Қайым Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Пән: Қ. Мұхамедхановтану

Тақырыбы: Қайым
Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы.

Кілт сөздер: Қайым Мұхамедханов, мұражай, әнұран, диссертация, аударма, ғалым, «Алаш арыстары», Абай мұражайы,

Жоспар:
Қайым Мұхамедханов өмірі.
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі рөлі.
Қайым Мұхамедханов алғашқы әнұран авторы.

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы «Заречная Слободкада» (қазіргі Жаңасемейде) дүниеге келді.

Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы, Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы силығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Қ. Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941) . Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.

Әдебиет пәнінің мұғалімі, 1947-1951жылдары Абай мұражайының директоры қызметін атқарды.

1917-1918 жылдарда М. Әуезов пен Ж. Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған «Абай» журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады.

1951 жылы
«Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған.

Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді.

Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады:
1. Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері («Қаракерей Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Орынбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т. б)
2. XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М. Ж. Көпеев) .
3. Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен ғылыми еңбектері
4. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары.
5. Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ы. Мұстамбаев, Т. Хасенов) .
6. Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І. Жансүгіров, Ә. Марғұлан, Ж. Шалин, Е. Смайлов, М. Сералин, С. Ғаббасов және т. б. )
7. Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И. Крылов, А. Пушкин, Ю. Лермонтов, Л. Толстой, А. Мицкевич, Т. Шевченко, Лу Синь, Ғ. Тоқай, И. Борганский, Х. Файзханов және т. б. )

Аудармалары:
Әзірбайжан драматургі
У. Гаджибековтың «Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің «Бишара Лизасын» қазақ тіліне аударды.

«Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды.

Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына,
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске
Данышпан партия - сүйікті кемеңгер.
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бақытқа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі. Қайым Мұхамедханов небәрі 27 жасында-ақ Кеңестік Қазақ елінің тұңғыш Әнұранын жазды.

Қайым Мұхаметхановтың Семейдегі ескерткіші.

Қорытынды:
Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұхамедханұлы.
Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі - Қайым Мұхамедханов мұрасы бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым мұрасы - аса ыждахатты зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Әлі де ашылмаған тұстары бар екенін бәрі де баса айтады. Ұрпақ өзінің ұлттық мәдениетін жандандыру тұсында, Қайымның асыл шығармаларын оқып, оқып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адалдық, азаматтық, жайында жазған шығармаларына тереңнен бойлау, өзіндік талдау жасау, іздену- біздің міндетіміз. Жан-жақты дамыған жеке тұлға боламыз десек ұлттық рухани тәрбие берерлік, патриоттық, адамилық қасиетке бай шығармалары бар Қайым шығармаларын оқиық.
Қайым Мұхамедханов өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін қадағалап, қолынан келгенше бір әріпінің бұрмалануына жол бермеуге тырысты. Қайым мұрасының зерттелуі заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.

Ұсыныс:
Кітапханаларда . ғаламтордың өзінен Қайым Мұхамедханов туралы деректер аз, оның өзі қайталанып келеді. Осыған қарап Қайым мұрасын әлі де зерттеуді қажет ететіні байқалады.
Сол себепті, осы олқылықтарды жою үшін өз ұсыныстарымда ұсынамын:
1. Қайым Мұхамедханов туралы оқушыларды ғылыми зерттеу бағытында ізденуге шақыру, Қарлагтағы тағдыры, Алаш қайраткеллері туралы зерттеу еңбектері, өлеңдері жайлы зерттеу жүргізу;
2. Қайым Мұхамедханов туралы әлі де іздену зерттеу насихаттау жұмыстарын баспасөз арқылы жүзеге асыру;
3. Ұлттық патриоттық сезімді бала бойында отбасынан бастап қалыптастыру жолдарын қарастыру;
4. Қайымтану курстарын ашу:
5. Алаш қозғалысы тарихы, Қайым Мұхамедханов туралы мәліметтерді жинақтап, сұрыптау, насихаттау;
6. Қайым оқуларын жоғары сынып аралығында өткізіп отыру:
7. Қ. Мұхамедхановтың еңбектерін мектеп кітапханаларында санын көбейту, оған әр түрлі іс-шаралар арқылы оқырман қауымын қызықтыру;
10. Қайым оқуларын, конференцияларын өткізу.

Графикалық кескіндеме
Фотосуреттер интернет желісі : «google», яндекс сайттарынан алынған.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия. -Алматы, 1989. - 442 б.
2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары. - Алматы: Жазушы, 1987. - 423 б.
3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат. -1995. - 7. -1 б.
4. Мұхамедханов Қ. М. Дулатов // Қазақ әдебиеті. - 1989. -18 август.
5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан. -1995. -9 тамыз
6. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы. -1996. -16 қаңтар.

Топ: Қя-319 с, 3 курс
Орындаған: Жырымова Гүлнұр
Пән оқытушысы: Жүндібаева Арай Қанапияқызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Пән: Қ. Мұхамедхановтану

Тақырыбы: Қайым
Мұхамедханов және оның замандастары.

Кілт сөздер: замандастар, М. Әуезов, ғалым, Әрхам Кәкітайұлы.

Жоспар:
Қайымның замандастары.
Қ. Мұхамедханов пен М. Әуезов.

«Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, Қайым аға бір көрген кісіні жылы шырайымен баурап алатын. Танысып, білісіп, әңгімелері жараса кеткенде көп жылғы дос-жолдастарша шүйіркелесетін. Оның үйінде кейде бірлі-жарымды, кейде топтап мейман болмаған күн сирек шығар. Қызметтестері, шәкірттері, оны-мұны шаруамен шалғайдан іздеп келгендер . . . Көбінесе бүгінде тарихта аты қалған жайсаңдар: атақты балуан Қажымұқан, жазушы Всеволод Иванов, ақын Естай жиі келетін. М. Әуезовпен қарым-қатнасы өз алдына, Жамбыл, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Марғұлан, А. Жұбанов, Ж. Саин, Е. Ысмайылов және басқалармен араласты. Алыс-жақын қалаларда, жазушылар қауымының Кавказ бен Қырымдағы, Мәскеу төңірегіндегі шығармашылық үйлерінде, санаторийлерде Фархинұр екеуі болғандарында қалмақ әдебиетінің классигі Д. Құғылтиновпен, әйгілі орыс әртистер Е. Моргунов, С. Мишулин, Е. Миронов және басқалармен небір көңілді сәттерді бірге өткізді. Көркемдеп жазылған тартымды, дәлме-дәл деректі хикаяға бергісіз естеліктерінде сол бір күндер жайында шерткен сыры бар.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz