Жамағаты: Arthropoda

Табы: Insecta

Сабы: Lepidoptera

Тұқымдасы: Noctuidae

Тегі: Agrotis

Түрі: A. segetum

Slide 4

Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді және дөңгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен жиектелген. Олардың екеуі сына тәрізді таңбаны кесіп өтсе де, қалған екеуі бүйрек тәрізді таңбадан төмен жатады. Артқы қанаттар ақшыл. Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ келеді және тарақ тәрізді. Қанаттарының өрісі 40-50 мм.

Slide 5 Slide 6

Күздік көбелектің даму фазасы.

Даму фазалары

Көрсетілген температурадағы даму ұзақтығы

Тиімді температураның жинағы ( °С )

Тиімді температура жинағының құбылуы( °С )

10°

20°

25°

30°

Жұмыртқа

13

8

4

3

70

64-75

Жұлдызқұрт

64

40

28

25

423

384-490

Қуыршақ

36

21

14

12

219

210-240

Толық генерация

113

69

46

40

712

675-794

Slide 7 Slide 8

Көбелектің таралу аймақтары.

Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында таралған.

Slide 9 Slide 10

Күздік көбелектің зияны.

Көбелек ұрғашылары арамшөптердің түбіне 400 - 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар тереңдігі 10 - 25 см топырақта қыстайды. Көктемде өсімдіктер көктей бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі, бау-бақша, т. б. өсімдіктердің көктеген және көшеттер отырғызылған кездеріне сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні, жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек және тамыр жемістілерді зияндайды.

Slide 11

Картопқа тигізер зияны өте көп.

Slide 12 Slide 13

Күздік көбелекті есептеу әдістемесі.

Күздік көбелектерге есептеу жүргізу мақсатында оларды бақылау үш кезеңге бөлінеді: көктемдік, жаздық және күздік бақылау.

Көктемдік бақылау күз кезінде көбелектің саны ең көп балған егістіктерге жүргізіледі. Топыарақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см. Нақты нәтижелерге жету үшін 50-ден кем болмайтындай жұлдызқұрттар жинайды. Жұлдызқұрттарды арнайы ылғалдандырылған топырағы бар ыдысқа салып, олардың даму динамикасына бақылау жүргізеді.

Жаздық бақылау жүргізу барысында дақылдар мен көкөніс алқаптарының кем дегенде 10% қамтылу қажет. Топырақ сынамасының тереңдігі 5см. 1м² жерде 0, 2 жұлдызқұрт табылған жағдайда зақымдану мөлшері әлсіз, 0, 4-0, 6-орташа, 0, 8- болған жағдайда жоғары болып саналады.

Күздік есептеу қыстап қалған жұлдызқұрттар санын білуге бағытталған. Олардың санын, жас мөлшерін және физиологиялық жағдайы анықталады. . Топыарақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см.

Slide 14

Қорытынды.

Күздік көбелектің ауыл шаруашылық дақылдарына келтіретін зиянында шек жоқ. Сол себепті біз еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін олармен кұрес шараларына аса назар аударғанымыз абзал. Жоғары деңгейлі агротехника, ауыспалы егістіктерді игеріп, өсіп-өну кезінде ылғалды ұстай отырып суғару, арамшөптермен күресу, химиялық, биологиялық препараттар мен биоагенттер қолдана отырып күздік көбелекті жоюға міндеттіміз.

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер.

Агибаев А. Ж, Тулеева А. К, Сулейменова З. Ш «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау», Алматы 2010

Ә. Т. Тілменбаев, Г. Ә. Жармұхамедова «Энтомология»

Cулейменова З. Ш «Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур », Астана, Фоллиант 2004


Ұқсас жұмыстар
Қырыққабат күйе көбелегі
Сабақ немесе жүгері көбелегі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Күнбағыстың қан көбелегі: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Қара денелілер: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕЛЕРІ
Бидайдың жер кө белегі
Астық қоңызы
Рапс жапырақ жемірі: биология,зиянды фазасы,таралуы есептеу әдістемесі
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz