ҚР Қаржы жүйесі


Slide 1

ҚР Қаржы жүйесі

Тексерген: Токсеитова А. С

Орындаған: Байдолдина Ш. Е

Slide 2

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда - мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т. б. ) жиынтығы.

Slide 3 Slide 4

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және басқа қызметтерді атқаруға жұмсалады.

Slide 5

мемлекеттік бюджет; бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік несие.

Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:

Slide 6

Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз - мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің орталықтандырылған бюджет қорын құру

Мемлекеттік несие - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты.

Slide 7

арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар бюджеттен берілетін субсидиялар қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары

Бюджеттен тыс қорлардың негізгі қалыптасу көздері мыналар:

Slide 8

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің бөлігі ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады.

Slide 9

Коммерциялық Коммерциялық емес

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қызметтің сипаты бойынша :

Slide 10

Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функцияларды орындауға бағытталған.

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Slide 11

Үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.

Slide 12

1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнеақылар, жәрдемақылар және т. б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады. 2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді.

Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты біріктіреді:

Slide 13

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесі
Қаржы нарығының негізгі қатысушылары
Мемлекеттік каржы несие жүйесі және салық саясаты
Атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру
Қаржының мәні,функциясы,жүйесі
Ислам банкингі
Орталықтандырылған қаржы
Қаржы саласындағы мемлекеттік басқару мен жоспарлау
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Салық және салық салу курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz