Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар жайлы ақпарат




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ
атындағы МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:
Ауыл шаруашылығында қолданатың бактериалды
препараттар

Орындаған: Садуан С.
Жоспар

Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану
Бактериялды препараттардың пайдасы
Бактериялды тыңайтқыш препараттар
Нитрагин
Азотобактерин
Фосфоробактерин
АМБ
Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық
шаралардың бірі — бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.
Бұл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы
топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп
дақылдар өнімділігін арттырады.
Бактериялды препараттардың пайдасы

Бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса
қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер,
түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді,
Микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту
нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға
және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша
қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің
нитрификация процесін жақсартатыны жатады.
Бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер
өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды
(мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния
ауруы азаяды, бәсеңдейді).
Бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге
байытады.
Бактериялды тыңайтқыш препараттар 

фосфоробакте
рин

нитрагин Торфты

Тыңайтқы
азотобактери
н
ш АМБ
препараттар
Нитрагин

Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бүршақ түқымдас
өсіімдіктердің зор маңызы • бар. Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік
ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы
бірінші рет Бейеринк жеке бөліп альш зерттеді. Оны бактериум радицикола деп
атады. Міне осы бактериялар бүршақ түқымдастарды азотпен камтамасыз етуде
елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат
даярланды. Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гекта-рына 2—3 -ге дейін, ал
шөп 50—60-ге дейін артатыны анықтал-ды. Сонымен қатар, б ұрша қ
тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің әрбір гектарында шамамен 20-
дан — 2000 /сг-ға дейін азот жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін е ғілген
өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген б ұрша қ
тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны байқалады. Б ұл
жерде оларға қажетті түйнек бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі.
Сондықтан бүршак түқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді
қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен саналады. Б ұл қосымша
өнімді 50%-ке дейін арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар к өп
жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудаидарда да, тұқымға әлсін- әлінитрагинді
жүқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін арттырады
Нитрагиннің пайдалы әсері

Нитрагиннің пайдалы әсері топырақ түріне байланысты. Әдетте
қышқыл топырақтар нитрагиннің пайдалы әсерін мүлде төмендетіп
жібереді. Сондықтан ол жерде -бұршақ түқымдас өсімдіктердің
егілгеніне карамастан түкыммен бірге нитрагинді қайтадан ендіруге тура
келеді. Түйнек бактериялары қышқыл топырақтарда (рН— 5,4) бес
жылға жетпей-ақ қырылып қалады. Сондықтан мұндай топырақтарды
алдын ала ізбестеу керек. Ол бактерия-ларға қолайлы жағдай жасайды.
Ал реакциясы нейтралды (рН— 7,0) топырақтарда олар жа қсы тіршілік
етеді. Бірақ мүндай топырақка да мезгіл-мезгіл нитрагин беріп т үру ға
тура келеді. Осы кезде дақылдардың гектарынан қосымша 20—25%-тей
өнім алуға болады. Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі
үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар. Ауыр, лайлы, әрі бал-шьщты
топырақтарда түқымға нитрагинді жүқтыру айтарлықтай нәтиже
бермейді. Ал, қарашірігі мол топырақтар бүл препараттың тиімділігін
арттырады. Отанымызда үзақ жылдар бойына жүргізіл-гөн (1958—1963)
тәжірибелер нитрагинді қолдану арқылы дақыл-дар өнімін молайтуға
мүмкіндік туатындығын толық дәлелдеді.
Азотобактерин

1901 жылы Бейеринк атмосферадағы молекула күйіндегі
азотты сіңіре алатын азотобактер микробын тапты. Ол
топырақта жеке, өз бетінше тіршілік ететін аэробты ор-
ганизм. Бүл микроорганизмдерді зерттеуші ғалымдар ауыл
шаруа-шылық дақылдарын азотпен қамтамасыз ету үшін,
олардан бакте-риялы тыңайтқыштарды әзірлеуді үсынды.
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану
мақсатымен Бүкіл одақтық ауыл шаруашылык
микробиология институты азо-табактерден тыңайтқыш
жасап шығарды және оны азотобактерин деп атады.
Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан бастал-ды.
Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын
заводтар әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып
келеді.
Агарлы азотобактериннің кемшіліктері

тыңайтқыштарды өндіру процесін механикаландыруға мүмкіндік
жоқ,
үш айдан кейін бактериялардың азайып қырылып қалуы,
тыңайтқышты қолдануды қиындатады,
еліміздің егіс даласына қажетті азотобактеринді даярлау үшін өте
көп мөлшерде бөтелкені керек етеді, төртіншіден — жер-жерге
тыңайтқышты таратқанда жолшыбай қолайсыз жағдайдың
болмауын қадағалау қажет.

Өйткені бактерия клеткалары қолайсыз жағдайға тап болса, қырылып кетуі
мүмкін.
Ауыл шаруашылық практикасында дақылдар тұқымын түрлі зиянкестерді ң
зақымдауынан қорғау үшін әдетте химиялық препараттармен дәрілейді. Б ұл
шараларды тұқымды азотобактеринмен өңдеуден бүрын жүргізу керек. Өйткені
түрлі химиялык улы заттар азотобактер клеткаларын қырып жібереді. Ал
азотобактер жүқтырылған тұқымдар тез арада себілуі тиіс.
Тұқымды өңдеуге арналған химиялық препараттардың ішіндегі
азотобактерге аса улы деп есептелетіні — гранозан. Біра қ оларды ң улылы қ
қасиеті дайындалған препараттардың концентрациясына байланысты болады.
Препараттын, концентрациясы артқан сайын олардың улылык қасиеті де артады.
Сондықтан тұқымға азотобактеринді жүқтырмас бүрын екі жеті
гексахлоранмен, 3—4 жеті гранозанмен өңдеу керек.
Фосфоробактерин

Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды және
минерал фосфаттарды өсімдіктерге онай сіңетін түрге айналдыруда
микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А. М е нк и н а топыра қтан
осындай микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус мегатериум
фосфатикум деп атады. Бұл бактериядаң фосфоробактерин деп аталатын
тыңайтқыш даярлана-ды. Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп,
топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы фосфордың 86%-тін
өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.
Фосфоробактериннің пайдасы

Фосфоробактериннің пайдалы әсері тәжірибеде анықталды.
Бүкіл одактық ауыл шаруашылық микробиология
институтының зерттеулері фосфоробактеринді қолдану
арқылы едәуір мөлшерде артык өнім алуға болатынын
дәлелдеді.
Фосфоробактерин оңтүстіктің қуаңшылық аудандарында да
жақсы нәтиже береді. Ал түқым мерзімінен кеш себіліп,
қүрғақ топыраққа түссе фосфоробактериннің пайдалы әсері
мүлде төмендеп кетеді. Сонымен, бүл тыңайтқыштын,
тиімділігі тұқымның дер кезінде себіліп, агротехникалық
шаралардың сайалы жүргізілуіне тікелей байланысты.
Фосфоробактериннің әсері әр түрлі топырақта түрліше
болады.
АМБ

«АМБ» бактериялы тыңайтқышы. Бүл
тьщайтқыш қарашірікті ыдыратьш,
өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын
топырақ микроорганизмдерінің бір тобынан
даярланады. Микроорганизмдердің осы
тобын, сол тыңайтқышты ұсынған Н. М.
Лазарев «Аухтотонды микрофлора «Б»
немесе қысқартып «АМБ» деп атаған.
Қышқыл батпақты, шымдыкүлгін және
күлгін рН көрсеткіші төмен топырақтар
түрлі микроорганизмдердің топтарына өте
кедей келеді де, оларда өсімдіктерге қажетті
қоректік заттар қоры жет-кіліксіз болады.
Осындай топырақтарды өңдегенде әкпен
бірге «АМБ» препаратын колданады. Бұл
қарашіріктің микробиологиялық жолмен
ыдырауын тездетеді, сөйтіп өнімділікті
арттыруға көмектеседі.
«АМБ» препаратын жергілікті жерде пайдалану

«АМБ» препаратын жергілікті жерде пайдалану өте оңай. Б ұл
ушін шымтезек топыраіқты тұқым себерге бір ай қалғанда
даярлап қою керек. Даярланған шымтезектің бір тоннасына 1
ц ұнтаіқталған ізбес немесе фосфорит үнын қосады. Бұған
1 /сг-дай сүйық «АМБ» препаратын құйып, жақсылап
араластырады. «АМБ» препаратын Ленинградтағы ауыл
шаруашылык микробиология институтынан алуға болады. Осы
қоспаны оның жалпы ылғал сыйымдылығының 50%-ке
жеткенше сумен шылайды да жылы бәлмеге қалыңдығын 70
—80 см етіп, жайып тастайды. Аптасына екі рет тыңайт қышты
араластырып қояды. Ол құрғай бастаса, ептеп су бүрку керек.
Үш жұма өткеннен кейін тыңайтқыш даяр болады. «АМБ»
препаратын қолданатын маусымда ғана даярлайды.

Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында колданатың бактериалды препараттар
Биологиялық препарат түрлері
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар жайлы
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат
Бактериалды биопрепараттар. Сипаттамасы
Биотехнология өндірісі
Гендік - модификацияланған ағзаларды алу
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу БоксУилсон әдісі
Топырақ экологиясы
Пәндер