Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі. Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ №2
Тақырыбы: Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі. Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу.
Орындаған: Абекова Т. Б.
ХН - 211
Тексерген: Лебаева Ж. Т.
Семей 2015 жыл

Жоспар
Байланыстырушы заттар туралы жалпы мағлұматтар
Минералдық (бейорганикалық) байланыстырушы
Органикалық байланыстырушылар және олардың негізіндегі материалдар

Байланыстырушы заттар туралы жалпы мағлұматтар
Байланыстырушы деп физико - химиялық процестердің нәтижесінде қатаюға қабілеті бар заттарды айтады. Қамыр тәріздіден тас тәріздіге айналған кезде тұтқыр зат тастарды немесе топырақ, гравий, щебень дәндерін өзара байланыстырып біріктіреді. Тұтқыр заттардың осы қасиеттері бетондарды, силикатты кірпіштерді, асбестоцементты және тағы басқа күйдірілмеген жасанды материалдарды; құрылыс ерітінділерді дайындау үшін қолданылады.
XX ғасырдың екінші жартысынан бері минералдық (бейорганикалық) байланыстырушы заттар шығару өндірістерінде елеулі прогрессивтік даму үрдісі болып келеді. Біріншіден, белгілі өндіріс технологиялары жоғарғы деңгейге жетілдірілді, екіншіден, байланыстырушы материалдар сапасы мен саны ұлғаюымен қатар түрлі жағдайда үйлер мен ғимараттардың пайдалануына сәйкес мықтылық шегі (маркасы) жоғары, нешебір агрессивтік жағдайға төзімді цементтер шығару әдістері қалыптасып, олармен құрылысшыларды қамтамасыз ету мәселесі қазіргі күндері толыгымен шешілген. Үшіншіден, қазір ТМД экономикалық кеңістігінде цемент өндіру көлемі жылына 130 млн. т. асады.

Минералдық (бейорганикалық) байланыстырушы
Минералды байланыстырушы заттар деп сумен немесе тұздар ерітіндісімен, оларды араластырған кезде жұмсақ жылжымалы қамыр беріп, кейін бірте - бірте физика - химиялық процестердің эсерімен қатайып тас қалпына көшетін ұнтақталған материалдарды айтады. Байланыстырушы заттардың бұл қасиетін түрлі құрылыс ерітіндісін, бетондарды, силикаттарды, асбест - цементті жэне сол сияқты материалдар мен бұйымдарды жасауда өте кең қолданады. Ең алдымен қатаю және түрлі қолайлы жағдайда қатайғаннан кейінгі мықтылығын сулы немесе құрғақ ортада сақтау қабілетіне сай минералдық байланыстырушы заттар ауалық және гидравликалық болып екі топқа бөлінеді.

Ауалық байланыстырушылар тек қана құрғақ ауада қатайып, тас сияқты күйіне көшіп жэне тек құрғақ ауада алған мықтылығын жоғалтпай сақтай алады. Бұларға ауалық әк, гипстер байланыстырушылары, магнезиялы байланыстырушылары, ерітілмелі шыны жатады.
Гидравликалық байланыстырушылар біраз алдын ала ылғалды ауада қатайғаннан соң әрі қарай су ішінде де қатая беріп, мықтылық шегін, тек құрғақ ауада қатайғандығымен салыстырғанда, едэуір ұлғайтады. Гидравликалық байланыстырушыларға жататындар: гидравликалық әк, романцемент, портландцемент, шлакты портландцемент, пуццолонды портландцемент, ақ портландцемент, түрлі-түсті портландцемент, пластифициалынған портландцемент, гидрофобты портландцемент, тез қатаюшы портландцемент. Аталғаң цементтердің барлығы портланцемент клинкері негізінде алынады. Ал, глиноземдеу клинкері негізінде глиноземдік, асаглиноземдік және гипсті - глиноземдік цементтер алады.

Органикалық байланыстырушылар және олардың негізіндегі материалдар
Органикалық байланыстырушылар дегеніміз қара немесе қара-қоңыр түсті, физикалық күйі бойынша қатты, қою-созымтал немесе сұйық болып кездесетін зат. Олар температура мөлшеріне байланысты өздерінің физика-механикалық касиетгерін өзгертуге қабілетті.
Әдетте, органикалық байланыстырушылар күрделі дисперсті жүйе құрайтын жоғары молекулалы көмірсутектерінің араласуынан және олардың оттегімен, азотпен, күкіртпен қосылған бейметалдық туындыларынан түрады. Бұл заттар тастың, қүмның, кірпіштің бетонның, ағаштың және тағы басқа көптеген қатты материалдардың бетімен берік ілінісіп ұстасады. Олардың су өткізбейтіндігі, созымталдығы және атмосфералық эсерге төзімділігі жоғары келеді. Органикалық байланыстырушы заттарға жататындар - битумдар және қарамайлар (дегталар) .

Битум
Табиғи битумдар жергілікті жиналған көл сияқты кездесуі мүмкін немесе олар тау жыныстарына (әк тастарына, доломиттерге, құмтастарына) сіңген қалпында болады.
Мұнайлық, демек жасанды битумдардың алынуы мұнайда немесе мұнайдан жанар және жағар заттарын алғаннан кейінгі қалдықтарын
өңдеу технологиясына негізделген.

Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі.
Керамика - деп keramike грек сөзі (keramos-саз деген сөзден шықкан) - қыш енері деген мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылгалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен калыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz