Металл есіктер, әйнектер өңдіру цехын кұру жөніндегі бизнес жоспар

Металл есіктер, әйнектер өңдіру цехын кұру жөніндегі бизнес жоспар

Орындаған: Қайсанов Р.Қ Тексерген: Есенбекова З.Ж

Кіріспе:



Металл есіктерді бүгін барлық жерде кездестіруге болады. Оларды офистардың немесе қандай да бір кәсіпорындардың кіреберістеріне ғана орнатпайды. Көптеген қалалықтар металл есіктерді пәтерлерінің немесе үйлерінің сыртқы есіктері ретінде де таңдайды. Металл есіктерді таңдау – үйлер мен жұмыс орындарын күтпеген қонақтардан ұзақ уақыт бойы қорғаудың бірден-бір тәсілі болып келді. Бұдан басқа, сауатты дайындалған металл есік орын-жайды сыртқы қоршаған ортаның әсерінен қорғауға көмектеседі. Осылайша, қазіргі заманғы металл есіктер адамдарды кіреберістердегі немесе даладағы жағдайлардан қорғай отырып, шудан қорғау және жылуды шығармау кедергісі рөлін де атқарады. Қазіргі уақытта металл есіктер нарығы серпінді өсу кезеңінен өтуде. Бұл ретте, қазір тек мықты металл есіктер жасап қана қоймай, сонымен қатар металл есіктердің өңделуіне қатысты тапсырыс берушілердің тілектерін де ескеру қажет. Металл есіктерді дайындау мен орнату тапсырыстарының саны өсіп қана қоймай металл есіктерді дайындау процесінде қолданылуы мүмкін материалдардың түр-түрі де өсуде.





Резюме:



Жобаның тұжырымдамасы Маңғыстау облысында металл есіктер, әйнектер өндірісі цехын ашуды қарастырады. Цех шығаратын негізгі өнім түрлері металл есіктер мен әйнектерге арналған металл торлар болады. Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне металл бұйымдардың басқа да түрлері қосылуы мүмкін. Жоспарланған цехтың нысаналы тобы өз өндірісінде шығарылатын өнімді пайдаланатын құрылыс ұйымдары болады. Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын жатқызуға болады.









Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар:
Шығыстар, мың теңге Негізгі капиталға инвестициялар Айналым капиталы Барлығы 2 012 6 613 5 304 11 917

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

 Образец текста Кредит валютасы теңге Пайыздық ставка, жылдық 12%  Второй уровень Өтеу мерзімі, жыл 6,0  Третий уровень Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын  Четвертый уровень Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3  Пятый уровень Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3 Өтеу түрлері тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері:

 Жылдық пайда (5 жыл), мың теңгеОбразец текста  Второй уровень Активтердің рентабельділігі Третий уровень



5 429 38%

Четвертый уровень


Пятый уровень

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы:


Кіреберіс металл есіктер – бұл өз үйіңді мүмкін қауіптер мен күтпеген қонақтардан қорғаудың үнемді, сенімді, сәнді тәсілі. Металл есіктер қалыпты ағаш есіктерді ауыстыра отырып көп уақыттан бері кеңінен қолданылып келеді, болат есіктер өзін барынша пайдалы жағынан көрсете келе бірден халықтың сеніміне ие болды. Ғасырлар бойы әйнектердегі металл торлар үйге бөтен адамның кірмеуіне қызмет етті, соңғы жылдары осыған ұқсас конструкциялар пайда болғанымен металл торлар өзектілігін әлі де жойған жоқ. Металл торлар пәтерді, офисті және коттеджді күтпеген жағдайлардан қорғаудың ең сенімді түрі деп саналады. Бұл ретте әйнек торлары үйдің ішіне ауаның және күн сәулесінің түсуіне кедергі жасамайды. Егер көлемі үлкен торкөздер (қауіпсіздік өлшеміне сәйкес) орнатылған болса, металл торлар әйнекке бөгет жасамайды



Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда:



Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы; Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;



SWOT-талдауы:
Мүмкіндіктер Сыртқы орта Қатерлер
 Образец текста Өндірістік қуаттылықты кеңейту.
 Второй уровень Шығарылатын өнімнің түр-түрін ұлғайту.

Ұқсас өнім шығару бойынша ірі өндірістер ұйымдастыру. 
Четвертый уровень
 Пятый уровень Импорттың үлесін ұлғайту (импорттық өнімді тұтыну үлесін ұлғайту).



Третий уровень

ПБасымдықтар Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану. Ішкі орта Табиғи шикізатты пайдалану. Кәсіпорынның жаңаруы (жаңа жоба). Кемшіліктер Шикізат бағасына тәуелділік.

Металл есіктер өндірісі технологиясы:


Құбырлық-бұрыштық технология бойынша дайындалатын болат есік электр доғалы дәнекерлеу арқылы дайындауды қарастырады. Өз кезегінде дәнекерлеуді пайдалану металдағы кернеудің жоғарылығына байланысты есік блогының формасына кері әсерін тигізеді. Егер металл есіктерге ауқымды құлып орнатылатын болса, онда оның технологиялық тесігінің ені 35 миллиметр болуы керек. Осы себептерге байланысты құбырлық-бұрыштық технология арзан есіктер өндірісі үшін қолданылады. Икемді-бейінді технология бойынша дайындалатын болат есік нүктелі дәнекерлеу әдісін қолдануды қарастырады. Бұл есіктің сыртқы бетін бұзбайды және металдың бұзылуына алып келмейді. Бұл технология есіктің салмағын көбейтпей-ақ оны қалың етіп жасауға мүмкіндік беруі жағынан құбырлық-бұрыштыға қарағанда барынша прогрессивті болып табылады. Осылайша, икемді-бейінді технология бойынша дайындалған металл есік барынша сенімді және берік болады.



Әйнектердің металл торларын өндіру технологиясы:


Қазіргі уақытта металл төселімдердің екі түрі бар: нығыздалған және дәнекерленген. Мұндай бұйымдар жаяу жүру жолдары, тиеу-түсіру алаңдары төселімдері ретінде өнеркәсіп және құрылыс объектілерінде кеңінен қолданылады. Нығыздалған төселімдер, әдетте болаттан, тат баспайтын болаттан немесе алюминийден жасалады. Дайындау тәсілі компьютердің көмегімен басқарылатын өндірістік желілерде негізгі жолақтардан кесінділер кесіп алынады да оның сыртқы беті аса жоғары қысыммен бірқалыпты нығыздалады – нығыздалған төселімдер қатарлас орналасқан негізгі жолақтарда дайындалады, оларға көлденең байланыстырушы жолақ орналасады. Барлық күшті негізгі жолақ көтереді, байланыстырушы жолаққа күш түспейді, ол негізгі жолақты тіркеп отырады. Өндірістің осындай технологиясы ұяшықтардың бір қалыпты және нақты құрылымын қамтамасыз етеді, нығыздалған торлардың жиектері немесе Т-түріндегі профильмен көмкеріледі. Дәнекерленген төселім болаттан жасалады және көлденеңінен байланыстыратын сымы бар қатарлас орналасқан негізгі жолақтардан тұрады. Бұл сымға жүк түспейді және негізгі жолақты тіркеп отыру қызметін атқарады, барлық күш негізгі жолаққа түседі. Негізгі жолақ және бұралған сыртқы сым тордың мөлшеріне сай кесіледі, көлденең сымдар 1000 kN қысымында негізгі жолаққа жапсырылады және 2500 KVA электрлі дәнекерлеуіштің көмегімен бір тұтас түрде дәнекерленеді. Дәнекерленген төселім металл профильмен көмкеріледі.





Ұйымдастыру құрылымы:



Образец текста


Второй уровень


Третий уровень


Четвертый уровень


Пятый уровень

Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні:
 

Жобаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу көзделген: жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді; металл есік өндіретін жаңа кәсіпорын құру; Маңғыстау облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі (8 млн. теңгеден астам).

 

 

Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады: - құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарының сапалы өнім – металл есіктерге, әйнектерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. Жобаны іске асыру нәтижесінде 14 жұмыс орны құрылады. Біліктілікті арттыру жоспарлануда. Шығындарға кадрларды оқыту шығыстары («Өзге де шығыстар» жолы) да салынған.



Қоршаған ортаға әсер:


Қоршаған ортаны ластауы мүмкін негізгі көздер лакпен бояу жұмыстары кезінде бөлінетін газдар, сондай-ақ төтенше жағдайлар (өрт, жарылыс) тәуекелдеріне байланысты шығарындылар болуы мүмкін. Оларға ұнтақ полимер бояуын пайдалана отырып импорттық жабдықтарды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Ұнтақ бояу учаскесін ұйымдастыру және пайдалану үлгі технологиялық процестің қоршаған ортаға залалсыздығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес келетін болады..

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь