Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцинадайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар.
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Орындаған :Сырымова. Б. Е
Вс - 303
Тексерген :Омарбеков Е. О.

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады.

Спецификалық дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гиперуммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрлі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.

Вирустық ауруларды арнамалы дауалау үшін вакциналар қолданылады.

Вакцина (лат. vacca - сиыр vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Вакциналарды енгізгенде малдарда өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатындық қабілет, яғни иммунитет пайда болады. Вакциналарды енгізгенде организм осы аурудың түрімен жеңіл ауырып тұрады және организмде иммунитет пайда болады. Вакцина енгізілгеннен кейін жануар денесінде вирустардың белокты кабықтарын байланыстырьш, артынан нейтралдайтын аитителалар көбейеді.

Өлтірілген вакциналар кемшілігі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде енгізіледі. Пайда болатын иммунитет көпке созылмайды. Малды қайталап еккен кезде аллергия болуы мүмкін. Кейде тірі қалған вирус бөлшектерінің әсерінен ауру қоздыруы да мүмкін. Сондықтан “өлтірілген” деген сөз шартты мағынада айтылады. Ол сөз микробиологиядан алынған. Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вирияндалардан тұрады.

Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады.


Аусыл. Шапшаң таралатын, жүқпалы және ауыр ауру. Аусылмен мүйізді ірі қара, шошқа, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адамдарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш - вирус. Жасанды қоректік ортада өспейді. Ол көбінесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А. О. С. деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен - үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-70°-та вирус бірнеше минутта, ал 100°-та бірден өліп кетеді. Төменгі температураға ол төзімді. Табиғатта бүл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тірщілігін жоймай сақталады. 2-3% күйдіргіш сілті ерітіндісі оған жойқын әсер етеді. Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және карантин ережелері қатаң сақталады.

Аусыл - вирустық ауру.

Аусылға қарсы вакцина

Құтыру, Жылы канды жануарлардың жүқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе иттер және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер т. б. ) жәңе адамдар ауырады. Міне құтырудың бүндай қаупі аурудың белгісі болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды да жасады. Аурудың қоздырғышы сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле-сала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Бұны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң біліне бастайды, ал вирус жүққан соң үй қояндары 15-20 күннен кейін ауыра бастайды. Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +50°-та бір сағаттан кейін, ал 60°-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттарда арнаулы антирабиттік вакциналар жасалып таратылады.

Алдын алу:
Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз) ;
Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан балаларды аулақ үстаңыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz